А мен тарыдай жақсылық қылсам, таудай зұлымдығымды жасырғалы қылам. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұялмаймын



Дата25.11.2023
өлшемі22,56 Kb.
#127637
Байланысты:
10-сынып ТЕСТ


Тест №1
1.Қай сөзді Абай айтқан? 
А) Мен тарыдай жақсылық қылсам, таудай зұлымдығымды жасырғалы қылам. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұялмаймын.
В) Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
С)Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.


2.Абай жазған өлеңді табыңыз.
А) Ер жетем, толам, қайта солам, Әрi анам бұл жер, әрi молам, Денемдi жұтпай тынбаған. Кетедi жаным нұрға таман‚ Жазықсыз болса, барады аман, Қиянат iстi қылмаған.
В) Нашарларды жылатып, Байлардың сатпа малына. Көз жасына қаларсың, Қарамасаң зарына.
С) Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық, Бұл қайраттан шығады, білсең керек.
3. Абай төмендегі қай сөздің авторы? 
А) Қызыл гүлге қызығып сайраған бұлбұл гүл соларын білгенде зарламай қайтсін.
В)Ұят деген - адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты.
С)Жұрт керегін білетіндер – көп, істейтіндер – аз.


4.Қай сөздің авторы Абай? 
А)Арын сатқан мал үшін антұрғанның Айтқан сөзі құрысын, шыққан үні.
В)Қазақта жазылмайтын бір ауру бар Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.
С)Адамдар мал-мақтан үшін соғысып, өзі жек көретін өлімге жанын тапсырады.
5.Абайдың айтқанын табыңыз.
А)Жоқтық егіндігіне бір бидай еге алмасаң, барлық қырманынан жалғыз арпа да ала алмассың.
В) Бұл күндегіге байлық та мақтан емес, ақыл, абұйыр да мақтан емес, арыз бере білу, алдай білу - мақтан. Бұл екеуі қолынан келген кісі салт атты, сабау қамшылы кедей де болса, аз да болса орны төрде, майлы атқа, майлы етке қолы жетеді.
С) Біреу – жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді, біреу – маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де – бос сөз.
6.Мына шумақтардың бірінің авторы - Абай. Қайсысы екенін тауып көріңіз. 
А)Енді маған, ойласам, Дұспан да бір, дос та бір. Терең ойға бойласам, Адам менен шошқа - бір.
В)Білмейсің жөнің менен терісіңді, Ел болып іс етпейсің келісімді. Үміт қып бәйге атындай талай қосып, Байқадық шабыс түгіл, желісіңді.
С) Өз үйінде өзендей, Күркірейді, айтса дау. Кісі алдына барғанда Шабан, шардақ және шау.


7.Абай айтқан нақылды табыңыз.
А) Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшінші - залымдық деп білесің.
В) Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма? Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс.
С) Адамның түзу жолға түсуінің бірінші шарты — өзін-өзі тексеру, өз қатесін көре білу, келешекте сол қателікке жол бермеуге ұмтылу.


8.Абай өлеңі қайсы? 
А) Жұртқа көңіл қалып тұр, Жұрт жалғанға нанып тұр. Өтірік өрлеп күшейіп, Шын жеңіліп, талып тұр.
В) Жол таба алмай сенделіп, Адасып алаш жүргенде, Бұл күнгі көп көсемдер, Сұраймын, сонда қайда едің?
С) Әркімді заман сүйремек, Заманды қай жан билемек? Заманға жаман күйлемек, Замана оны илемек.
9.Абай төмендегі қай өлеңнің авторы?
А) Бір ғылымнан басқаның, Бәрі де кесел асқанға. Үйткен адам жолығар, Кешікпей-ақ тосқанға.
В) Біреу сені мақтаса, қуанасың, Жамандаса, жабырқап, суаласың. Мақтаған кім, сөккен кім –онда ісің жоқ,
Бәрі – бір, сен де елерме дуанасың.
С) Бар ма екен біздей ғафыл жұрт, Атырафқа көз салсақ. Көзі іскенше ұйқыға Келе жатқан тоя алмай?
10.Соңғы сұрақ. Мына нақылдардың қайсысы Абайға тиесілі? 
А) Бақпен асқан патшадан Мимен асқан қара артық.
В) Адамның шын мағынасымен "Адам" болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбайды, жалпы адамзатты сүюі шарт.
С) Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет