а тұрақты электр тогы



Дата18.10.2023
өлшемі104,86 Kb.
#117980
түріСабақ

Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтың аты жөні:

Турсынбаева Галина Карибжановна

Күні:




Сынып: 8

Қатысуылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат
19 практикалық жұмыс
«Кедергісінің материал тегіне тәуелділігі»

Оқу бағдарламасына сәкес оқыту мақсаттары

8.4.2.7– кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру;
8.4.2.8 – есеп шығарғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiнің формуласын қолдану

Сабақтың мақсаты:

Өткізгіштің электр және меншікті кедергісінің физикалық мағынасын түсіндіреді. Реостаттың құрылысы және қолдануын сипаттайды
Электр және меншікті кедергісінің формуласын түрлендіреді
Реостаттың қолдануына мысалдар келдіреді

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі/уақыт

Педагготың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
12 мин



Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Жағымды ахуалды қалыптастыру мақсатында «Шаттық шеңбер» сергіту ұйымдастыру, оқушыларды тексеру, түгелдеу, сабаққа назарын аудару. Оқушылардың көңіл күйі көтеріңкі болуы үшін физикалық шамалар арқылы \I, R, U\ топқа бөлу арқылы өткен білімдерін тексеруге байланысты осы шамалар туралы айтады.
«Кім жылдам» әдісі



Формуласын жазып көрсет



Атауы

Белгіленуі

Форму-ласы

Өлшем бірлігі

1

Ток күші










2

Электр кернеу










3

Электр кедергі










4

Электр сыйымдылық










5

Заряд












Бағалау: Ауызша мадақтау




Сабақтың ортасы
20 мин



«Сіз қалай ойлайсыз?» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойып, содан соң электронды оқулық арқылы бейнематериал көрсету.. Оқушылар өз пікірлерін айтады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді, толық жауап берілмесе бейнематериал қайтадан көрсетіледі.

Сұрақтар:


Бейне материалдан ен көріп отырсыңдар?

Оқушылар бейнематериалдарды көреді
Дескриптор:
Резисторды қай жерлерде қолданылатынын айтады.
Резистордың маңыздылығына сипаттама бере алады
Бағалау: «Баспармақ» тәсілі
Кері байланыс: ауызша






Бейнематериал
Bilimland.kz





Топтық жұмыс: Саралау тапсырмалар
«Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі арқылы оқушыларға қандайда болмасын тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Мұғалімнің екі – үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.



Тақтада тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі.


Тапсырма 1.
1-топ. Өткізгіштің пайдасы. кедергінің өткізгіштігі.
Дескриптор: Білім алушы
Мәтінді топпен талдайды.
Өткізгіштің кедергісін пайдасын айтады
Кедергінің өткізгіш көлемінің тәуелділігін айтады
2-топ. Меншіктік кедергі және есептелуі
Дескриптор: Білім алушы
Мәтінді топпен талдайды.
Өткізгіштің меншікті кедергісін айтады
Өтізгішті кедергісінің формуласы туралы айтады.
3-топ. Реостат пен резистор.
Дескриптор: Білім алушы
Мәтінді топпен талдайды.
Реостат туралы айтады
Резистор маңызын айтады
Сөздік қоры:
Кедергі(резистор) – сопротивление (ризистэнс) -resistance
Өткізгіш-проводимость- conduction\ conductivity (кэндакшэн\кондактивити)
Реостат-реостат(риоустэт)-rheostat
Кернеу –напряжение (воултидж) -voitage
Ток, Ток күші –ток, сила ток(карэнт) -current
Ом*метр – ом * метр – om*meter
Электр –электричество (илектрисити) -electricity
«Тәрелке» әдісі.












Практикалық жұмыс № 19

Тапсырмалар №

Дескриптор

Білім алушы

1-4

Есептің берілгені мен сұрағын жазады

Қажет болғанда ХБЖ-ға аударады

Есепке қажетті формуланы қолданады

Есептеулерді дұрыс орындайды



№1.Ауданы 4мм2 өткізгіштің кедергісі 40 Ом. Кедергісі 100 Ом-ға тең болу үшін ұзындығы сондай және бірдей материалдан жасалған өткізгіштің қимасының ауданы қандай болу керек екенін есептеңіз.

№2.Ұзындығы 1м және көлденең қимасының ауданы 0,5мм2 өткізгіштің кедергісіндей кедергі болу үшін, көлденең қимасының ауданы 10мм2 сымнан неше метр алу керек екенін анықтаңыз. Өткізгіштің екеуі де бірдей материалдан жасалған.


№3.Көлденең қимасының ауданы 6,8мм2 мыс сымның кедергісіндей кедергісі болу үшін ұзындығы осымен бірдей алюминий сымның көлденең қимасының ауданы қандай болуі тиіс? ρм=0,017 Ом·мм2/м; ρА=0,028Ом·мм2/м.


№4.Көлденең қимасының ауданы 0,1мм2, ұзындығы 150см күміс сымның кедергісі қандай болады? Егер осы сым арқылы 1,5 А ток өтсе, онда өткізгіш сымның ұшта-рындағы кернеу қандай екенін анықтаңыз.( ρк=0,016Ом·мм2/м).





Бағалау түрі: өзін – өзі бағалау
Кері байланыс: «Жарайсың», «Керемет», «Өте жақсы» 





Сабақтың соңы
8 мин



Кері байланыс
Рефлексия
«Сөйлемді аяқта». Оқушылар жазылған сөйлемдердің біреуін таңдап, оны әрі қарай жалғастырып, аяқтайды:

  • мен мынаны білдім.....

  • маған қызық болғаны.......

  • маған қиын болғаны......

  • мен мынаны сезіндім.......

  • қолынман мынау келді.......

  • мен мынаны жасадым.......

Үй тапсырмасы § 23 жаттығу 5.2 (3)



Оқушылар жазылған сөйлемдердің біреуін таңдап, оны әрі қарай жалғастырып, аяқтайды:

  • мен мынаны білдім.....

  • маған қызық болғаны.......

  • маған қиын болғаны......

  • мен мынаны сезіндім.......

  • қолынман мынау келді.......

  • мен мынаны жасадым.......

Үй жұмысын күнделіктеріне жазады.











Оқулық


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет