9. Бастауыш мектепте еңбекке оқыту бойынша сыныптан тыс жұмыстардың түрлері



бет1/3
Дата06.09.2023
өлшемі19,56 Kb.
#106330
  1   2   3

9.Бастауыш мектепте еңбекке оқыту бойынша сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Сыныптан тыс жұмыстарда балалар спорттық, жасампаздық немесе рөлдік ойындарға қатысады. Бастауыш мектепте рөлдік ойындарға ерекше орын беріледі. Бұл жастағы балалардың ойын іс-әрекеті әрдайым жасампаз болады. Ойында балалар өздерін еліктіретін белгілі бір өнегеге ұқсап бағады. Сондықтан мұғалім балалар ойынына мұқият қарап, олардың орынды өнегеге еліктеуіне жәрдем етуі керек. Оқушылардың ойын іс-әрекетінің құндылығы оның барысында түрлі қиындықтарды жеңуінде, өз тәртібін басқаратынында, батыл, жігерлі және орнықты бола алатындай ойын ұйымдастырылса, ойын өмір мектебі, өз құрдастарының ұжымына еңбек және қарым-қатынас мектебі бола алады. Ойын ұжымшылдық сезімді, баланың бастамасын бекітеді. Сыныптан тыс жүргізілетін іс-шаралар оқушының қызығушылығы мен қабілетіне байланысты бірігіп, шағын топтарды құрады. Кейбір үйірмелер әр түрлі жастағы оқушыларды біріктіретіндіктен мұғалімнің әр түрлі тәсілдерді қарастыруына тура келеді.Қазіргі кезде қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге байланысты сыныптан тыс уақытта жүргізілетін үйірме жұмыстарының мазмұны кеңейе түсті. Мысалы, бүгінгі қоғамдағы ғылыми- техникалық білім мен шет тіліне деген қызығушылық пен сұраныстың артуына байланысты үйірме жұмыстарын жан-жақты пайдалануға жол ашылды. Сонымен қатар, компьютерлік жаңа технологияға байланысты оқушылардың техникаға деген қызығушылығы арта түсті. Үйірме жұмыстары арқылы компьютерлік ойындар, әртүрлі бағдарлама құрастыруды үйрету арқылы оқушының компьютерлік сауаттылығын аша отырып , оны жоғары сыныптарда пайдалану негізі қаланады, бірақ бұның да кері әсері бар. Балалар компьютерге еліктеп, еңбек етуге еш қызығушылықтары болмайды.Осының салдарынан қазіргі кезде біздің елімізде еңбек тек ересек адамның меншігіне тиіп, балаларды тәрбиелеудегі маңызы төмендеп кеткен. Баланың санасында еңбекке деген немқұрайлы көзқарас тудырып, еңбекке икемсіздігін, төзімсіздігін байқатуда .Сондықтан жас ұрпақты еңбекқорлыққа тәрбиелеудің алғышарттары отбасынан, балабақшадан басталып, мектептің бастауыш сатысында еңбекке баулу пәні бойнша сыныптан тыс жұмыстар арқылы, яғни еңбекке баулу үйірмесі арқылы жалғасын табады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет