Паллиативтік көмек көрсететін мейірбикелер жұмысының ерекшеліктері



Дата27.03.2023
өлшемі14,34 Kb.
#76474

1.14.Тақырып: Паллиативтік көмек көрсететін мейірбикелер жұмысының ерекшеліктері.. 2.Мақсаты. Паллиативті көмек көрсетудің ерекшеліктерін білуі керек. 3. Дәріс тезистері
Ситуациялық есептерды шығар
1-есеп

Онкологиялық бөлімшесінде стационарда 48 жастағы науқас жатыр, диагнозы: асқазан обыры.


Құсу, әлсіздік тәбеті жоқ, ет тағамдарына жиреніш сезімі,жүдеген, асқазан аймағында ауырсыну сезеді, кекіреді, іш кебуіне шағымданады. Науқас көңілсіз, жатырқағыш, медициналық қызметкерлермен сөйлескісі келмейді, өлімнің жақындап келе жатқанын сезеді. Объективті: жағдай ауыр, дене қызуы 37,9˚С, терісі боз, өңі аппақ қудай, науқас қатты жүдеген, асқазан аймағын қолмен сипағанда ауырсынуларды, алдыңғы іш пердесінде бұлшық еттердің күштенуін сезеді. Бауыры тығыз, ауырсынады, төмпешікті, қабырға доғасынан шетінен 5см шығып тұр. Есіртікілік анальгетиктер мен цитостатикпен ем алып жүр.
Тапсырма

  • Науқастың мәселесін анықтаныз.

  • Басымдылық мәселесі бойынша медбикеік күтім жоспарын құрастырып, мақсатын қалыптастырыңыз.

2 есеп

Онкологиялық бөлімшесінде асказан обыры диагнозымен 62 жастағы науқас емделіп жатыр. Химиотерапия өткізген кейін соңғы аптасында жағдайы нашарлағаны байқалды.


Сонғы айларда қатты жүдегені , анорексия мен іш қатуы болды, бірақ күнделікті белсенділігімен өзі күресті. Қазір шаршаған, күші кеткен болып көрінеді. Ұйықтағаннан кейін қабақ пен кірпігі жабысып қалады. Науқастың аузынан жағымсыз иіс шығады, ауыз қуысында темірдің дәмі шығатынына, ауыз құрғақ болғанына шағымданады. Науқастың тырнағы мен шашы салақтық күйде. Оның жуыну мен киім ауыстырудан бас тартады, қан қысымы мен дене қызуын өлшетуге бермейді, тамақ пен су ішпейді, оның айтуынша, «бұған көп күш керек». Палатадағы әжетханаға әзер барады. Мұрын қуысында тыныс алуды қиындайтын қабықша пайда болды, сондықтан, сондықтан науқас ауызбен дем алады. Бас ауруы, палатадағы қапырық пен шөлдеу мазалайды. Ұйқысы нашар, кешке дене қызуы -37,1-37,2˚С дейін жоғарылайды, науқас ұзақ тамшылап құйғаннан шаршады, оның айтуынша, «олардан кейін нашар сезінеді». Тамақтың иісінен болатын бірнеше сағатқа созылатын жүрек айнуы мазалайды. Күніне 1-2 рет құсады. Науқастың көңіл- күйі нашар, дәрілер көмектеспейді. Әйелі мен қызы күткенде келмегендіктен ренжулі. Палатаның қабырғалар мен қатты кереует, аурухананың ауасы оны басып тұрады. «Жаман ойларынан» теледидар көріп, кітап оқи алмайды. Кейде оның айтуынша «жынданып кетуіне» дейін жағдайы барады. Сондай кезде науқас медбикеге дауыс көтеріп, өзіне назар аударуын талап етеді, «оны бәрі тастап кеткеніне» шағымданады.
Тапсырма

  • Науқастың проблемасын анықтаңдар, сонымен бірге психологиялық мәселесін де.

  • Әр кезеңді қарап, медбикелік күтім жоспарын құрастырыңыз.

  • Аурудың ішкі көрінісін анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет