Қабылдаған: Бегалиев Б. Дайындаған: Сабыртай д тобы



Дата05.03.2023
өлшемі139,27 Kb.
#71606

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
“М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті”
Пән атауы:Ауыл шаруаш.механикаландыру
Тақырыбы:Топырақ өңдеу туралы жалпы мәлімет
Қабылдаған: Бегалиев Б.
Дайындаған:Сабыртай Д
Тобы:АП-20-6к4
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Топырақ өңдеу жүйесі
1.2 Топырақ өңдеудің міндеттері
1.3 Қазақстанда топырақты өңдеу әдістері
Қорытынды
Кіріспе
.
Топырақ өңдеу – ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп-өнуіне қолайлы жағдайлар жасау үшін топырақ өңдеуші машиналар мен құралдардың жұмысшы органдары арқылы топыраққа мех. әсер ету. Топырақ өңдеу егісті арамшөптерден тазартуға, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру таратушыларды жоюға, сонымен қатар өсімдік қалдықтарының, шымның, тыңайтқыштар мен гербицидтердің топыраққа сіңіп кетуіне және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымының белгілі бір тереңдікке енуіне мүмкіндік береді. Топырақ өңдеу қаншалықты тереңдікте жүргізілуіне байланысты: негізгі – жер жырту, топырақты қопармай тереңнен қопсыту, т.б.; беткі қабатты сыдыра жырту, қопсыту, тырмалау, т.б.; арнайы – тереңнен қопара жырту, т.б. болып ажыратылады. Топырақ өңдеудің қопсыту, үгіту, аудару, тығыздау, егістік бетін тегістеу, топырақты араластыру, арамшөптерді кесу, топырақ бетінде өсімдіктің қысқа сабақтарын қалдыру, микрорельеф қалыптастыру, т.б. түрлері бар. 
Егістік танаптарының топырақтарын ойдағыдай өңдеу егіншілік мәдениетін еөтерудің басты шартарының бірі болып саналады. Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп – дамуына қажетті жағдайлардың бірі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып ұзақ сақталады соны мен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді.
Топырақты өңдеуде органикалық және миниралдық тыңайтқыштарды ендіруге, қөпжылдық шөп пен сабан түптерін, сондай-ақ топырақтың жоғарғы қабатында, аңызда, арамшөптерден болатын зиянкестер мен өсімдік ауруларының тұқымдарын жауыпе, әрі тұншықтырады.
Негізгі бөлім
1.1 Топырақ өңдеу жүйесі
Өңдеу үшін атқарылған жұмыстардың жиынтығын Топырақ өңдеу жүйесі деп атайды. Жаздық, күздік, т.б. дақылдардың Топырақ өңдеу жүйесі әр түрлі болады. Суармалы, қайтадан тыңайтылған жерлердің, эрозияға қарсы, т.б. Топырақ өңдеу жүйелері де бар.
Өңдеу ең алдымен топырақта өтетін физикалық, химиялық және биологиялық процестердің жоғарғы қарқынды жүреді, өсімдіктер үшін заттар өсімдікке тікелей топырақ арқылы бірігіқолайлы жағдайларды жасайды. Яғни су және коректік п әсер етеді.
Өңдеудің көмегімен ылғалы мол аудандардағы артық ылғалды кемітуге, ал құрғақшылық аудандарда ылғалды жинауға болады. Арамшөптермен күресуде топырақты өндеудің роліне баға жетпейді.
1.2 Топырақ өңдеудің міндеттері
Топырақты өңдеуде мынадай міндеттерді орындайды:
  • Мәдени есімдіктерге қолайлы факторлармен (су, ауа, жылу, қоректік заттар) қамтамасыз ету үшін топырактың енделетін қабатына оптималды түйіршіктер, қолайлы кұрылым дайындау.
  • Арамшөптерді жою.
  • Танап топырағына органикалык, минералдык тыңайткыштарды, химиялық мелиоранттарды, улы химикаттарды енгізу.
  • Ылғалы тапшы жағдайда жинап әрі сақтау, ылғалы мол жағдайда танап топырағынан артық ылғалды оптималды түрге келтіру.

1.3 Қазақстанда топырақты өңдеу әдістері
Егістік танаптарының топырақтарың ойдағыдай өңдеу- егіншілік мәдениетін көтерудің басты шартының бірі болып саналады.
Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп-дамуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып, ұзақ сақталады, сонымен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді.
Топырақты өңдегенде құрылымы төмендеген беткі қабаттың орнына органикалық қалдықтарға бай, қоректік заттар қоры анағұрлым көп төменгі қабат ауысып түседі. Мұндай жағдайда аэробты мироорганизмдердің белсенділігі артып, органикалық заттардың минералдануы күшейеді. Сонымен топырақты өңдей арқылы оның қабаттарына ылғал, ауа және қажетті қоректік заттардың қорын молайтуға болады.
Қорытынды
Қазақстанда топырақ өңдеу әдістерің егіншілік мәдениетінің көтерудегі басты шараларының бірі болып табылады. Сапалы өңделген топырақты дақылдардың өсіп дамуына қажетті жағдайлар жасалған. Топырақ өңдеудегі органикалық және миниралдық тыңайтқыштарды ендіруге көп жылдық арамшөптерден болатын зиянкестер өсімдік ауруларын тұқымдарды жауып әрі тұншықтырады.
Топырақ өңдеудің сапасын анықтауды бірнеше елеулі ерекшеліктері бар. Топырақты өңдеу кез келген адамның қоылынан келе бермейтін іс болып табылады. Бұл ерекшелік жыртылған топырақтың құнарлығын арртыру үшін және жаңадан сапалы өнім алу үшін қолданылады. Қазіргі таңда көптеген егіншілік салаларында әр түрлі дақылды өнім алу үшін пайдалы жақтары бар. Сонымен қатар көптеген мемлекеттерде Қазақстан мемлекетін салыстырғанда айрықша орын алады. Осының салдарынан қазіргі таңда жақсы өнім алу себебі осы. Мысалыға, айтатын болсақ бақылау мен сапаның анықтаудың маңызы топырақты тығыздау, пішіндеу, егін аңызын сақтау, жырту, топырақты өңдеу тәсілдері, терең қопсыту тағы басқа да жатқызуға болады.
Қатарлап себуге өсімдіктің қалыңдығын қалыптастыру олардлы қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін қатарларды көлденең жүретін культиваторлық өсімдіктерді сиретеді немесе қатарлар бойымен жүретін арнаулы сиреткіштерді қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет