А. М. Спанова, К. Б. Магазова, А. Е. Ермек Ғылыми жетекші: М. Н. Шаяхметова



бет1/2
Дата26.03.2023
өлшемі25,03 Kb.
#76259
  1   2

А.М.Спанова, К.Б.Магазова, А.Е.Ермек
Ғылыми жетекші: М.Н.Шаяхметова
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ

Аннотация. Мақалада оқушыларға экономикалық тәрбие берудің маңызы баяндалады. Халқымыздың ағартушы-ғалымдарының еңбектеріндегі экономикалық тәрбие мәселесінің негізі - өсіп келе жатқан өскелең ұрпақты нарықтық экономика заңдылықтарына үйрету болып табылады. Қарапайым экономикалық білім беру мен тәрбие жиынтығы оқушыларға тек ақпараттық мән жағына ғана құнды емес, сонымен қоғамдағы адам ролі мен оның құқығын түсіне білуге негіз болады. Экономикалық тәрбие жас ұрпақтың адами қасиеттерін қалыптастыруға көп мүмкіндіктер жасайды.


Кілт сөздер: тәрбие, экономикалық тәрбие

Оқушыларға экономикалық тәрбие, білім беру қоғам дамуының қазіргі сатысында білім алушыларға жалпы білім берудің маңызды бір буынына айналып отыр. Оның басты міндеті – оқушылардың экономикалық ой жүйесін дұрыс қалыптастыру, оларды адамгершілікке, құрал-жабдықтарға ұқыпты қарауға үйрету қазіргі экономикалық құбылыстарды түсіне білетін және экономикалық терең білімді азамат тәрбиелеу.


Өскелең ұрпаққа экономикалық тәрбие мен білім беру мәселелерін, білім алушылардың экономикалық білімін, іскерлік дағдысын, ойлау түрін, қызығушылықтарын, өз игілігі үшін еңбек ету қажеттілігін қалыптастыру – философтар, экономистер, социологтар, психологтар мен педагогтардың назарын көптеп аударып келеді.
Заман талабы Қазақстандағы экономикалық факторлардың өркендеуіне байланысты экономикалық білім мен тәрбие беру үрдісі кең көлемде зерттеле бастады. Экономикалық тәрбие беру мәселесін зерттеуші ғалымдар пікірінше: «оқушы жастарға экономикалық тәрбие беруде бір ескеретін жай: экономикалық жаңаша ойлау өздігінен пайда болмайды, ол қажырлы еңбекпен келеді. Соның дәлелі, заманында Әбу Насыр әл-Фараби адамның практикалық іс әрекетіне үлкен мән бере отырып, таза еңбектің рөлі мен мазмұнына, тек еңбек қана адамды жануарлар дүниесінен бөліп, оқшау шығаратынын ғылыми тұрғыда дәлеледеген.
Халқымыздың ағартушы-ғалымдары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов,Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаевтардың еңбектерінде экономикалық мәдениет мәселелері көрініс тапқан. Оқушылардың экономикалық тәрбие мәселесіне арналған бірқатар жұмыстарда еңбекке оң көзқарас пен қоғамдық меншікке ұқыптылық арасындағы байланысты қалыптастыру қарастырылды.
Абай өзінің халқына, келер ұрпағына өшпес әдеби мұра қалдырды. Абай жастарға үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан қай дәуірде болмасын көнермейтін, адамды қиыншылық атаулыдан аман-есен алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің нұсқасы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз – нысаны екені даусыз. Абай жастардың өз алдына шаңырақ көтерген кездерінде шаруашылық-экономикалық есебіне ыждағатты болуы керектігін естеріне салады. Екі жастың да отбасы қаржысын үнемді пайдалануын, адал еңбегінің құнын өмірлік қажетіне жаратуға үндеді. Мақтан үшін артық дүние-мүлікке қызықпай, не болмаса қолпаш сөзге қарық болып, қолындағысын орынсыз шашпай үнемшіл болуға үйретті. Үй болған соң, еткен еңбегіне сай жиналған қаражат-қоры болуын мұқият тапсырды. Жастар өз бақытының қожасы, мұны берік дәстүрге айналдыру өз қолында екеніне сенді, жұбайлық өмірді алдын ала даярлықпенбастауына үлкен мән берді. Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге үндеді.
Заң ғылымдарының кандидаты Сәкен Өзбекұлының «Нарықтық қатынастар туралы ойлар» мақаласында Абайдың нарықтық көзқарастары біршама дұрыс және жан-жақты сараланған. Атап айтқанда, ғалым өз мақаласында: «...Абай сол кездің өзінде қазіргі заманғы нарықтық қатынастар, бизнесті ұйымдастыру, еркін кәсіпкерлік, капиталды ерте сатыда қалыптастыру, меншік құқығын иелену, пайдалану сияқты сұрақтарға жауап іздеді». Біз Абайдың өз дәуірінде айтқан пікірлері қазіргі заманның талаптарына сәйкес келетінін анық көреміз.
Ал, Абай Құнанбаевтың еңбектерін талдай отырып, Қазақстандағы экономикалық ойдың дамуын зерттеген экономика ғылымдарының докторы, профессор Дүйсенхан Қабдиевтің еңбектерін көріп отырмыз. «Абай Құнанбаев өзінің творчестволық еңбектерінде көптеген экономикалық мəселелерді көтеріп, оны ағартушылық жəне демократиялық көзқараспен шешіп отырған. Көшпелі халқымыздың шаруашылығын жақсы білетін ол Қазақстанның экономикалық даму болашағы құнды пікірлер айтқан. Бұл пікірлері тарихи жағынан оқшаулау болғанымен, қазақ халқының əлеуметтік экономикалық пікірлерінің оянуына үлкен үлес қосқан».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет