8-сынып Қазақ тілі 1-тоқсан бойынша №1 жиынтық бағалау тапсырмалары
Мақсаты:
Тыңдаған мәтіннің ерекшелігін аңғарып, орфографиялық және пунктуациялық ережелерге сай сауатты жазу машықтарын байқау.
Жай сөйлемдерден алған білімдерін талдау тапсырмалар арқылы тексеру.
Диктант
Қарлығаш би
Алдынан Шайхан Тәуір көрінді. Шайхан Тәуір тасасынан күмбезі істіктеу, биіктігі он бес - он алты метрдей мазар асқақтайды. Ол әйгілі Төле бидің күмбезі екенін Рысқұлов біледі. Өзінің арғы бабасы екенін де біледі.
Рысқұлов Төле бидің күмбезін сонау он бесінші жылы Ташкентке оқу іздеп әдейі барып көріп еді. Күмбездің маңдайшасындағы арабша «Қарлығаш би» дегенді оқып, таң қалған. Сөйтсе, Төле биді мұндағы ел «Қарлығаш би»деп атайды екен. Демек, онда Қарлығаш құстың қасиеті болғаны да. Өрт шалған халқына қарлығаш сияқты қанатымен су себелеп, шырылдап өткен бір сабаз. (146 сөз)
( Ш. Мұртаза. )
Грамматикалық тапсырма:
«Төле бидің, , құстың қасиеті» сөздеріне морфологиялық талдау жаса.