А бөлімі Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет1/3
Дата22.12.2023
өлшемі32,19 Kb.
#142592
  1   2   3

Ахмадиева Дамира Берденовна Тыңдаушының портфолиосы А бөлімі Талдықорған қ. «ПШО» ЖМ филиалы «Бағалауға арналған тапсырмаларды


әзірлеу және сараптау» бойынша курстар

А бөлімі
Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
VI-бөлім: Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология


Оқу мақсаты
6.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау;
6.4.4.1 сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану.

Бағалау критерийі Білім алушы

  • тыңдалған мәтіннің мазмұнына түсініктеме береді, детальді ақпаратты анықтайды;

  • сөйлемдегі қызметіне түсінік береді,есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданады.

Ойлау дағдысының деңгейі қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут


1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Су – тіршілік көзі
Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес. Адамның, сондай-ақ көптеген жан-жануарлар денесінің 2/3-і, ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады. Жер бетінің тек 1/3-ін құрлық, ал 2/3-ін су алып жатыр. Мұхиттар мен теңіздерді, өзен-көлдерді былай қойғанда, жер астында да, топырақта да су бар. Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады. Кейбіреулер осы айтылған деректерге сүйеніп, қап-қатты мұз да, газдай жеп-жеңіл бу да, су болғаны ма деп таңқалады. Бұл — судың негізгі қасиеті.
Суды алғаш 1781-82жылы ағылшын ғалымы Г.Кавендиш синтездеген. 1783 жылы А.Лавуазье сутегі жанғанда оттегімен қосылып суға айналатынын дәлелдеді. 1785 жылы А. Лавуазье. француз ғалымы Ж. Мёньмен бірге судың сандық құрамын анықтады.
Жер шарындағы судың жалпы мөлшері өзгермейді. Теңіздер мен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайтадан суға айналады. Алайда ішуге жарамды таза су жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Сондықтан да судың құнды байлығымыз екенін ұмытпауымыз керек.
/https://surak.baribar.kz/go.php?url=http://stud.kz/sms/kupitr/ /Өңделген/


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет