Қабдрахим Ұ Тест Емле және тыныс белгілер 1. Бірге жазылатын қару-жарақ атауларын көрсетіңіз? 1. атауыз, шотаяқ, жерағаш
2. қуысқұлақ, қазанқап, жастағаш
3. күлдірмамай, жекауыз, бесатар 4. желғабыз, асатаяқ, қоссаз
5. жұқаяқ, тісағаш, найсыбызғы
2. Төмендегі мазмұны әуендес болып келген өлеңде қандай тыныс белгісі қойылуы керек? (1) Біз Алатаудай ел едік, Теңемек болды ойға жау (2) Біз тасыған теңіз сел едік, Теңемек болды шөлге жау (3) Біз атып болған таң едік, Түн етпекші болды жау 1. үтір
2. нүкте
3. нүктелі үтір 4. қос нүкте
5. сызықша
3. Төменде көрсетілген төл сөздің тыныс белгісіне қатысты ережелердің ішінен қайсысы дұрыс болып табылмайды? 1.Көркем шығармалардың ішінде келтірілген үлкенді-кішілі хаттар тырнақшаға алынады.
2.Дәйексөз тырнақшаға алынбайды. 3. Мақалдар тырнақшаға алынады, бірақ оның алды-артынан төл сөзге тиісті тыныс белгілері қойылмайды.
4. Сызықшамен жазылған төл сөздің ішінде келген төл сөз тырнақшаға алынады.
5. Өлең ішіндегі төл сөздер көбінесе тырнақшаға алынады.
4. Екі кейде одан да көп сөз қатар айтылып, бір ғана ұғымды білдіретін, яғни бір ғана затты, құбылысты, қимылды, түр-түсті, санды атайтын күрделі сөздер қалай жазылады? 1. дефис арқылы жазылады
2. бірге жазылады
3. бөлек жазылады 4. сызықша арқылы жазылады
5. қысқартылып жазылады
5. Төмендегі қысқарған сөздердің қайсысының жалғанған қосымшасы дұрыс емес? 1. БАМ+ға
2. АҚШ+на 3. ЮНЕСКО-ның
4. МТЗ+82-ге
5. БҰҰ+ға
6. Бір сөздің қайталануынан жасалған кейбір қос сөздің екінші сыңарына шығыс, көмектес, барыс жалғауы немесе –ла+п, ле+п жұрнақтары да жалғанады. Келтірілген ережеге сай мысалдарды табыңыз? 1. бір-бірден 2. қайта-қайта
3. үйір-үйір
4. шет-шетінен 5. жаяуы-жаяу
6. қос-қостан 7. көзбе-көз
8. қолма-қол
7. Төменде көрсетілген сөздердің қайсысы кірме сөзге жатады? 1. университет
2. бәтеңке 3. генератор
4. медицина
5. мәшине 6. тәрелке 7. кафе
8. цирк
8. Ішінде сұраулы сөйлем жасайтын элементтері бар, бірақ ерекше бір сезіммен (сүйсіну, таңдану) айтылған сөйлемдерден соң қандай тыныс белгісі қойылады? 1. қос нүкте
2. үтір
3. нүкте
4. нүктелі үтір
5. сұрау белгісі
6. леп белгісі 7. сызықша
8. тырнақша
9. Берілген сөйлемдердің қайсысының тыныс белгілері дұрыс қойылмаған? 1. – «Өтінем», – деді ол, күле сөйлеп Асқарға.
2. – Асқар үйдемісін? – деді Кенжетай сырттан.
3. – Тұр, деді Айбала. 4. Ұста: «Қашан келесің» – деді. 5. «Бара бер», – деді ол.
6. – «Мұны қайдан көрдім» – деп ойлады. 7. – Балалар қайда? – деп сұрады анасы.
8. – «Кешке келем», – деп айтты.
10. Шеттілдік сөздің игерілген нұсқасы, яғни, қазақ тілінің орфографиялық нормасы бойынша таңбаланатын нұсқасы қалай аталады? 1. кірме сөздер 2. қос сөздер
3. термин сөздер
4. қысқарған сөздер
5. шеттілдік сөздер
6. дефис арқылы жазылатын сөздер
7. бөлек жазылатын сөздер
8. бірге жазылатын сөздер