9-сыныптарға арналған қорытынды аттестаттау тапсырмалары
География
1-нұсқа
1. Ең алғашқы ендік пен бойлықты нақты өлшеп , тұңғыш дұрыс картаны жасаған, тұңғыш «география» ұғымын енгізген, География ғылымының атасы
A. Эротосфен
B. Геродот
C. Бехайм
D. Ф. Магеллан [1]
2. 1-суретке мұқият қараңыз
1-сурет
2. 1-суреттегі картаны қолданып Үстірт қорығы қай облысқа кіретінін анықтаңыз
А) Қызылорда облысы
В) Алматы облысы
С) Қостанай облысы
Д) Маңғыстау облысы [1]
2-суретте берілген картаға мұқият қараңыз
3. 2-суретте берілген карта мазмұнына қарай ажыратылатын топты анықтаңыз
А) кешенді
В) тақырыптық
С) ірі масштабты
Д) жалпы географиялық [1]
4. Орташа таулардың биіктігін көрсетіңіз
А) 200-500
В) 500-1000
С) 1000-2000
Д) 2000-4000 [1]
5. Мұнай кен орындарын анықтаңыз
A. Риддер, Зырян
B. Теңіз, Доссор
C. Қоңырат, Саяқ
D. Атасу, Жезді [1]
6. «Жоңғар очерктері», «Таудағы қырғыздар», «Алтыншар туралы» еңбектердің авторын атаңыз.
А) Қ.Жалаири
В) Қ.И Сәтбаев
С
[1]
) Ш.Ш Уалиханов
Д) И.В Мушкетов
7. Жазы экваторлық белдеуге, ал қысы тропик белдеуге ұқсас климаттық белдеуді белгілеңіз
А) қоңыржай
В) тропиктік
С) субтропиктік
Д) субэкваторлық [1]
8. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзенді көрсетіңіз.
А) Конго
В)Амазонка
С) Ніл
Д) Янцызы [1]
3 - суретке мұқият қараңыз
3-cурет
9. 3 – суретті пайдалана отырып, географиялық ақпарат көздері мен жұмыс істеуде қай әдісті қолданатынын анықтаңыз
A. Картографиялық
B. Сипаттау
C. Аэроғарыштық
D . Бақылау [1]
10. Жерорта теңіздік климатқа тән табиғат зонасын анықтаңыз
А) тайга
В) жалпақжапырақты ормандар
С) ауыспалы ылғалды ормандар
Д) қатты жапырақты орман мен бұталар [1]
4 – суретке мұқият қараңыз:
4 сурет
11. 4-суретте ерекше түске боялған мемлекетте қандай демографиялық саясат жүргізіледі.
A. Тұрғын үй мәселесі
B. Халық санын тежеу
C. Халық саны көбейту
D. Халық жасын шектеу [1]
12.Еліміздегі саны жағынан ең көп диаспора:
А) ұйғырлар
В) украйндар
С) орыстар
Д) немістер [1]
13. Қазақстанда қала мен қала үлгісіндегі елді мекен халқының үлесін анықтаңыз
А) 78%
В) 42.2 %
С) 57.8%
Д) 52 % [1]
14. Қайта қалпына келмейтін ресурсты көрсетіңіз
А) темір
В) күн
С) топырақ
Д) өсімдік [1]
15. Еліміздің мұнай өңдеу зауыттары орналасқан қалалар қатарын көрсетіңіз
А) Балқаш, Алматы, Қостанай
В) Қарағанды, Көкшетау, Семей
С) Ақтөбе, Павлодар, Теміртау
Д) Атырау, Павлодар, Шымкент [1]
16. Мәтінді мұқият оқыңыз:
Еліміздегі ең басты астық қоймасы, сарқылмас астық беретін облыс. Ауылшаруашылығы мен өнеркәсібі дамыған. Аумағынан теміржол және өзен жолдары өтеді. Жер қойнауы тас көмір мен қоңыр көмірге, темір және мыс кендеріне, бокситке, алтынға бай. Отын – энергетикалық, тау – кен өндірісі салалары, машина жасау дамыған, мұнай өңдеу кәсіпорындары, ферроқорытпа, алюминий, көлік құралдары кәсіпорындары орналасқан. Аудан экономикасында агроөнеркәсіптік кешен маңызды орын алады. Егістік ауданының ¾ - не дәнді дақылдар егіледі. Аудан - техникалық дақылдардың негізгі өндірушісі. Азық – түлік өнеркәсібі дамыған.
Жоғарыда берілген мәтін бойынша Қазақстанның қай экономикалық ауданының мамандандыру саласы туралы ақпарат берілгенін анықтаңыз
------------------------------------------------------------------------------------ [1]
5-суретке мұхият қараңыз
17. 5 – суретті пайдаланып, жасыл түспен боялған мемлекеттер қандай басқару формасына жатады
А. Федеративті
В. Унитарлы
С. Зайырлы
D. монархия [1]
18. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі туралы ұғымға анықтама берген академикті атаңыз.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------- [1]
6 -суретке мұқият қараңыз.
5-сурет
19. 6-суретті пайдалана отырып алюминий зауытының Павлодарда орналасу себебін жазыңыз.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- [1]
2 0. 7-суретте берілген картаға мұқият қараңыз
7-сурет
А) Қазақстан құрлық арқылы қанша мемлекетпен шекараласатынын анықтап жазыңыз?
------------------------------------------------------------------------------------------------------------ [1]
В) ТМД-ға кірмейтін Қазақстанмен көршілес елді атаңыз және сол елдің дүние жүзінде жер көлемі жөнінен нешінші орын алатынын анықтаңыз
____________________________________________________________ [1]
_____________________________________________________________ [1]
С) Қазақстан сыртқы саудасындағы экспортталушы тауарларды жіктеңіз және сыртқы саудадағы жетекші көршілес елдерді анықтаңыз
--------------------------------------------------------------------------------------------------- [1]
--------------------------------------------------------------------------------------------------- [1]
2 1. 8- суретке мұқият қараңыз.
5 сурет
А) 8- ші суреттен Қазақстандағы қандай экологиялық мәселені көруге болатынын анықтап жазыңыз
---------------------------------------------------------------------------------------------------- [1]
Б) Экологиялық мәселенің пайда болу 2 себептерін жазыңыз.
---------------------------------------------------------------------------------------------------- [2]
С) Осы экологиялық мәселені шешудің 3 жолын ұсыныңыз.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [3]
Достарыңызбен бөлісу: |