Дүниеге көзқарас мынадай бөлімдерден тұрады: Сенімділік. Құндылықтар. Идеалдар



Дата03.11.2022
өлшемі14,73 Kb.
#47182
Байланысты:
1-тапсырма


Орындаған:Ораз Бекарыс Азилханулы
Сұраққа жауап:
1. Дүниеге көзқарас мынадай бөлімдерден тұрады:
Сенімділік. Құндылықтар. Идеалдар. Нанымдар. Тіршілік нормалары. Мифологиялық көзқарас. Діни көзқарас.
2. Мифологиялық көзқарас — ертедегі қоғамның даму сатыларының алғашқы кезеңдерінде қалыптасты. Ол дүниенің, жануарлардың, адамдар тегінің пайда болуы, әлемнің жаратылысы, табиғат құбылыстарындағы апаттардың себептері туралы, қоршаған әлемде өз орнын айқындау жәйлі алғашқы түсініктердің, аңыз-әңгімелердің ең бірінші тарихи үлгісі.
Діни көзқарас. Дүниеге көзқарастың тарихи екінші үлгісіне (типіне) дін жатады. Діни көзқарас ертедегі қоғам дамуының жоғарғы сатыларында құрылды. Дүниеге діни көзқарас мифология сияқты, ақиқатты фантастикалық түрде бейнелеумен қатар табиғаттан тыс күштердің бар екендігіне сендіруімен ерекшеленді. Жаратылыстан тыс күшке сену — діни дүниетанудың негізі. Мифте адам өзін табиғаттан бөлмейді, құдайлар табиғи «жер» әлемінде өмір сүреді, адамдармен қатынасады. Мифтік бейне өзінен-өзі анықталған, сол себептен сенімге мұқтаж болмайды. Діни сана әлемді екіге бөледі: бірі «жер» әлемі, сезім мүшелеріне ғана берілген, табиғи, енді бірі «аспан», табиғаттан тыс, ең сезімді әлем.
3. Дүниеге көзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Дүниеге көзқарас - дүниені түсіндірудің,оны бағалаудың принциптері мен әрекеттері. Дүниеге көзқарас нанымнан,сезімнен,танымнан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет