Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет1/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2




АХМЕТОВ Кенжебай. 
ӘДЕБИЕТТАНУ ӘЛІППЕСІ. Оқу құралы. – Алматы: ҚАЗақпарат, 
2000. -184 бет. 
Кітапта филология ғылымы, көркем әдебиет, көркем шығарма, әдеби 
даму мәселелері арнайы тарауларда қарастырылып, әдебиеттану ғылымына 
байланысты теориялық ұғымдар мен терминдер саралана түсіндірілген. 
Еңбек филолог-студенттерге, магистранттар мен аспиранттарға, жалпы 
әдебиет сүйер жұртшылыққа арналған. 



ОЙ – ТҮРТКl 
Адам жаны қашанда жұмбаққа құштар, жұмбақтың шешуiн табуға асық. 
Жұмбақ бiреу болғанымен, оның жауабын әркiм әрқилы шешедi. 
Ғасырларды көктей өтiп, ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан Ұлы 
жұмбақ – жаратылыс. Жаратылыстың көркем бейнесi – өнер. Өнер – әрi 
жауап, әрi жұмбақ. Өнердiң бiр түрi – әдебиет. Демек, әдебиет те – әрi жауап, 
әрi жұмбақ… Неге?.. Бұл сұрақтың жауабын бiз алдағы әңгiмелерiмiзде қал-
қадерiмiзше қайтаруға талаптандық. 
Әдебиет жайында айтылған әсерлi сөз де, әдемi сөз де, әсiре сөз де аз 
емес. Әдебиет мәселелерiн алуан қырынан қарастырып, таным деңгейiне сай 
таразылап, пiкiр өрбiткен ой иелерi ерте дәуiрлерде де болған, бүгiн де бар, 
ертеңгi дәуiрлерде де бола берерi хақ. Өйткенi толассыз өмiр барда өнердiң 
де өшпесi анық. Өнер өшкен сәтте адамзаттың “адамы” қоса жойылып, 
“заты” ғана қалары ақиқат. 
Уақыт озған сайын әдебиет өнерiнiң де, әдебиеттану ғылымының да 
өрiсi ұлғайып, өресi биiктей түсуде. Бұл – шындық. Қияны көздеген ғылым 
сәт санап шарықтап бара жатқан шақта әдебиеттанудың “әлiп-би” 
қағидаларына қарайлаудың өзi қолайсыздау сияқты. Десек те, себепсiз салдар 
болмайтыны және мәлiм… 
Бұл еңбектiң жазылуына Құштархан деген оқушымен арадағы әңгiме 
себепкер болды.
Дәстүрлi шаралардың бiрiне айналған мектеп бiтiрушiлермен болашақ 
мамандық жайында сөз қозғалатын кездесулердiң бiрiнде оқушылар өз 
пiкiрлерiн ортаға салып, “заңгер боламын”, “экономист боламын” деген 
үлгiдегi армандарын бөлiсiп жатты. Бәрi де – уақыт талабымен үндес, қоғам 
бейнесiне орайлас ой-армандар. Сондықтанда болар, ондай арман-
мұраттардың жиi қайталануы ешкiмге де тосын жәйт емес едi.
Кездесудiң орта тұсында сөз кезегi тиген оқушылардың бiрi: “Мен 
әдебиеттi ұнатамын. Болашақта филолог болғым келедi. Бiрақ филолог 
мамандығының қандай мамандық екенiн бiлмеймiн”,- дегенде ғана, құрбы-
құрдастары ду ете түскен. Алайда құрбыларының бұл дуылынан оның 
қысыла қоймағаны аңдалды. Жұрт саябырлаған сәтте сабырлы кейiпте: 
“Филолог мамандығының тiл мен әдебиетке қатысты екенiн мен де бiр 
кiсiдей түсiнемiн. Менiң айтпақ болғаным мүлде басқа”,– дедi де, өз орнына 
оралды.
Өзгелердi қайдам, менi сол оқушының әсiреқызыл бояусыз шынайы сөзi 
ойға қалдырды. Себебi – оның айтқан сөзi мен өзгелердiң әлгi әрекетi бiраз 
шындықтың айнасы iспеттi едi. Бұл айнадан сол оқушының сөз өнерiн құпия 
сырлы жұмбақ әлем ретiнде танып-бiлуге құштарлығы мен құрметiн де, 
сонымен бiрге көптеген жандардың сөз өнерiн “әлекей-шүлекей сөз тiзбесi” 
деп, филолог-маманды “сөйлей берушi” деп бағалайтын тым қарабайыр 
түсiнiгiн де айқын көруге болатын… 



Құштархан екеуiмiздiң арамыздағы сол күннен басталған таныстық 
әдебиет, әдебиеттiң қыр-сыры жайындағы сұрақ – жауаптан тұратын 
әңгiмелерге ұласып, нәтижесiнде осы еңбек дүниеге келдi. Екеуара әңгiме 
қағаз бетiне көшкенде азды-көптi өңдеу-өзгерiстерге түскенiмен, негiзгi 
жүйенi сақтауға ұмтылдық. Құштархан сияқты әдебиет құмар, әдебиет 
әлемiнiң қызық та қиын, тылсым сырларын танып-бiлудi мұрат тұтқан 
талапкерлерге арналған бұл еңбек алабұртқан арман мен салиқалы ғылым 
арасын сабақтастыратын дәнекерлiкке жараса, ақ қағаз бен қара сияның текке 
рәсуа болмағаны. 
Автор. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет