Абайдың отыз екінші қара сөзі



Дата19.05.2023
өлшемі13,39 Kb.
#94733

Абайдың отыз екінші қара сөзі
Абайдың мол ғибрат,өмірге бағыт-бағдар беретін қара сөздері тек қазақ халқына ғана емес,жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды .Ұлы ойшыл ең алдымен,жастардың алдында тұрған басты міндет ғылым,білім үйрену жолы екенін атап көрсетті.Адам бойындағы қазынаның үлкені,әрбір жігерлі жастың талпынар арманы ғылым болу керектігін ашып айтты.
Қара сөздерінің көпшілігінде ғылым,білім туралы сөз қозғайды. Олардың ішінде отыз екінші сөздің мән-маңызы ерекше. Мұнда Абай білім, ғылым мәселесін тереңірек қозғайды,білуге талап қылушыларға жол көрсетіп,дұрыс бағытты нұсқайды. Қайтсе білім тезірек қолға түседі,оны қалай ұғыну керектігінің алты түрлі жолын таңдап, талдап берген.Біріншіден,қандай да бір іске жаратар едім деп іздемек керек.Екіншіден, біреуден артылам деп, бақталастыққа бола ғылым үйрену адамшылықты азайтатынын, үшіншіден, ғылым үйренуге бар ықыласыңмен берілу,өзіңде барды бағалай білу керектігін,төртіншіден, оқығаныңды ақылға салып, таразылап, есте сақтап қалуға тырысу керектігін айтады. Бесіншіден,ақыл кеселінен сақтанып, алтыншыдан, ғылымды, білімді сақтайтын сауыт – мінезді бұзып алмауды қадағалау керектігін ескертеді.Ақын «Азғырылмайтын ақылы, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар» мінез болса, оқып, үйренгеннің пайдасы сонда ғана зор болады деген түйін жасайды. Абай айтқан ғылым, білімді меңгерудің бұл амал-тәсілдері өзінің жеке өмірлік тәжірибесінен алынғандығы сөзсіз.
Ақын ел билігіне араласа жүріп өз ұлтының болашағы тек білімде ғана екенін терең түсінді.Ел ішіндегі түрлі әлеуметтік мәселелердің түп-тамыры білімсіздіктен,ой-сананың қараңғылығынан, тәрбиенің кемдігінен шығатындығын айқын аңғарды.Абай дүниеде өмір сүру үшін білу мен танудың аса қажет нәрселер екенін түсіндіргісі келді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет