Абайдың "Ескендір" поэмасы. Әбдірахманова Балжан, 101 топ



Pdf көрінісі
Дата05.12.2023
өлшемі3,15 Mb.
#134626
түріПоэма


АБАЙДЫҢ "ЕСКЕНДІР"
ПОЭМАСЫ 
Орындаған : Әбдірахманова Балжан
Қабылдаған : Бекбосынов Марат


АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ 
• Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының ұлы
ағартушысы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ
әдеби тілінің негізін қалаушы, ақын, ойшыл,
би, қазақ халқының тарихындағы аты
өшпес, аты мәңгіге сақталған ұлт зиялысы,
қоғам қайраткері.
• Абай атамыздың туылуы, яғни, 1845 жылы
сол уақыттағы орыстардың отаршылдығы
мен «орыстандыру» саясатымен тұспа-тұс
келген.
• Руы арғын ішіндегі тобықтының Күшік
деген атасының Ырғызбай деген
тармағынан шыққан болатын. Аталары
тобықты руын билеген үлкен шонжар бай –
феодалдар болған.


Абай атамыз келешек ұрпаққа, артына өшпес, алтын, өлмес алтын мұра
қалдырып кеткен ұлы да дара, ерекше тұлға. Абай атамыз өз өмірбаянында үш
поэма жазған болатын. Олар : "Масғұт", "Ескендір" және аяқталмаған поэмасы
"Әзімнің әңгімесі". Ақынның бұл үш поэмасының үшеуі де өзінің туып-өскен
қазақ ортасын, олардың тұрмысын, болмысын суреттейтін шығарма емес. Үшеуі
де шығыстық дастан-аңыздардан немесе ертегілік тақырыптардан алынған
сюжеттерден құралған. Көлемі аз, оқиға сюжеті шағын, Абайдың осы
поэмаларының негізгі идеясы мен мақсаты ұстаздық тәрбиелік ойларға
арналғанын байқаймыз. Қоғам өмірін жан-жақты кең қамтитын роман-
поэмаларға немесе шытырман оқиғалы қызық тартысқа құрылған романтикалық
поэма жанрына Абай атамыз көп қызықпаған секілді.
Ақын белгілі бір оқиғаларды суреттей отырып, шығарма соңында оқушысын
анық бір тәрбиелі ойға жетелейді. Ал енді "Ескендір" поэмасы жайлы сөз
қозғайық.


"ЕСКЕНДІР" ПОЭМАСЫ 
"Ескендір" поэмасы - Абай атамыздың ең үздік поэмасы. "Масғұт" поэмасы сияқты
емес, мұндағы сюжеттік құрылыс оқиға өрісіне сай, барлық әрекеттер мен
қайшылықты оқиғалар негізгі ойларға ұйытқы болып, Ескендір басымен
байланыстырыла суреттеледі.
Шығарманың бас кейіпкері Ескендір Еуропа елдерінің атауынша Александр дүние
жүзі халықтарының аңыздарында, ертегі дастандарында ерекше орын алған адам
болатын.


Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы оқиға арқауы болып, оның өн
бойында көрініп отырады. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл
келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын
сынауға ауысады. Тарихи шындық арқау болған Абайдың "Ескендір" поэмасында,
Ескендір дүние жүзін жаулап алғысы келген басқыншы ретінде де суреттеледі.
Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы философ-
гуманист Аристотельді кіргізеді. Аристотель соңында ғана көрінеді.
• Поэмада аңыз сюжеті сақталғанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып,
реалистік негізде баяндайды. Уақиға әділдік пен жауыздықтың бетпе-бет
кездесуіне түйіседі де, кейіпкерлердің мінез-құлқы, іс-әрекеті біртіндеп ашылады.


Поэмада сүйектің сырын ашу оқиғасында,
Аристотельдің ақылы мен гуманистік ойы оның
даналығы жан-жақты тереңнен ашылып,
Аристотель білімді де білімді, үлкен ақыл иесі тіпті
жер-жаһанды жаулаушы Ескендір патшаның
өзінен де қаймықпай, оған өнегелі ой айтатын
данышпан ретінде суреттеледі.


Әлем әдебиетіндегі А.Македонскийдің
бейнесін көп зерттеген ғалым
Е.Э.Бертельс Абай атамыздың осы
поэмасын білмеген. 
Егерде ол осы поэмамен таныс болған
болса, атамыздың "Ескендір" поэмасы,
тарихта болған, дүние жүзін жаулап
алғысы келген басқыншы Ескендірдің
бар болмысын ашып көрсететін
көркемдік шешімі аса жоғары, тарихи-
реалистік шығарма екендігін мойындаған
болар еді деп ойлаймыз.


Қорыта келгенде, атамыз өзінің "Ескендір" поэмасындағы Ескендір бейнесі арқылы
тарихта болған басқыншы А.Македонскийдің тарихи-реалистік бейнесін сомдаған. 
Өз поэмасында тарихи-реализм тұрғысындағы тарихта болған, тарихи Ескендірдің
бейнесін сомдап, адамгершілік пен әділетті жырлаған Абай Құнанбайұлы "Ескендір"
тақырыбын жырлауда, шығыс классиктерінен сонағұрлым биікте тұр. Себебі,
атамыздың "Ескендір" поэмасы - парасатты адамгершілік пен әділетті жырлаған
тарихи-реалистік шығарма. Бұл - ақиқат дүние !
Сондықтан да "Ескендір" поэмасын, Абайдың дүниежүзілік "Александрия"
тақырыбына қосқан өзіндік зор үлесі деп қарауым керек.


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ !


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет