А. Г. Православие стержень совместного бытия народов России и восточных славян Правосознание и духовность // Сборник



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі288,81 Kb.
#8825

    Proceedings of the International Scientific and Practical Conference     

26 


3.

 

Звягинцев А. Г. Православие – стержень совместного бытия 



народов  России  и  восточных  славян  Правосознание  и  духовность  // 

Сборник  пленарных  докладов  XV  Международных  Рождественских 

образовательных чтений. – М., 2007. 

4.

 



Костюк  К.  Н.  Русская  православная  церковь  и  общество: 

нравственное  сотрудничество  или  этический  конфликт?  //  Полис.  – 

2002. – № 1. 

5.

 



Токвиль Алексис де. Демократия в Америке. – М.: Прогресс, 1994. 

6.

 



Баллерстрем  К.  Г.  Церковь  и  демократическая  культура: 

проблема адаптации и конфликты // Вопросы философии. – 2002. – № 1. 

7.

 

Соловьев В. С. Общий смысл искусства // Сочинения в 2 т. – 



Т. 2. – М.: Мысль, 1988. 

8.

 



Франк  С.  Л.  Соборность  и  общественность  //  Франк  С. Л. 

Духовные основы общества. – М: Республика, 1992. 

 

 

Ф. ғ. к., доцент Өтелбай Гүлбайра,  



ф. ғ. к., доцент Найманбай Айнұр 

 

Қазақстан, Астана, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университеті 

 

МАҒЫНАЛАРЫ ҚАРАМА-ҚАРСЫ ЕТІСТІКТЕРДІҢ 

МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСУЫ 

 

Қазақстанда қазақ тілін екінші тіл немесе шет тілі ретінде оқыту 



барысында  кӛптеген  мәселе  туындайды.  Себебі,  тіл  үйренушілер 

ӛздерінің  қарым-қатынас  құралына  айналған  тіл  мен  қазақ  тілінің 

арасындағы  айырмашылықтарға,  ерекшеліктерге  кӛп  мән  бере 

бермейді.  Қазақша  сӛз  саптау  кезінде  олар  калькаланған  –  сӛзбе-сӛз 

аударылған оралымдарды пайдаланады. Осыдан кейін қазақша сӛйлеу 

мәдениетінің  негізі  саналатын  әдеби,  грамматикалық,  стилистикалық 

нормалар бұзылады. 

Орыс  бӛлімінде  кӛп  жылғы  сабақ  беру  тәжірибеміз 

кӛрсеткендей,  Қазақстанда  орыс  тілінің  кең  қолданылуы  кейде  оның 

мемлекеттік  тілге  кері  ықпалын  да  байқатады.  Мәселен,  іс  жүргізуде 

нормаға  айналып  кеткен  «кафедра  мәжілісімен  бекітілді», 

«факультеттің  сараптамалық  комиссиясы  шешімімен  бекітілген» 

секілді тіркестер мен сӛйлемдерді кез келген құжатта кездестіре беруге 

болады.  Ал  «деканмен  бекітілді»  деген  тіркес  туралы  не  айтуға 

болады?  Бұл  жерден  кӛмектес  септігі  жалғауы  арқылы  меңгеріліп 


                           Topical Researches of the World Science                             

27 


тұрған етістіктердің орыс тіліндегі нұсқасы есепке алынғанын кӛреміз. 

Орыс  тіліндегі  творительный  падеж  бен  кӛмектес  септігін  екі  тілде 

қатар қолдану үлкен үрдіске айналып барады. Жоғарыдағы сӛйлемдер 

мен сӛз тіркестері – орыс тілінен қазақ тіліне тікелей аударудың жемісі 

болып  табылады.  Салғастыру  үшін  орысша  нұсқасын  қарастырып 

кӛрейік:  «утвердили  заседанием  кафедры»,  «утвержден  решением 



экспертной комиссии факультета», «утвержден деканом». 

Біріншіден, қазақ тілінің нормасы мен стиліне салсақ, «кафедра 



мәжілісі  бекітті»,  «факультеттің  сараптамалық  комиссиясы 

шешімі  негізінде  бекітілген»  және  «декан  бекіткен»  болуы  тиіс. 

Екіншіден,  қазақ  тілінде  кӛмектес  септігі  кейінірек  пайда  болып, 

ертеректе  оның  орнына  жалғаулықтар  қолданылған.  Бұған  ғалым  А. 

Байтұрсынұлының (1872-1937) «Тіл-құралында» ұсынылған 6 септікке 

берілген мысалдар үлгісі дәлел бола алады [1, 203 б.]:  

Жай қалып  

Жекеше  

Көпше 

Атау  


кім? аға     

кімдер? ағалар 

Ілік жалғау      

кімнің? ағаның      кімдердің? ағалардың  

Барыс жалғау      

кімге? ағаға       

кімдерге? ағаларға  

Табыс жалғау     

кімді? ағаны    

кімдерді? ағаларды    

Жатыс жалғау         кімде? ағада     

кімдерде? ағаларда   

Шығыс жалғау         кімнен? ағадан    

кімдерден? ағалардан 

Осы  кітаптың  «Жалғаулықтар»  атты  бӛлімінде  ғалым:  «Кей 

сӛздер жалғау орнына жүреді, жаңа жалғаулар сияқты басқа сӛздердің 

шылауында  тұрмаса,  ӛз  алдына  мағына  шықпайды.  Сондай  сӛздерді 

жалғаулық дейміз [1, 260 б.]. Жалғаулық сӛздер қазақ тілінде тіпті аз, 

мәселен:  мен,  үшін,  арқылы,  тақырыпты,  туралы.  «Менен» 

алдындағы  дыбыстың  түріне  қарай  «бенен»  болып  айтылады,  қысқа 

түрінде «мен», «бен» болып айтылады» деген анықтама береді. Тілші-

ғалым  жаттығу  жұмыстарында  мынадай  мысалдар  келтіреді: 

Күштімен  күреспе,  байменен  тіреспе.  Қабарды  телграм  арқылы 

алдым. Бұған қарап біз кӛмектес септігі уақыт ӛте пайда болған септік 

деп  айта  аламыз.  Заман  талабына  сай  жалғаулықтардың  да  саны 

кӛбейгенін білеміз.  

Бұл  тақырыпта  зерттеуші  Қошке  Кемеңгерұлы  (1896-1937)  да 

былай дейді:  «Русский творительный падеж, отвечающий на вопросы 

кем? (кіммен?), и чем? (немен?), с кем? с чем? – выражается предлогом 



менен  (полная  форма)  и  мен  (краткая  форма),  и  ставится  отдельно 

позади управлямого слова ...» [2, 64 б.]. Ғалым еңбектерінде біз бүгін 

қолданылып  жүрген  кӛмектес  септік  кӛрсетілмейді.  Бүгінгі  «Тарихи 

грамматика  мәселелері»  атты  еңбек  авторларының мына пайымын  да 

қаперде  ұстағанымыз  дұрыс:  «Қазіргі  әдеби  тілімізде  қолданылу 


    Proceedings of the International Scientific and Practical Conference     

28 


орнына  қарай  бірде  кӛмектес  жалғауы,  бірде  жалғаулық  делініп 

жүрген  –мен,  -бен,  -пен  форманттары  талданып  отырған  жазбада 

қолданылмаған.  Олар  келетін  орындарда  және  солардың  мағыналары 

мен  функцияларында  бірлән,  бірлә,  илән  морфемдері  қолданылған. 

Бұлар  жалғаулық  функциясында  түркі  тілдерінің  біразында  күні 

бүгінге дейін қолданылып келеді» [3, 22-23 б.] 

Ӛзіміз  білетіндей,  қазіргі  қазақ  тілінде  жеті  септік  болса,  орыс 

тілінде  –  алтау.  Ал  дүниежүзінде  2-ден  бастап  46-ға  дейін  септігі  бар 

тілдер кездеседі. «Мақаламыздың тақырыбы неге септіктерге ауып кетті?» 

дегенге  келсек,  олардың  сӛздер  байланысындағы  рӛлін  айқындау 

маңызды.  Меңгеріле  байланысатын  етістіктердің  қай  септікті  қажет 

ететінін  білмей,  тілімізде  дұрыс  сӛйлеу  мүмкін  еместігі  барша  тілші 

қауымға  мәлім.  Бұл  –  тек  қазақ  тілінде  ғана  емес,  ӛзге  де  тілдерде 

кездесетін  құбылыс.  Мәселен,  қазақ  тіліндегі  барыс  септігі  арқылы 

байланысатын  «бірнәрсеге  жету»  етістігі  орыс  тіліндегі  управление 

бойынша  дательный  падеж  емес,  «дойти  до  чего-либо»  болып  предлог 

пен  родительный  падеж  арқылы  байланысады.  Ал  неміс  тілінде  осы 

етістік «kommen bis zu Dat» немесе «gelangen an Akk, bis zu Dat» түрінде 

байланысады.  Мұндағы  «bis  zu  Dat»  барыс+дейін  дегенді  білдірсе,  «an 

Akk» – табыс+қасында, қасынан, қасына т.б. деген сӛз. 

Синоним,  басқаша  айтсақ,    мағыналас  етістіктердің  ӛзі  әртүрлі 

септікпен байланысады. Мысалы, «бірнәрсемен мақтану», «бірнәрсені 

немесе біреуді мақтан тұту» етістіктері мағынасына қарай, бір-біріне 

ұқсас,  кӛмектес  және  табыс  септігін  қажет  етеді.  Ал  орыс  тілінде 

«хвастаться  кем-чем»  «гордиться  кем-чем»  творительный  падеж 

арқылы  байланысады.  Аталған  етістіктер  неміс  тілінде  «prahlen  mit 

Dat»,  «stolz  sein  auf  Akk»  барыс  және  табыс  септіктерін  талап  етеді. 

Егер  біз  әр  тілдің  талабына  сай  кӛрсетілген  септік  атауларын 

қолданбасақ,  тіл  заңдылықтарынан  алшақ  кетіп,  олардың  табиғи 

қалпын бұзамыз. Қазақша «біреумен мақтан  тұту» деп сӛйлеу қалай 

қисынсыз  болса,  орысша  да  «гордиться  кого-что»  деп  айту  мүмкін 

емес. Сондықтан да барлық тілде ӛзіне сай ережелерді сақтаған абзал. 

Ол үшін мағыналас екен деп синоним етістіктерді бірдей байланысқа 

түсіруге  болмайды.  Енді  мағыналары  қарама-қарсы,  антоним 

етістіктердің байланысын қарастырып кӛрейік.  

Қазақ  тілінде  «біреуден  бірнәрсені  үйрену»  және  «біреуге 



бірнәрсені  үйрету»  деген  екі  етістікті  антоним  деп  алсақ,  біріншісі 

шығыс  пен  табыс  септігінде,  екіншісі  барыс  пен  шығыс  септігінде 

қолданылып  тұрғанын  байқаймыз.  Ӛкінішке  орай,  соңғы  кездері 

біріншісін  «біреуден  бірнәрсеге  үйрену»  деп,  ал  екіншісін  «біреуді 



бірнәрсеге  үйрету»  деп  шатыстырып  жүрміз.  Себебі,  тағы  да  орыс 

                           Topical Researches of the World Science                             

29 


тілінің  ықпалы  деуге  негіз  бар.  Бұл  –  әйгілі  Пушкин  тіліндегі 

«научиться  у  кого-либо,  чему-либо»  немесе  «учить  кого-либо,  чему-

либо» тіркесінің сӛзбе-сӛз аудармасы.  

Қазіргі  тілмен  айтсақ,  аталған  етістіктер  бірнеше  септік  арқылы 

байланысып  валенттілікке  ие  болып  тұр.  Бұл  сӛзді  ұғым  ретінде 

лингвистикаға алғаш

  орыс  ғалымы 

С. Д. Кацнельсон, ал термин ретінде 

француз зерттеушісі  Л. Теньер енгізген болатын. Ол кӛп түрге бӛлінеді: 

жақсыз валенттілік, бір валенттілік, екі және үш валенттілік. Жоғарыдағы 

мысалымыздың етістіктері үш валенттілікке жатады. Оған үш зат есімнің 

қатысуы  үш  актант  барын  кӛрсетеді.  «Мұғалім  оқушыға  грамматиканы 



үйретті» мысалындағы актанттардың саны – үшеу.  

«Үйрену» мен «үйрету» антонимдер десек, «үйрену» омоним де 

бола  алады.  Мысалы,  «қалаға  үйрену»,  «климатқа  үйрену»  орыс 

тіліндегі  «привыкать  к  кому-чему  либо»  мағынасында  қолданылады. 

Сондықтан «бірнәрсені үйрену» мен «бірнәрсеге үйрену» – мағыналары 

екі  басқа  етістіктер.  Біз  оларды  етістіктердің  әртүрлі  септіктермен 

меңгеріле  байланысатын  түрі  арқылы  ажыратамыз.  Омонимдерге 

жататын «сыйлау» етістігі «үлкенді сыйлау»  мысалында табыс септігі 

арқылы  тек  екі  валенттілікте  қолданылса,  «анасына  гүл  сыйлау» 

мысалында  барыс  және  табыс  септіктері  кӛмегімен  үш  валенттілік 

құрай алады. 

Кӛп  жағдайда  мағыналары  қарама-қарсы  екі  және  үш  валентті 

етістіктер  септіктермен  бірдей  байланыста  болады  (жинау-шашу, 

кӛтеру-түсіру,  апару-әкелу,  тазалау-ластау,  іріту-ұйыту,  жазу-айту, 

т.б.). Мәселен, «ол үйге барды» және «ол үйге келді» деген екі валентті 

мысалда  мағыналары  қарама-қарсы  екі  етістік  те  барыс  септігінде 

байланысады.  Ал  кейде  бір  етістік  екі  түрлі  септікте  байланысады. 

Екінші  мысалды  «ол  үйден  келді»  деп  ӛзгертсек,  оны  түрлендіруге 

шығыс  септігі  қатысады.  Егер  «ол  қаладан  ауылға  барды»  және  «ол 

қаладан ауылға келді» деп үш валент түзсек, екі мысалда да барыс пен 

шығыс септіктері бірдей қызмет атқарады.  

Енді  антоним  саналатын  «беру»  және  «алу»  етістіктерін  екі 

валентті нұсқада талдап кӛрелік. Мұнда екі түрлі септікті талап ететіні 

белгілі:  барыс  және  шығыс  (ол  маған  берді  және  ол  менен  алды).  Ал 

үш валенттілікке салсақ, «ол маған кітап берді» және «ол менен кітап 



алды»  дегенде  табыс  септігі  қосылады.  Табыс  септігі  белгісіздік 

мағынасына  ие  болғандықтан,  жалғауы  жазылмай  тұр.  «Дәптерге 



қаламмен  жазу»,  «досына  шындықты  қорқынышпен  айту» 

мысалдарын салыстырсақ, біріншісінде үш валенттілік түзіліп, барыс-

кӛмектес  септіктері  қызмет  атқарады.  Ал  екінші  мысалдан  тіпті  тӛрт 

валенттілік  түзілгенін  байқап,  барыс-табыс-кӛмектес  септіктерінің 



    Proceedings of the International Scientific and Practical Conference     

30 


қатысқанын  аңғарамыз.  Бірінші  мысалдағы  «жазу»  етістігінен  де 

барыс-табыс-кӛмектес  арқылы  тӛрт  валенттілік  түзуге  болады: 



«досына хатты қаламмен жазды».  

Орыс  және  қазақ  тіл  білімінде  антонимдерді  етістіктің 

болымды-болымсыздық  категориясымен  ұқсастырып  қарастыру  орын 

алған.  Әйтсе  де,  бұл  категориялар  арасында  едәуір  ӛзгешеліктер  бар 

екендігі  байқалады.  Кӛптеген  зерттеушілер  «жоқ»  сӛзінің  мағынасын 

«бар»  сӛзінің  мағынасымен  антоним  тұрғысынан  алып,  оны  есім 

сӛздер  қатарына  жатқызады.  Қазақ  тіл  білімінде  болымдылық-

болымсыздық категориясының кӛрсеткіші ретінде -ма,  -ме,  -ба,  -бе,  -



па,  -пе,  -сыз,  -сіз,    қосымшалары  мен  жоқ,  емес  кӛмекші  сӛздері 

қолданылады. 

Етістіктің тұйық формасына жалғанатын  -сыз,  -сіз және оларға 

жұп  құрайтын  -лы,  -лі  жұрнақтары  кӛбінде  меңгеру  қызметін  атқара 

алмайды. Мәселен, «жинаулы-жинаусыз», «қазулы-қазусыз», «айтулы-

айтусыз» жұптары «қандай?» сұрағына жауап береді  де, предикаттық 

қызметке  ие  бола  алмайды.  Ал  «жоқ»  және  «емес»  етістікке 

тіркескенде,  болымды  мағынадағы  етістіктей  меңгеріледі.  Мәселен, 

болымды  «жазған»  және  болымсыз  «жазған  емес»

 

немесе  «жазған 



жоқ»  етістіктері  жоғарыда  айтылғандай    бірдей  септіктерде 

меңгеріледі.  Сӛзіміз  дәлелді  болу  үшін

 

«досына  хатты  қаламмен 

жазды»  мысалын  ӛзгертсек  жеткілікті:  «досына  хатты  қаламмен 

жазған жоқ» немесе «досына хатты қаламмен жазған емес»

Етістіктің  болымдылық-болымсыздық  категориясы  ғалым 

Т. Әбдіғалиеваның еңбегінде де жіті қарастырылған. Ол «жоқ» сӛзінің 

сӛйлемнің  баяндауыш  қызметінде  тұрып,  «субъектінің,  сӛйлеушінің 

жеке  тұлғасына  сай  сапаны»  білдіретінін  айтып  мысалдар  келтіреді: 

«Ӛзінің әңгімемен зауқы жоқ (А. Жақсыбаев). Дауласарға дәрмені жоқ 

(С. Шәймерденов).  Әкемде тіпті ес жоқ (Ж. Түменбаев). Айшада үн 

жоқ (К. Жүнісова)» т.б. [4, 137 б.].

 

Түркі  тілдеріндегі  етістіктің  болымсыз  мағынаны  білдіретін 



аффикстерінің 

дыбыстық 

варианттарының 

қайсысы 


бұрын 

қолданылғанына 

ғалымдар 

аса 


кӛңіл 

бӛлген. 


Мысалы, 

Б. Е. Серебренников  пен  Н.  З.  Гаджиева  «Сравнительно-историческая 

грамматика тюркских языков» атты еңбегінде мынадай пікір айтады: «… 

уже  в  тюркском  праязыке  существовал  специфическое  для  глагола 

аффикс  отрицании  -ба/-ма/,  что  в  известной  мере  противоречит 

распространенному  среди  тюркологов  мнению  с  первоначальной 

нерасчленности в тюркских языках имени и глаголов» [5, 215 б.].  

Етістіктің  болымдылық-болымсыздық  категориясының  түп 

негізінің  синтетикалық  -ма,  -ме  кӛрсеткіштері  етістіктегі  орнына  сай, 


                           Topical Researches of the World Science                             

31 


келіспеу,  бас  тарту,  қарсылық  т.б.  сияқты  болымсыздық  мағынасын 

білдіреді. Мысалы, мұндай қолданыстар кӛркем әдебиет тілінде кӛптеп 

кездеседі: Жолымнан аумаймын (М.Әуезов), Кӛнсеңіз де, кӛнбесеңіз де 

абырой  алмассыз  (Ғ.  Мұстафин).  Ол  Шығанаққа  түсінеді,  дүлей 

машинеге түсінбейді   (Ғ. Мұстафин).  

Жоғарыдағы  мысалдардың  етістіктерін  тұйық  етістік  түрінде 

қарастырып  кӛрейік.  «Кӛну-кӛнбеу»  барыс  септігінде  меңгерілсе, 

«түсіну-түсінбеу»  табыс  септігінде  меңгеріліп  екі  актантпен  екі 

валенттілікті құрап тұр. Ал ұсынылған сӛйлемдегі нұсқасына қарасақ, 

«Шығанаққа  түсінеді,  дүлей  машинеге  түсінбейді»  антонимдік 

тұлғадағы етістіктердің барыс септігінде меңгеріліп тұрғанын кӛреміз.  

«Аумаймын» 

сӛйлемде 

«қайтпаймын», 

«таймаймын» 

мағынасында  тұр.  Енді  осы  етістікті  «ұқсастық»  мағынасында 

зерделесек, «Ол анасына тартпаған, әкесінен аумайды» болып, қарсы 

мағынадағы  «ұқсамау-ұқсау»  деген  мәнге  ие  болады.  Қарама-қарсы 

мағынада  қолданылып  тұрған  «тартпаған»  барыс  септігінде,  ал 

«аумайды» шығыс септігінде меңгеріледі. 

Тілімізде  ӛзге  тілді  аудиторияға  меңгеруді  дұрыс  қолдануға 

мүмкіндік  беретін  немесе  үйретететін  тіл  құралдары  әлі  де  болса  аз. 

Бұл  мәселені  неміс  лингвистикасы  әлдеқашан  шешіп  қойған  десек, 

қателеспейміз.  Орыс  тіл  білімі  де  әрбір  сӛздікте  етістіктің  қасына 

сұрақ  қою  арқылы  тіл  үйренушіге  жол  сілтеп  отырады.  Тіпті  орыс 

ғалымы  Д. Э.  Розенталь  меңгеру  тақырыбына  анықтамалық  сӛздік 

жазып,  баспасӛз  қызметкерлері  мен  тіл  оқытушыларға  зор  жәрдем 

жасады.  Тілші-ғалым  А.С.  Аманжолов  «Глагольное  управление  в 

языке  древнетюрксих  памятников»  еңбегін  жазса,  ғылым  докторы  Ә. 

Аблақов «Қазақ тіліндегі меңгеріле байланысқан сӛз тіркестері» деген 

тарихи-салыстырмалы  негізде  докторлық  диссертация  қорғап, 

тіліміздің  ӛркендеуіне  айтулы  үлес  қосты.  Ол  монография  ретінде 

жарық кӛрді [6].  

Алайда  әлі  де  болса  әлем  тілдері  тәжірибесіндегідей 

анықтамалар,  сӛздіктер  құрастыру  –  заман  сұранысы. Бұл  бағытта 

қазақ тіл білімінде аз да болса, жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, 

«Қазақша-орысша  және орысша-қазақша  сӛздер  мен  сӛз  тіркестерінің 

сӛздігі»  атты  еңбегімізде  тіл  үйренуге  мүкіндігінше  кӛмек  беруге 

ұмтылдық.  Сӛздіктің  «Етістіктер»  бӛлімінде  олардың  тұсына 

меңгеретін  септік  атауы  кӛрсетілді.  Шығыс  септігінде  қолданылатын 

«бас  тарту»  етістігіне  антоним  болатын  етістік  аталған  еңбекте 

«келісу  (к.с)  –  договориться  с  кем-л,  согласиться  с  кем-л.»  үлгісінде 

тұр  [7,  80  б.].  Септік  атауы  сӛздіктің  алфавиттік  ретін  бұзбау 

мақсатында етістіктен соң қойылды.  



    Proceedings of the International Scientific and Practical Conference     

32 


Демек,  әр  етістікке  сұрақ  қою  немесе  септік  атауын  кӛрсету 

арқылы  меңгеру  мәселесін  шешуге  болады.  Тіліміздегі  меңгеріле 

байланысқан  қарама-қарсы  мәндегі  етістіктер    сӛйлеушінің  нақты 

бағыттағы қимыл-әрекетін анықтап, предикаттық қызмет атқарып, сӛз 

оралымындағы мағына қызметіне қарай еркін қатынасқа түсе алады.  

Қорыта  келе  айтатынымыз,  сӛздер  байланысын,  оның  ішінде 

меңгеріле  байланысуды  үйретудің  тіл  мәдениетін,  табиғилығын  және 

тілдік нормаларды сақтауда маңызы зор. Бұл заңдылықтарды бұзбау  – 

баршамыз  үшін  үлкен  міндет.  Әр  тілде  етістіктің  әртүрлі  формада, 

категорияда  (шақ,  етіс,  рай,  каузативті  үлгілер,  т.б.)  қолданылуында 

айырмашылықтар  мен  ерекшеліктер  кӛп  болғандықтан,  меңгеру, 

валенттілік  секілді  ұғымдарды  түсініп-игеру  аталған  міндеттерді 

жүзеге асыруға кепіл бола алады. Етістіктердің антонимдік қатары да 

сӛздер байланысына қатысып, түрлене алады. Бұл үдерістегі ӛзгерістер 

мен  ұқсастықтарды  ажырата  білу  –  тіл  үйретушілерге  де, 

үйренушілерге де парыз.  



 

ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.



 

Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.  – Алматы:  Ана тілі, 1992.  – 

448 б. 

2.

 



Кемеңгерұлы Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы: 

Алаш, 2006. – 3-т. – 240 б. 

3.

 

Қордабаев Т., Томанов М. Тарихи грамматика мәселелері.  – 



Алматы: Мектеп, 1975. – 175 б. 

4.

 



Әбдіғалиева  Т.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  болымдылық-

болымсыздықтың мағыналық қызметі. – Алматы: Білім, 1996. – 160 б. 

5.

 

Серебрянников 



Б.А., 

Гаджиева 

Н.З. 

Сравнительно-



историческая грамматика тюркских языков. – Москва, 1996. – 213 с. 

6.

 



Аблақов А. Меңгеріле байланысқан етістікті сӛз тіркестері. – 

Алматы, 1986. – 179 б. 

7.

 

Қазақша-орысша  және  орысша-қазақша  сӛздер  мен  сӛз 



тіркестерінің сӛздігі/Казахско-русский, русско-казахский словарь слов 

и  словосочетаний  (Ӛтелбай  Г.  –  жауапты  редактор-автор).  –  Астана, 

2009. – 320 б. 

 

 



 

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет