«Абай атындағы мектеп – гимназиясының» кмм «27» наурыз «27» мамыр аралығында өткен Байқау іс – тәжірибесінің есебі



Дата09.06.2023
өлшемі35,08 Kb.
#100000
Байланысты:
ЕСЕП



Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі
«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»
мамандығы бойынша
БМ – 21 – 1 тобының 2 курс студенті
Айтбаева Диляра Саматқызы
«Абай атындағы мектеп – гимназиясының» КММ
«27» наурыз - «27» мамыр аралығында өткен
Байқау іс – тәжірибесінің есебі

Жетекшілер:


Абильдина Б.Қ.

Бакижанова Ж.М.
Бейсенова А. Н.
Бағасы:
Қарағанды 2023Мен Айтбаева Диляра Саматқызы 27.03.2023- 27.05.2023ж аралығында «Абай атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-сінде «байқау» іс-тәжірибесінен өттім.
Мені 2 «Г» сыныбына жіберді. Сынып жетекшім Каганакова Бахыт Алпасбаевна болды. Сыныпта барлығы 25 бала, оның 17 қыз, 8 ұл.
Педагогикалық практикагың негізгі міндеті жас педагог студенттерді болашаққа даярлап, оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты сезіндіре білу және жас мамандар даярлау болып табылады.
Оқу практикасына шықпастан бұрын студенттерге тусіндіру жұмыстары жүргізілді.
Практиканың алғашқы күнінде студентерге практика жетекшісімен кеңес болды. Бұл кеңесте студендерге мектепте қалай киіну, бізге кандай кажетті кұжаттар керектігі жайлы, мектептің ішкі тәртібі және сынып жетекшілермен қарым-қатынасты дұрыс құрастыру түсіндірілді. Бұл кеңесте студенттерге пратикада өздерін тек жақсы көрсете білуді және де өздерің болашақ ұстаздай ұстай білуі секілді әр турлі бағыттарды түсіндірді. Студентер практикадағы жетекшілерімен танысып, практикаға арналған кунделікті алып сыныптарға бөлінді.
Кеңес барысында студент-практикант қаншалықты мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтай алатыны жайлы және осы сияқты тағы басқа мәселелер қозғалды. Студенттің кәсіби әрекеті мазмұнды материалдардын негізінде, практика барысында жетіледі деп айта кетті. Бұл кезенде студенттердін іскерлігі мен дағдылары калыптасады және өзіне деген сенімі артады. Шығармашылық денгейде жұмыс істеу барысында олар өз білімдерін дәлелдейді. Студент-практикант өз іс-әрекетін талдай отыра, жұмыс барысында туындаған қиыншылықтарды іскерлікпен шешетіндігі жайлы айтылып кетті.
Сыныпта электронды тақта, аудиокітаптар, оқу бұрышы, колдан жасалған көрнекіліктер, түрлі- түрлі гүлдер, принтер, компьютер бар. Бұл мұғалімнің балаларға нақты ақпарат беруіне өте қолайлы. Мұндай жағдай әр сыныпта жасалынған. Жалпы мектептің өзі де түрлі ақпараттық технологиялармен толық қамтылған. Алғаш келген күннен бастап мұғалім мен балалар мені жылы лебізбен қарсы алды. Мұғалім алғашқы күннен бастап сынақ сабақты қалай өткізу керектігі туралы біраз анықтама берді. Сабақ басталарда психологиялық ахуал жасап, балаларды алдын ала сабаққа дайындайды. Кейін балалардан уй тапсырмасын түгел сұрады. Үй жұмысына дайын емес балалармен жеке жұмыста жасады. Сабақ барысында да турлі әдіс-тәсілдерді тиімді колданды. Мысалға Worldwall. Bilimal.kz, YouTube, Viren т.б. Мұғалімнін АКТ-ларды колданғанына қарай отырып, біраз акпарат алдым. Мұғалімнің сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, іс-әрекеті балалардың жітік назарында болады екен. Балалар біраз уақыттан соң психологиялық тұрғыда, бұл әрекеттерді бойына сіңіре бастайды. Менде мұғалімнен үйренгенімді іс жүзінде іске асыруға тырысып бақтым.
Мектепке келгендегі бірінші аптам мұғалім мен балалардың іс-әрекет бакылаумен өтті. Бұл жерде мен балалардың өте белсенді екенін байқадым. Олар мұғалімнің дайындап қойған тапсырмаларын жылдам-жылдам орындауға құштар болып тұрады. Бұл олардың сабаққа aca қызығушылықпен қарайтындықтарын көрсетеді.Тіпті, қоңырау уақытыңда жан-жал туындаған жағдайда олар, өз-өздерін дұрыс ұстай біліп, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенің ажырата біледі. Мұғалімде балаларды іс-әркеттерін ақылға салуға дәріптейді. Пәндер: байқау практикасында сынып сағаты, әдебиет, математика,қазақ тілі, жаратылыстану, дүниетану сабақтарынан бердім.Екінші аптадан бастап бір сабақтан өткізе бастадым.
Көбіне әдебиет пәнінен сабақтар жиі өткіздім. Әдебиет пәнінен «Құстар тіршілігі», «Күн мен көлеңке», «Алуан түрлі ағаштар», «Қорықтар», «Табиғат құбылыстары», «Мейірімділік», «Саяхатқа шығамыз», «Көмірлі өлкеге саяхат», «Туған жерге саяхат», «Саяхаттағы сабақ», «Жаңалықтар еліне саяхат», «Өнер еліне саяхат», «Қызықты саяхаттар» тақырыптарында сабақ өткіздім. Әр сабақтың басында өткен сабақты еске түсіріп, үй жұмысын сұрап шығам, Үй жұмысын сұрау жүйесі 6-10 баланы қамтиды,10 минут кетеді. Үй жұмысын сұрап шықаннан кейін жана тақырыпты ашып түсіндіруге кірісемін. Жаңа тақырыпқа байласынты видео материалдар дайындағам қосымша ақпарат ретінде. Және сол бейнетаспалар бойынша сұрақ қойып және мысалдар келтіре отырып жана тақырыпты түсіндіруді аяқтаймын.Осы кезеңде мәтін немесе өлен беріледі. Мәтін берілсе мәтінді өзім оқып,сосын балаларға оқытып.Оқытуға қолданған тәсілдерім тізбектеп оқу. Оқытқаннан кейін сұрақтар қою.Жаңа тақырыпты ашу үшін бірнеше тәсілдер қолдандым:Сөзжұмбақ, ребус, жұмбақ, ассоциация және бірнеше суреттерді байланыстыру әдістерін қолдандым. Жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң жұмыс дәптердің тапсырмаларын орныдауға көшеміз. Соңында кері байланыс өткіздім.Қолданылған әдісім бағдаршам түстері арқылы бағалау, яғни, «Бағдаршам» әдісін қолдандым. Оқушылар оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізкені туралы ой-пікірін тыңдадым. Оқушылардың басым бөлігі жасыл түсті таңдап,өз ойларың толықтай жеткізе білді. оқушыларым сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланды, өз ойларын ашық, еркін жеткізуге үйренді. Бүгінгі сабақ туралы өз ойларымен бөлісуді, өзіне – өзі есеп беруді, өзін – өзі реттеуді, түрлі болжамдар жасауға, бірлесе жұмыс жасауға үйренді.Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақ барысында қолдануымнан алған нәтижем-оқушыларға ой қозғай отырып, оқушылардың өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап,естіген, білгенін талдап қана қоймай, салыстырып, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауга үйренді. Жәнеде «Көмірлі өлкеге саяхат» тақырыбында сабақ өткіздім. Сабақ мақсаты:мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құру және түрлі дереккөздерден ақпарат аласың. Қолданылған әдіс тәсілдер «Ыстық орындық», «Миға шабуыл», «Ассоциация», word well бағдарламасы арқылы «Сәйкесін тап!», «Каспи» әдісімен қорытынды рефлексия жасадым. Оқушылар сабақ барысында жақсы көрсете алды. Оқушылар тапсырмаларды толық орындады.
Тәрбие сағаты тақырыбы«Дені саудың жаны сау» атты сынып сағаты болды. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың қадірін білуге , жат әдеттерден аулақ белуга үйрету болды. Қолданған әдісі-тәсілдерім: «саяхат сабағы», ассоциация әдістерін қолдандым. Екінші сынып сағатымның тақырыбы:«1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні». Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға дос туралы, достық қарым - қатынас жөнінде түсінік беру. Адал дос пен амал достың айырмашылығын түсіндіру. Адалдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.Тәрбие сағатында қолданылған әдіс-тәсілдерім:дос туралы нақыл сөздер, өлеңдер, мақал – мәтелдер, суреттер, үлестірме материалдар болды. Мектеп мұғалімдері тарапынан жақсы қолдау көрсетілді. Олардан жақсы өзіме қажетті қосымша мәліметтерді жинадым.Сонымен қатар, тәрбие жұмыстарына сай өтілетін іс-шараларды ұйымдастыру және оған барынша жауапкершілік танытып, белсене қатысу қажеттілігін де естен шығармадым. Сабақ өту барысында күнтізбелік тақырыптық жоспарды дайындау және өткізу, көрнекі құралдар дайындау, сабақтан тыс оқу жұмыстары мен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып өткізудің қыр-сырымен таныстым.Сонымен қатар пәнді оқытуда дәстүрлі әдістермен қатар жаңа технологияларды кеңінен қолдануды үйрендім.
Соңымен қатар, жаратылыстану пәнінен де сабақ өткіздім. Жаратылыстану сабағынан:«Күн сәулесі қайда кетті?», «Дыбыстар қандай болады?»,«Жаз мезгілінде аяз қайда кетті?»,«Термометр ыстық пен суықты қалай ажыратады»,«Магнитті не үшін қолданады?»,«Жазғы демалысты қалай қызықты өткізуге болады?».Сабақтың тақырыбы «Дыбысты қайдан естуге болады» Мақсаты:Дыбыстың таралу ерекшеліктерін біледі. Сабақ өткізу барысында ойын технологиясын қолдандым. Себебі,ойын кезінде оқушылардың арасында ортақ байланыс түзіледі. Мысалы, «Дыбысты тап» ойының қолдану барысында әр түрлі жан-жануарлар мен құстардың дауысын қою арқылы оқушылардың тапқырлықтарын,шапшаңдықтарын байқадым.Оқушыларға видеожазбадағы кимылдарды орындату арқылы сергіту сәтін ұйымдастырдым.Сабақ оқу максаттарында көрсетілген мақсаттарға жетті.Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында ойын технологиясы мен сергіту сәтін қолданғаннан алған нәтижем- әртүрлі қызықты ойын түрлерін ойнату, сабақ барысында бір сарындылықтан шаршаған оқушыларға сергіту сәттерін қолдана отырып, алуан түрлі қимыл- козгалыстар жасату арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын біршама арттырды.Бір-бірімен жарысу белгілері оқу процесін белсенді жүргізуге және жаратылыстану пәніне деген қызығушылықтарының артуына ерекше септігін тигізді. Жаңа сабақтың тақырыбы «Магнитті не үшін қолданады?». Мақсаты: магниттерді қолдану аясын сипаттау; эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру. Үй жұмысын сұрап шықаннан кейін жана тақырыпты ашып түсіндіруге кірісемін. Сабақ өткізу барысында Филворттағы жасырын сөздерді тап ойынын ойнаттым.Қолданылған әдіс-тәсілдер:Сөзжұмбақ, ыстық орындық,топтастыру,сәйкесін тап,жетістік баспалдағы.
Жаңа сабақтың тақырыбы:«Дыбыстар қандай болады?». Сабақтың мақсаты: дыбыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктеу;қоршаған әлем құбылыстары, үрдістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайларды және зерттеушінің тұлғалық қасиеттерін анықтау. Қолданылған әдіс-тәсілдер:«ассоциация»,«адасқан әріптер»,«бағдаршам» қолдандым. Соңымен қатар Зерттеу жұмысын жүргіздім. Оқушыларды 3 топқа бөлдім. Әр топқа жеке жеке тәжірибе жұмыстарын бердім. 1топ Дауыс дірілін зерттеу (есту және сезіну)!Материалдар: шар және жіпТәжірибе барысы:1) әуе шарын үрлеу;2) оны құлаққа жақындату;3) серіктестерін ауа шарына жақындатып, қандай да бір сөздерд іайту;4) серіктестер рөлдерімен алмасады.Дыбысауа арқылы тарайды.2 топ Дыбыстың сұйықтық арқылы өтуін зерттеу Материалдар:ауа шары және сағатТәжірибе барысы: 1) әуе шарын сумен толтыру;2) оны құлағыңызға жақындату;3) сағатты әуе шарының екінші бетіне қою.3 топ Дыбыстың қатты заттар арқылы өтуін зерттеуМатериалдар: қағаз стакандар, жіп, екісіріңкеТәжірибе барысы: 1) сіріңкені ұзындығы шамамен 3м құрайтын жіптің ұшына байлау;2) жіпті стакандардың ішіне бекіту;3) стаканды құлаққа жақындату;4) серіктестер жіпті тартып, бір-бірінен алыстайды. Зерттеу жұмысы сәтті өтті. Зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін пайдаланған кезде оқушылар жаңа білім алып, дағдыларды игерді, құбылыстардың табиғи сипатына және олардың материалдық тұрғыдан көз жеткізеді, тәжірибеде тексеріп, қадағаланатын қорытынды жасап үйренді.
Жаңа сабақтың тақырыбы:« Магнитті не үшін қолданады?». Сабақтың мақсаты: магниттерді қолдану аясын сипаттау. Жаңа тақырыпты ашу үшін бірнеше тәсілдер қолдандым: «Бургер»,«Телефон»,«Бинго»,«Мен зерттеушімін» әдісі.
Математика пәні: Алғашқы сабағым математика пәнінен «Екі амалмен шығарылатын есептер» такырыбында өтті. Сабақтың мақсаты:санды бірнеше есе арттыру кемітуге, еселік салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептерді құрастыру және салыстыру.. Қолданылған әдіс-тәсілдер:«Ракета»,«Ақша»,«Баскетбол». Жаңа сабақты түсіндіру барысында окушылар өздерінің білімге құмар екендерін көрсетті. Оқушылар сандарды бірнеше есе арттыруға, кемітуге, есеп құрастыруға үйренді. Сабақ өткізу барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдандым.Мәтінді есептерді шығару барысында окушылар өте белсенді болды. Өзіндік пікір қалыптастырып,өз ойларын дұрыс жеткізе білді. Тақырыпты қорытындылау ретінде сабақта болған көңіл-күйді бағдаршам түстері арқылы бағалау,яғни, «Бағдаршам» әдісін қолдандым.Оқушылардың басым бөлігі жасыл түсті таңдап,өз ойларын толықтай жеткізе білді. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақ барысында қолдануымнан алған нәтижем оқушыларға ой қозғай отырып, оқушылардың өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап қана қоймай, салыстырып, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп,өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға үйренді.
Математика пәнінен «Екі амалмен шығарылатын есептер»,« Жай және құрама есептер.»,« Жазық фигуралардың модельдерін бөліктерге бөлу. Олардан композициялар құрастыру»,« Көпбұрыштардың, қоршаған ортадағы заттар бетінің қабырғаларын өлшеу»,« Тіктөртбұрыштың, шаршының, үшбұрыштың периметрін табу формуласы»,« Тіктөртбұрыштың (шаршының) қабырғалары мен периметрін табуға берілген есептер» сабақтарын өткіздім. Сабақ өткізу барысында менде үлкен қобалжу болды және кемшіліктерде болды. Оның бірі сабақты уакыттылы үнемдей алмауым. Бірақ ең бастысы сабақтың мақсатына қол жеткізе алдым оқушылар сабақты түсінді.
Қазақ тілі пәнінен: «Етістік», «Дара және күрделі етістік», « Сын есім»,«Дара және күрделі сын есім»,«Сан есім», «Дара және күрлері сан есім». Сабақтың тақырыбы «Сын есім». Мақсаты:Берілген сурет бойынша сипаттау мәтін құрастырады. Қатені табады және түзеп жазады.Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрады. Қолданылған әдіс-тәсілдер: Сиқырлы қорап,«Бинго», суреттер, сөз-жұмбақ,«миға шабуыл»,«әлеуметтік желі» әдісі. Сабақ күннің көзін бұлттардан тазарту арқылы тапсырмалар орындауға негізделген. Оқушыларды топқа бөліп,топ көшбасшылары сайланды.Ұйымдастыру кезеңінде психологиялық дайындық жүргізілді. Өткен тақырыпты қайталауға «Миға шабуыл» әдісін қолдандым. Сабақтың негізгі бөлімінде оқулықпен жұмыс , топпен , жұптық жұмыстар,анаграмма, деңгейлік тапсырмалар, жатқа жазу, есте сақтау қабілетін дамытуға арналған жұмыстар жүргізілді. Және тапсырма орындау барысында ережелер еске түсірілді. Рефлексия ретінде «Бағдаршам» әдісі қолданылды.Топ болып жұмыс жасады. Бағалау парағындағы бағалар талданып, қойылды. Үйге тапсырма берілді. Ойындар ойнауда оқушылардың қызығушылықтары артты. Сабақ жоспар бойынша өтті. Жақсы деңгейде өтті деп ойлаймын.
Дүниетану пәні: «Адам өмірінде табиғат жағдайының алатын орны», «Қауіпті табиғат құбылыстары», «Менің көшем», «Қазақстанға саяхат», «Ежелгі қала – Отырар».Сабақ тақырыбы: Адам өмірінде табиғат жағдайының алатын орны.Мақсаты: ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау. Сабақ өткізу барысында«зерттеушімін», «жұбын тап», «бинго», «каспи» әдіс тәсілдерін қолдандым. Оқушылар сабақ барысында өздеріне керек мәліметті ала алды.
Практика кезінде көптеген қиындықтар болды. Мәселен, сабақ өткізіп жатып оқушыларды дұрыс ұстай алмай қалуым, уақытты үнемдей алмауым, оқушылардың арасындағы келіспеушіліктерді шешу сияқты.Бірақ бұл қиындықтарды мұғаліммен ақылдаса отырып шешімін таптық.
Қорытындылай келе практика кезінде өз бойымнан жауапкершілік, ізденімпаздық, мұғалім берген тапсырмаларды уақытылы орындау, мейірімділік, сыпайылық сияқты қасиеттерді байқадым. Барлық өткізген сабақтарым жоғарғы деңгейде өтті деп айта аламын. Жәнеде сабақтан бөлек балаларды тамаққа апарып, дәптер тексердім, оқушылармен кітап оқыту, қосымша жазу жаздыру сияқты жұмыстармен айналыстым. Осы байқау практикасында сабаққа қатысты көптеген ақпараттармен таныстым.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет