9-ДƏріс тақырыбы : Əдебиеттің тектері мен түрлері Жоспар



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі111,77 Kb.
#6753

9-ДƏРІС 

 

Тақырыбы

: Əдебиеттің тектері мен түрлері 

 

Жоспар



 

1. Жанр туралы түсінік. 

2. Əдебиеттің тегіне қарай бөлінуі. 

3. Түр дегеніміз не? 



 

1. Жанр туралы түсінік. 

Əдебиеттегі  «тек»,  «түр»,  «жанр»  ұғымдары  бірімен-бірі  тығыз 

байланысты  мəселелерді  белгілейді.  Алайда,  қазіргі  таңға  дейін  осы 

ұғымдардың жалпыға ортақ қалыптасқан анықтама, шекарасы жоқ. Біреулер, 

сөздің  түпкі  мəніне  сүйене  отырып,  «əдебиеттегі  тек»  дегеннің  орнына 

«жанрды»  пайдаланып,  оның  түрлі  қолданыстағы  үлгілерін  түр  жəне  сол 

түрлердің  алуан  түрлілігі  деп  таниды.  Келесі  біреулерлің  пікірінше,  «тек» 

ұғымы  ретінде  бейнелеу  тəсілдері,  яғни  эпикалық,  лирикалық,  драмалық 

тəсілдер  түсініліп,  «түр»  мағынасында  эпикалық,  лирикалық,  драмалық 

əдебиеттің алуан формалары (роман, ода, комедия) қолданылады да, «жанр» 

ұғымы  əдебиеттегі  түрлердің  əрқилы  үлгілері  (тарихи  роман,  сатиралық 

комедия, саяси ода) ретінде көрінеді. 

 

Жанр-нақты  тарихи  түр.  Бұл  сайып  келгенде,  əлеуметтік-экономикалық 



факторларға  да  тəуелді.  Қазақ  эпосы  бір  кезде  батырлар  жыры  түрінде 

көрінсе,  кейін  аралық  сипаттағы  лиро-эпосқа  көшті;  одан  келе  жанрлық 

табиғатын мүлде жаңартқан жаңа сападағы поэмаларға ауысты.  

 

Дүние  жүзілік  əдеби  дамуға  көз  салсақ,  абсолютизм  дəуірінде  ода  қріс 



алса,  капитализм кезінде шыншыл  роман  туа  туа  бастағанын  көреміз. Мұны 

да тегінен-тегін деуге болмайды.  

 

Əдеби  тек  ұғымының  болмысы  өте  күрделі.  Ол  ұғымның  тарихи 



сипаты  терминін  анықтаудағы  шартты  пікірлермен  байланысты.  Əдебиетте 

үш  тек  бар,  олар:  эпос,  лирика,  драма  болып  үшке  бөлінеді.  Тек  дегенімізді 

жанр  ұғымымен  тең  саналып  жүрген  кезде  болды.  Оның  сөз  этимологиясы 

мен көркемдік тəжірибе ұйғарымының табиғаты алуан.  

 

Жанрдың түрлеріне: роман, повесть, өлең, поэма, трагедия т.б. жатады. 



Əр  терминнің  психологиялық,  лингвистикалық  аясы  бар.  Əдеби  тектің  өзі 

өлең сөзбен қара сөзге ортақ екенін айта кеткен жөн. Эпос, лирика, драманың 

əрқайсысының  өзінің  шығу  тегі  бар.  Осы  кезде  тұрмыс-салт  жырлары  мен 

өнердегі санкертизм терминін де байланыстыру керек. Эпос тегі – ол өткенді 

баяндау. Мұнда уақыт алшақтығы авторлық талғам жəне адамның ішкі өмірі 

үлкен шабытпен суреттеледі.  

 

2. Əдебиеттің тегіне қарай бөлінуі. 

 

Эпикалық  шығармада  адамның  өмір  жолы  кеңінен  баяндалады,  оның 



басынан  кешкен  тағдыр  мен  тіршілік  толық  жинақталады,  ол  қатысқан 

оқиғалар  молынан  суреттеледі,  ол  жасаған  іс-əрекеттер  тұтас  бейнеленеді, 



сайып  келгенде,  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастар  əр  қырынан  айқын 

көрсетіледі.  Баяндаушы  тұлғасы  –  баяндаушы  монолог  арқылы  көрінеді. 

Эпоста  баяндаудың  эмоцианалдық  сипаты  басымырақ.  Өйткені  əңгімеше 

феномені  эпостағы  кең  ауқымдылық  пен  оқиғаның  молдығынан  көрініс 

береді.  

 

Драманың  ерекшелігі  сахнада  қойылады  да,  ол  əрекет  құдіретімен 



өзгешеленеді.  Шындықты  айрықша  тəсілдерімен  синтез  қалпына  келтіріп, 

шиеленіскен тартыстар үстінде жинақталып, оқиғаға қатысатын адамдардың 

сөзі  мен  ісі  арқылы  көрменнің  көз  алдына  қолма-қол  көрсетіледі. 

Драматургиялық  шығарма  тек  қана  қатысушылардың  сөздерінен  құралады. 

Шындық  пен  образ  тек  қана  диалог  пен    монолгқа  негізделеді.  Сахнада 

сөйлеткен тек персонаж ғана, автор сахна сыртында қалады. Яғни бұл кезде 

автор  дəрменсіз.  Демек  драмадағы  ең  басты,  ең  шешуші,  ең  негізгі    нəрсе  – 

тіл.  Пьесаның  күштілігі  де  əлсіздігі  де  тілде  жатыр.  Əр  сөз  мірдің  оғындай 

өткір, көздеген жерге дер етіп тиердей  дəл, көкшеге саулап құйылардан таза, 

мөлдір, санаға мықтап дарығандай мағыналы, мəнді болып келуі тиіс. Драма 

тілі  қысқа,  тұжырымды,  түйсінді  болуы  тиіс.  Драмадағы  шындық  көркемдік 

шешімімен көрінетін, оның тек сахнада табылатыны. Драмадағы хал- күйдің 

аяғы    -  пьесаның  шешімінде,  шиеленіскен  оқиғалардың  соңынан  ақырғы 

актіде  келеді.  Тартыстың  немен  тынғанын  көрсетеді.  Суретші  əрекеті  əдеби 

негіздің салмағы.  

 

Лирика  –  шындықты  адамның  ішкі  көңіл-күйіне  бөлеп,  онымен 



сезіміне  астастыра  суреттейтін  терең  психологиялық  шығармалардың  түрі 

болып  табылады.  Жекелік  сана  мен  сезім  көріністері  көңіл  күй  ахуалы 

арқылы лирикалық əсер береді. Лирикалық əсер лирикадағы сыртқы əлеммен 

ортақ  бір  құбылыстың  нышаны.  Эпикалық  шығармалар  көбінесе  сюжетке 

құрылса  лирикада  сюжет  болмайды.  Көлемі  жөнінен,  эпосқа  қарағанда 

əлдеқайда  ықшам,  яғни  шағын  формалардың  ұтымдылығына  құралады. 

Лирикалық  экспрессияның    синтаксистік-ырғақтың  құрылымы,  оның  əсерлі 

тұтастығымен əнге ыңғайлас сипатының басым болуында.  

 

Лириканың  бас  қаһарманы –  ақынның өзі.    Ақын  көкірегіндегі  сезім – 



оқырман сезімі, ақын көңіліндегі сыр оқырман сыры  болады да шыға келеді. 

Лириканың  күші  -  əсерлілігінде,  лириканың  күші  –  баяндауда  емес, 

суреттеуде    жатады.  Лирикалық  сезімнің  шарттылығы  лирикалық  сезімнің 

шарттылығы  лирикалық  ой-түйінін  ықпал  етеді.  Шартты  түрдегі  қосымша 

əдеби тектер, очерктер мен жолжазбалардағы шынайлық автор толғаныстары 

арқылы  беріледі.  Ой  мен  əсер  хаосы  «сана  тасқыны»  əдебиетінде  жақсы 

сипатталады.  Лирикада  көбінесе  эссе  формасындағы  туындылар  көп 

кездеседі.  Философия  мен  публицистика  бірлігінде  көзқарас  пен  жинақтау 

ыңғайының басымдылық бірлігінен сезіледі. 

 

3. Түр дегеніміз не? 

 

Əдеби  түр  -  əдеби  тек  аясындағы  поэтикалық  құрылымының  тұрақты 



типі. Əрбір əдеби тектің өзіне тəн əдеби түрлері бар. Мысалы, эпостың негізгі 

түрлерəне  –  эпопея,  роман,  повесть,  əңгіме,  поэма,  лирикаға-баллада, 



идиллия, сонет т. б, жатады.  

 

Шығарма  түрін  анықтауда  белгілі  бір  тұстарда  көлемнің  де  маңызды 

роль атқаратыны рас. Алайда шығарманың түрін анықтауда тек қана көлемге 

ден  өою  жаңсақтыққа  қрындырады.  Сол  себепті  əдеби  түрлердің  бəріне 

болмаса  да,  кейбəрəне  назар  аударып  өту  артықшылық  етпесе  анық.  

Эпостың негізгі түрлерінің бірі – тарихи тамыры əріден басталатын – эпопея.  



 

Эпопея  өзегі  –  барша  халық  қмірі  үшін  аса  маңызды  қткен  күндер 

оқиғасы. Эпопея өз аясына кейіпкерлерлі молынан қамтиды. Өткенді баяндай 

отырып,  бұл  оқиға,  бір  жағынан,  өзінің  сол  тұстағы  мəнін  де  жоғалтпайды; 

оқиғаның ақиқат екендігі тұтас күйінде де, жекелеген бөлшектер бейнесінде 

де  күмəн  тудырмады,  əңгімелеуші  де,  оның  тыңдаушылары  да  оқиғаның 

ақиқаттығына  да,  оған  деген  өздерінің  көзқарасының  дұрыстығына  да  шəк 

келтірмейді.Эпопеяның  бас  қаһармандарына  əрекет  еркіндігі  мен  əрбір 

əрекеті үшін халық алдындағы жауапкершілік тəн болады.   

 

Роман



 – деген сөз,-дейді Пушкин,- ойдан өрбіте баяндалған тарихи дəуір 

ұғымын  береді.  Белинский  де  романды  «жаңа  дəуір  эпопеясы»  деп 

түсіндірген  болатын.  Ал  дəуірлік  шындықты  көркем  жинақтау  үшін 

жекелеген  Адам  тағдыры  жеткілісксіз,  əр  алуан  əлеуметтік  топтардың  қым-

қиғаш күрделі қарым-қатынастары, олардың мақсат-мүдделеріндегі бірліктер 

мен қарама-қарсылықтар, өмір тіршіліктеріндегі өзекті оқиғалар мен кезеңді 

құбылыстар  кең  қамтылып,  терең  тұтастырылуға  ,  сол  арқылы  жалпы 

қоғамдық жамудың заідылықтары танытылуға тиіс. Романның көлемі үлкен, 

мазмұны қат-қабат, сюжеті мен композициясы орасан күрделі болу себебі де 

осыған байланысты.  

 

Повесть

  –  романға  қарағанда,  қамтылатын  материал  көлемі  шағын 

болып  келеді.  Алайда,  повесте  қамтылған  мəселе  барлық  қырынан  дерлік 

мұқият қарастырылып, мейлінше айқын суреттеледі. Сонымен бірге, повесте 

автордың  өзі  бейнелеп  отырған  құбылыстарға,  адамдар  бейнесіне  деген 

көзқарасы  анағұрлым  күшті  сезіледі.  Яғни  повесте  субьективтілік  элемент 

басым танылады.  

 

Повесте,  əңгімедегі  сияқты,  ауызша  баяндауға  тəн  белгілердің  де 



сақталатыны  бар.  Сонымен  бірге  кейіпкердің  дамуы,  ортаның  адамгершілік, 

əлеуметтік,  экономикалық  жағдайы,  жеке  Адам  мен  қоғамның  өзара 

байланысы да бейнеленеді.  

 

Повесть



  –  ауызша  əігңмелеу  мен  жазбаша  баяндау  дəстүрлерін, 

фантастика  мен  атрихи  дəлдікті,  ақиқат  өмірді  еркін  бейнелеуге  бейім 

ауызекі  əңгіме  түрң  мен  өмір  шындығын  поэтикалық  жинақтау  əдістерін  өз 

бойына бірдей тоғыстырған əдеби түр. 

 

Əңгіме

  –қиын  жанр.  Алдымен,  көлемі  шағын.  Ол-жазушыдан  барынша 

жинақы болуды талап етеді. Содан соң, оқырманды бірден үйіріп əкету үшін, 

сол  шағын  көлемдегі  өмір  эпизодының  өзі  соншалық  тартымды,  сюжет 

желісі  қызғылықты  болуға  тиіс.  Сюжетке  ене  бастаған  бете-ақ  оқырманның 

көз  алдына  іші-сыртын,  мінез-құлқын,  іс-əрекетін  аттаған  сайын  аңғартып, 

адам келе бастауы керек 

 

Əңгіме - əдемі дүние: жауынгер, ұшқыр, өмір құбылыстарына шұғыл үн 



қосқыш оқушысын тез тапқыш, өткір, икемді, сүйкімді жанр. 

 

Поэма

 - өлеңді повесть, қмірде болған, не боуға тиіс күрделі құбылыстар 

мен  келелі  оқиғаларды,  алуан-алуан  адам  тағдыры  мен  заман  шындығын 

көлемді,  желілі,  эпикалық  не  лирикалық  сипаттағы  өлеңмен  суреттеу. 

Поэмалар  түрлі-түрлі:  сюжетті  поэмалар  да,  сюжетсіз  поэмалар  да  болады. 

Поэмаларда  жасалатынын  адам  образдары  да  əр  алуан:  эпикалық  образ  да, 

лирикалық образ да, романтикалық образ да, реалистік образ да болады.  

 

Баллада

-  лиро-эпостық  сипаттағы,  шағын  сюжетті  өлең.  Мұнда  ақын 

өзінің  көңіл  күйін,  толғанысын  жырлап  қана  тынбайды,  солсезімді  туғызған 

себептерді  оқиғаға  айналдыра  суреттеп  көрсетеді.  Балладаның  мазмұны 

көбіне тарихи шындық, оқшау фантастикалық хал, ерлік əрекет болып келеді.  

 

Идиллия

  -  əлдебір  парықсыздау  салтанат,  қаракетсіз  қызық,  уайым-

қайғысыз  қызғылт  өмір  туралы  жыр.  Идиллиялық  өлеңнің  тақырыбы  –  мал 

баққан,  шөп  шапқан,  егін  салып,  балық  аулаған  адамдар  тұрмысы,  олардың 

сұлу табиғат құшағында өтіп жататын той-думаны, сауық-сайраны.  

 

Сонет

  –  арнулы  қлшеммен,  əр  түрлі  тақырыпқа  жазылатын  сыршыл 

өлең;  ХІІІ  ғасырда  Сицилияда  туған.  Данте,  Петрарка  кқп  жазған,  кейін 

Батыс  Европаның  басқа  елдеріне  кең  тараған;  классикалық  үлгілерін 

Шекспир жасаған.    



 

Эпостың туу, қалыптасу тарихы тым əріге, адам санасының алғаш ояну 

дəуірлеріне  тамыр  тартып  жатыр.  Қай  халықтың  болсын,  баяғы  бабалар 

заманынан  бермен  қарай  ауыздан-ауызға  таратып,  ұрпақтан-ұрпаққа  мұра 

ғып  қалдырып  келе  жатқан  əдеби  туындыларының  дені  –  эпостың 

шығармалар. Олай болса, эпос – көркем творчествосының ең бір егде, етене, 

кеі  тынысты,  кəмелетті  т.рі.  Бұл  тарихты  шолу  түрінде  болса  да  ойға 

орнықтырмай тұрып, эпостың жанрлық сыр-сипатын түсіну қиын.  

 

Эпостық  шығарманың  арқауы  –  автор  үшін  «ішкі»  субьективтік 



шындық емес, «сыртқы» обьективтік шындық, - жекелеген адамдардың көңіл 

күйі  ғана  емес,  күллі  халықтың  тұрмыс-тіршілігі,  тарихи  тағдырлары  мен 

ұлттық  даму  заідылықтары.  Осыдан  келдеі  де  дəуірлік  құбылыстар  мен 

қоғамдық қатынастарды көркем жинақтаудағы жұртқа мəлім эпикалық құлаш 

деген ұғым шығады. Бұл – эпосқа тəн айрықша сипаттардың бірі.   

 

Адамның 



көңіл-күйінен 

туатын 


лирика 

мен 


қимыл-əрекетəне 

негізделетін  драмадан  эпостың  айырмасы  –  мұнда  шындық  кең  көлемдегі 

баяндау,  əңгімелеу  арқылы  жинақталады.  Сонда  эпикалық  шығармадағы 

авторлық  суреттеу  мен  қаһармандардың  диалог-монологтары  –  эпостық 

баянды жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тəсілдері ғана. Мұны Горький 

де  айтқан-ды.  Ал,  Белинский  эпикалық  шығарманың  тағы  бір  ерекшелігі 

ретінде, мəселен, драмадағы басты нəрсе – адам болса, эпостағы басты нəрсе- 

оқиға  екенін  ескертеді.  Бұдан  шығатын  түйін  –  эпос  жан-жақты  жанр: 

эпикалық шығармала адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан 

кешкен  тағдыр  мен  тіршілік  толық  жинақталады,  ол  өатысқан  оқиғалар 

молынан  суреттеледі,  ол  жасаған  іс-əрекеттер  тұтас  бейнеленеді,  сайып 

келгенде,  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастар  əр  қырынана  айқын 

көрсетіледі.  


 

Лирикалық  шығармаға  ақынның ішкі дүниесінің  сыртқы  себептерменғ 

жалпы  ақиқат  шындықтың  əсерімен  аса  қатты  толқынуы,  автордың  өз 

басының  алуан-алуан  нəзік  түйсіктері,  күйініш-сүйініш  тəн  болып  келеді. 

Ақын  басынан  кешкен  сезім,  ақын  басында  болған  түрлі-түрлі  толғаныс  – 

субьективті  нəрсе;  бірақ,  сонымен  қабат  кəдімгі  обьективті  дүниенің  əсері. 

Ақынның көңіл  күйі əрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық  ортаның хал-жайына 

байланысты, өзін қоршаған шындықтың саяси-əлеуметтік сырымен сабақтас. 

Ол  қуана  шалқыса  да,  жабырқай  толғанса  да,  -  лирикада  сол  өз  кезінің 

шындығы  мен  сыры  жатады.  Оқушы  əрбір  лирикалық  шығармадан  оны 

жазған автор қмір сүрген кездің жай-жапсырын аңғарып отырады.  

 

Сөз  өнерінің  өзге  тектері  тəрізді  лириканың  да  суреттейтін 



құбылыстары  көп.  Қандай  суреткер  болсын,  көркем  шығарма  жазудағы 

мақсат  –  адамды  көрсетіп  қана  тыру  емес,  адам  арқылы  қоғамды 

мүмкіндігінше,  өмірдегі  өзекті  шындықты  көрсету.  Осы  тұрғыдан  алып 

қарасақ,  лириканың  өзге  тектерге,  айталық  эпосқа  принциптік  қайшылығы 

жоқ, олардан тек тəсіл жағынан айырмасы бар.  

 

Эпостық  шығармалардың  өмірдегі  қат-қабат,  шытырман  оқиғаларды 



суреттеуде  мүмкіндігі  лирикадан  əлдеқайда  мол,  құлашы  кең.  Эпикалық 

шығармалардың  көбі  сюжетке  құрылады.  Адам  образын  жан-жақты 

бейнелеп, шындық сырын неғұрлым толық ашуға бейім.  

 

Ал  лирикалық  шығарма  олай  емес.  Көлем  жөнінен,  эпосқа  қарағанда, 



əлдеқайда  ықшам.  Сюжетке  де  көп  бара  бермейді.  Оқиғадан  гқрі  отты  сезім 

басымдау,  кұллі  сюжет  сол  сезім  мағына,  бас-аяғы  тұжырымды  бірер 

философиялық ой мағына жинақталады.  

 

Өмір  шындығын  қамту,  адам  мінезін  ашу  мүмкіндіктеріне  қарай 



эпикалық  жанр  үш  түрге  бөлінеді:  1)  шағын  көлемді  эпикалық  түр,  2)  орта 

көлемді эпикалық түр; 3) кең көлемді эпикалық түр. Өандай эпостқ шығарма 

болсын, бəрібір, осынау үш түрдің біріне жатады.  

 

Шағын көлемді эпикалық түрге жататын əдеби туындыларда, негізінен, 



өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір 

немесе  бірер  ықшам  эпизод  мөлшерінде,  адам  тағдыры  бңр  немесе  бірер 

жинақы  оқиға  көлемінде  ғана  көрсетіледі.  Оқиғағ  қатысатын  қаһармандар 

санаулы  олардың  басынан  өтетін  құбылыстардың  бəрі  емес,  кейбір  үзіктері 

ғана  суреттелетін  болғандықтан,  мұндай  шығарманың  көлемі  де  шағын, 

ықшам.  Адам  мінезі  мұнда  көбіне  қалыптасқан,  дайын  қалпында  көрінеді. 

Кейіпкер  өмірінің  көп  бұралаңы  –  шығарма  сыртында  –  баяндаудан  да, 

суреттеуден  де  тыс;  авторлық  материал  –  нағыз  өажетті  детальдар  мен 

штрихтар  ғана.  Шығарманың  сюжеттік  арқауы  ұзақ  желілі,  арналы  даму 

үстінде емес, қысқа қайырылған келте суреттер түрінде тізбектеледі; компози 

ясы да – жинақы, үйірімді, ширақ. 

 

Лирикалық  сөз  өнері-  көне  заманда  би  мен  əннің  синкреттік  бірлігінен 



тарихи  пайда  болған  өнер.  Бқлардағы  ырғақтық  бірлік  бізге  осыны  айтады. 

Лирика  күні  бүгінгі  дейін  ырғақты  берік  бойына  сақтап  келгені,  сондықтан 

субьектінің  ішкі  əлемі  қатысының  молдығы  нəтижесінде  экспрессивтік 

өзгеше  өнер  ретінде  өмір  сүріп  келеді.  Лирика  жанрын  арнайы  зерттеген 



ғалым Г.Н.Паспелов «Лирика – этот род словесного исскуства, оно обладает 

по сравнению с музыкой гораздо большей широтой и богатством создания», -

дейді.  

 

Сөз  жоқ,  лирикалық  шығармаларды  бəз  тек  тарихылық  тұрғыда  немесе 



мазмұнға  шағып  қана оқытсақ, оның  теориялық сипатын төмендеткен  болар 

едік.  Жанрды  клаасификациялау  керек,  бірақ  оны  қатқан  ережеге  сүйеніп 

емес.  Сондықтан  мектеп  оқулығында  əлі  күнге    қмір  сүріп  келе  жатқан 

табиғат,  махаббат,  саяси  т.б.  сияқты  классификацияны  б.гінгі  күн  талабы 

көтермейді. Ендеше біз лирика түрлерін жіктеуде қазіргі ғылыми еңбектерге 

сүйенуміз керек.  

 

Əдебиетіміздің  негізгі  үш  саласының  бірі  –  лирика  өзінің  бай  дəстүрі, 



өзіндік  тарихы  бар,  бүгінде  профессионалдық  дəрежеде  көтеріліп  отырған 

бұл жанр қазақ əдебиеттану ғылымда жан-жақты зерттелуде. 



 

 

Негізгі



 əдебиеттер: 

1.

 



Ахметов К. Əдебиеттануға кіріспе. Қарағанды, 2004. 

2.  Атымов М. Идея жəне композиция. А., 1970. 

3. Байтұрсынов А. Ақ жол. А., 1991. 

4. Нұрғали Р Əдебиет теориясы.  Астана ,2004 

5. Жұмалиев Қ. Əдебиет теориясы. Алматы, 1970 

6. Əдебиеттану терминдер сөздігі. Алматы, 1998 

 7. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Жазушы, 1983 

 8.Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы: Мектеп, 1978 

9. Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш. – Алматы, 1989ж. 

10. Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. – Алматы,    

1995ж. 

 

 



Қосымша

 əдебиеттер 

11. Əдібаев Х. Көкжиек. А., 1977. 

12. Тілепов Ж. Тарих жəне əдебиет. А., 2001. 

13. Рахымжанов Т. Романның көркемдік əлемі. А., 1997. 

14. Серікқалиев З. Ақ жол. А., 1990. 

15. Мүсірепов Ғ. Заман жəне əдебиет. – Алматы, 1982ж. 

16. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. – Алматы, 1966ж. 

17. Тəжібаев Ə. Өмір жəне поэзия. – Алматы, 1960ж. 

18. Тимофеев Л. Основы теории литературы. – Москва, 1976ж. 

19. Горький А. Əдебиет туралы – Алматы, 1984ж. 

20. Хасенов М.  Ұнамды образ жəне типтендіру. – Алматы, 1966ж. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет