Эссе
Менің мұғалімдік кәсіби мінсіз өмірім...
Мұғалімнің кәсіби мінсіз өмірі оқушымен тікелей байланысты. Ғалым Шлейзердің мұғалімдер туралы айтқан сөздері осыған дәлел бола алады деп ойлаймын: «Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, оның оқуын барынша даралап, баланың бойында метасананы – қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс».
Мұғалімнің кәсіби мінсіз өміріне не кедергі бола алады? Мұғалім қай жағдайда өзгеруі мүмкін? Егер әр мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұратын болса, оның ұстанымына негізделген идеялары сенімді болып, сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етуші еді. Сондықтан, мұғалімінің жаңашыл болуы толығымен оның ұстанымдарының өзгеруіне байланысты.
Мұғалімнің кәсіби мінсіз өмір сүруінде Шульман атап кеткен «үш көмекші» оқытуда табысты да тиімді болады деп ойлаймын. Себебі, адамның басы, қолы, жүрегі бірі-бірінсіз қызмет атқара алмайды. Ғұлама Абай да өзінің «Он жетінші сөзінде» қайрат, ақыл, жүрек туралы айтып кеткен. Абай жүректі, яғни адам - адамды сүю, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нәрсе - осы үшеуінің бірлігі. «Осы үшеуі бір кісіде менің айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді.
Сондықтан, менің ойымша, бүгінгі күндегі мұғалімдер – өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды қызмет екені түсініп, осыған қатысты нақты ұстанымы қалыптасқан жандар болғанда ғана, оның кәсіби қызметі мінсіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |