Адалдық өтемі Баяғы бір заманда Күйік деген шаһарда бір етікші болыпты. Оның жақын көршісінің Абзал есімді баласы бар екен. Ол бала ата-анасынан жақсы тәрбие алып, ненің жаман, ненің адал екенін үйреніп алады. Үлкендердің айтқанынан шықпайтын тіл алғыш адал, көркем мінезді ұл болып өседі. Өз күшімен еңбек етіп, ата-анасына көмектесу ойымен, етікшінің жанына көмекші болып барады. Ерінбей, жалықпай етікшіліктің бар қыр-сырын үйренеді. Абзал бір күні етікшінің етік жамағанда, үнемі жібін түймейтіндігін байқап қалыпты. Аң-таң болған бала, етікші ұстазынан, мұның мән-сырын сұрайды. Сонда ол:
жыртылады. Сөйтіп оның иесі оны жаматуға қайта әкеледі. Одан маған жұмыс, бала-шағама нан табылады, - дейді. Сонда Абзал ата-анасының айтқан ізгілік тәрбиесін есіне түсіріп: - Ағатай, бұл дұрыс емес қой, адам кәсібіне адал болуы қажет емес пе?! – дейді. Етікші бұл сөзге құлақ аспай:
Адалдық адамға нан болмайды ғой! – деп жауап береді. Абзал