9-сынып «Химия» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары 1-нұсқа



бет1/2
Дата02.12.2022
өлшемі193,53 Kb.
#54326
  1   2

9-сынып «Химия» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары 1-нұсқа



  1. Төмендегі № 1 сурет бойынша дұрыс тұжырымды таңдаңыз:


1 сурет

    1. HCl және CH3COOH күшті электролиттер

    2. HCl –әлсіз электролит, CH3COOH – күшті электролит

    3. HCl – күшті электролит, CH3COOH – әлсіз электролит

    4. HCl және CH3COOH әлсіз электролиттер

  1. Белгісіз Х2+ катион ерітіндісіне NaOН ерітіндісінің 1-2 тамшысын қосқанда көк түсті тұнба түзілді. Х2+ катионын көрсетіңіз.

    1. Ba2+(ер)

    2. Ca2+(ер)

    3. Cu2+(ер)

    4. Fe2+(ер)

  2. Калий хлоридінің (KCl) судағы ерітіндісі электр тоғын өткізе алады. Калий хлоридінің судағы диссоциациялану механизмін сызып көрсетіңіз.

  3. Тұздар – метал катионы және қышқыл қалдығы анионынан тұратын күрделі заттар.

а) Ас содасы (NaHCO3) суда ерігенде қандай иондарға ыдырайды? Диссоцияциялану теңдеуін жазыңыз.





  1. NaHCO3 ерітіндісіне тұз қышқылын құйғанда газ бөлінеді. Газдың түзілуін көрсететін реакцияның қысқартылған иондық теңдеуін жазыңыз.




Лакмус индикаторымен NaHCO3 ерітіндісінің ортасын зерттегенде индикатордың түсі қалай өзгереді. Себебін түсіндіріңіз.





[Барлығы 3]



  1. Белгісіз бір катион Х+ арқылы галогенид аниондарын сапалық анықтауға болады. Катионды атаңыз және йодид ионымен реакцияның бақылау қандай болады?

Катион:
Реакцияны бақылау
[1]

  1. Йодид (I-) ионын қорғасын (Pb2+) катионымен де анықтауға болады. Реакция нәтижесінде сары түсті тұнба түзіледі. Егер 125 мл 0.100 М NaI ерітіндісіне 0.150 г Pb(NO3)2 қосса, тұнбаның қандай массасы түзіледі?

  2. Химиялық реакцияның жылдамдығы әртүрлі факторларға тәуелді болады.

  1. Төмендегі № 2 суретте қай график қатализатор қатысында жүретін реакцияны көрсетеді?



№ 2 сурет

Жауап:


[1]

  1. Катализатор терминіне анықтама беріңіз.



(с) Металдарды коррозиядан қорғау үшін технеций қосылыстарын металға қосады. Себебін түсіндіріңіз.






[Барлығы 3]

  1. Төмендегі колбаларда мырыш тұз қышқылымен әрекеттесіп, сутек газын бөледі. Колбалардағы реакциялар әртүрлі жағдайда жүреді. Тұз қышқылы артық мөлшерде берілген.

Төмендегі графикте А колбасында уақыт өте келе бөлінген сутектің көлемінің өзгеруін көрсететін қисық берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет