Ағаштан көркем аралау – сәндік-қолданбалы өнердің кең тараған түрлерінің бірі. Ағашты кесудің екі түрі бар: а)материал қабатын алмастан және ә)материал қабатын алып тастау.
Ағаш шеберлері ағашқа керемет өрнектер мен дизайн жасайды, сонымен қатар біздің өмірімізге сән беретін көркем безендірілген бұйымдарды жасайды. Кескіштің жұқа және өткір жүзі ағашқа еніп, үгінділері түседі, материал бөлікке бөлінеді. Мұны аралау деп атайды. Ара — ағаш, металл және басқа да материалдарды кесуге арналған көп тісті құрал. Оның садақ тәрізді, қос тұтқалы, механикаландырылған, станокты, дискілі, пышақты, таспалы түрлері бар.
Жұмыс жасау үшін не қажет?
Қылара (лобзик),Қос тұтқалы ара; садақ ара; арналық ара, Аралау үстелі Қысқыш, (бұрандалмалы қысқыш) Үлгі немесе эскиз Қағаздан көшіргіш (Копировальная бумага) Қарындаш Біз немесе электрлік бұрғылағыш (Шило или электродрель) Тегістеу қағазы (наждак) Надфильдер (аралағыш) Лак және щетка