«Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.»



Дата13.03.2023
өлшемі80 Kb.
#73603
Байланысты:
Эссе «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.»


«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, 
жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, 
жақсы ұстаздан болады.» 
А.Құнанбаев 
Мен өз ой толғауымды Шәкәрімнің: Адамдық борыш ар үшін, Барша адамзат қамы үшін, Серт берген еңбек етем деп, алдағы атар таң үшін деген туған халқы алдында азаматтық үнін танытқан өлеңімен бастамақпын. Себебі, осы өлең десе біздің жүрегіміз соғуымен үндес келетін тәрізді. Біздің мамандығымыздың өзі - алдағы атар таң үшін, болашақ үшін қызмет емес пе? Бала өз өміріне қажетті тәрбиені алдымен отбасынан, сосын мектептен алатыны сөзсіз. Орыстың ұлы педагогы С. Ушинскийдің «Тәлім - тәрбие дәрменсіз болмауы үшін, ол халықтық болуы тиіс» дегені белгілі. Ендеше, әр баланың бойына ұлттық сезім, ұлттық үрдіс дарыту - біздің, яғни, мұғалімдердің міндеті.
Мен - ұстазбын, мен - мұғаліммін, мен - зерттеушімін, мен жас ұрпақты келешекке жетелеп апаратын - тәрбиешімін. Өзім бастауыш пәні мұғалімімін, сонымен қатар сы-нып жетекшісі ретінде бала тәрбиесіне тікелей араласып келемін. Ұстаздық еткен 4 жыл ішінде мен өз іс - тәжірибемді түйіндей келе төмендегідей ой қорыттым. 
Егеменді еліміздің ертеңі жастарға жүйелі білім, тәлімді - тәрбие беруде халық педагогикасының мән - маңызы күн өткен сайын артып келеді. 
Қазіргі таңда адамдардың өмірге деген көзқарасының өзгеруі, келеңсіз факторлардың орын алуы балалардың тәрбиесіне түрлі жағымсыз әсерлер туғызады. Осы өзекті мәселенің шешу жолдары ол ұлттық тәрбиеге бет бұру. 
Еліміздің әр жерінде халық мұрасына, әсіресе, ұлтымыздың салт - дәстүрлеріне деген бетбұрыс, ондағы өзіндік ерекшеліктері жас ұрпақ тәрбиесіне лайық жүргізу, сол арқылы шәкірттерді адамгершілік - шыншылдыққа баулу, әдеп - ізетке үйрету секілді сипаттар мектепте кеңінен өріс алып келеді. 
Жас ұрпақты адамгершілікке ұлтжандылыққа, адал еңбек, өмірге бейімдеу, әсемдікке, әдемілікке, Отанның намысын қорғау сияқты ізгі қасиеттерге тәрбиелеу. Әрбір оқушының ұлттық санасы, рухы, ұлттық білім, тәрбие беру арқылы дамытылады. Халықтық педагогика келешегі зор, кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен, билерден, сал - серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Тәрбие тамыры халық қазынасында, соның қадір - қасиеті мен білім болмысында. Ұлттық тәрбиеге жан - жақты жағдай жасап, көңіл бөле бастағанымыз болашақтың сәулесіне нұрын шашатын күн сияқты. 
Қай халықтың баласы болсын оның бір - бірінен айырмашылығы жоқ. Ал баланы ешбір ұлт жамандыққа тәрбиелемейді. Барлық халық ізгілікке, жақсылыққа, елін, тілін сүюге, қысқасы барлық азаматтық тәрбиеге тірек болатын ел құнды адамгершілік қасиеттерді ұрпақ бойына сіңдіруді көздейді. Ұлттық салт - дәстүрлердің, әдет - ғұрыптың заманға сай өрнектерін халық жоғары бағалайды. Әдемі әдет пен әсем әдеп, аталық дәстүр, әдемілік бәрі - бәрі ғасырлар бойы қалыптасқан халық педагогикасы адамгершілікке толы үлгі - өнегелер. 
Тәрбиенің осы бір сан салалы күрделі мәселелеріне терең бойлауға, күнделікті өміріміздегі қарапайым дағдылар арқылы бала жүрегіне жол тырысатын алғашқы білім ордасы - мектеп. 
Жас ұрпақты тәрбиелеуші ретінде ойға түйгенім - адамды тәрбиелеу үшін тәрбиеленушіні барлық жағынан білуі. Жан дүниесін зерттеу шарт екен. Кезінде ұлы педагог С. Ушинский: «Оқушыларға жан - жақты тәрбие беру үшін оны жан - жақты зерттеп білу керек»- деген. Осындай зерттеу жұмыстары маған алдыма педагогикалық мақсаттар қоюға және оқу - тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізуге көмегін тигізіп келеді. 
Мұғалім - баланың жеке тұлғасын қалыптастырушысы, маңызды тәлім - тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік - саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім - тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім жан - жақты жетілген, білімді, әдістемелік - шығармашылық иесі, халықтық дәстүр, әдет - ғұрып пен салт - сана ерекшеліктерін, әлеуметтік қарым - қатынастарын, түрлерін


Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші.
Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.Бірақ осы кезге дейін мұғалімдерге дұрыс көңіл бөлінген жоқ.Атап айтсақ мұғалім деген статустың өзі биік деңгейде қойылған жоқ.Өздері де бала өсіріп отырған ана мектепте бірнеше баланың анасына айналды.Материалдық жағынан да,моральдық жағынан да кенже қалған,ыстық пен суыққа төзген мұғалімдер бүгінде еткен еңбектерінің жемісін көріп жатыр.Мұғалімдер жалақысы қандай деңгейде салыстырып айтатын болсақ жалақының өсуі 2009 жылдан басталды.Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында жалақы да өсті,елде тыныштылды.Менің ойымша қазір қазақстан мұғалімдерінің жалақысы жоғары.Бірақ болашақ ғалымдарды оқытатын адам үшін бұл жалақы мардымсыз секілді.Мысалы Ресейде жас мұғалімдер 6000 рубль табады.еткен еңбектеріне қарай сыйақы қосылып барлығы 10000 рубль алады.Ал тәжірибелі мұғалімдер шамамен 28000 рубль алады.Шет елдер мұғалімнің біліміне қарай ақы тағайындайды.Менде болашақта қазақстанның білімді мұғалімдері көбейетініне сенемін
Ұстаздық-менің жүрек қалауымен жан-тәнімен сүйіп, өмірде таңдап алған өмірлік мұрат-мақсатым. Осы мұратқа жету мақсатында, мені болашақ ұрпақ тәрбиесі толғандырды. “Жаңа ғасыр тәрбиешісі қандай болмақ?” деген ойлар мазалап, қолыма қалам ұстай бастағаннан-ақ данышпан Абайдан кейінгі ірі ойшылдың бірі С.Торайғыровтың қазақтың ұлттық болмысын даралайтын жоғардағы сөздері менің көкейімнен кетпей қойды. Баланы жастайынан тәрбиелейтін жүйеміз-мектеп. Мектеп балаға тек сапалы білім беріп ғана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Ертеңгі ел үміті-жастарға жол көрсетер тәрбие қандай болмақ? Мен айтар едім, қазақтың өзінің ұлттық тәрбиесінен асқан тәлімді іздеудің қажеті жоқ. Ұлттық тәлім-тәрбиемен сусындап өскен адам сол ұлттың өнімі болып қалыптасатынын өмідің өзі дәлелдегендей…
Халықтық тәрбиенің бір көзін есімі ұзақ жылдар айтылмай, шығармаларын парақтауға тыйым салынып келген ұлтымыздың ұстазы М.Жұмабаевтың “Педагогикасынан іздесек, ұтқанымыз көп болар еді”. Ұстаздың мына сөзіне құлақ түрейікші: “Тәрбиеші мен баланың арасы өте жақын болуға тиіс. Екуі бір-біріне шет жат қарамасын. Екеуінің арасында сеніспеушілік болмасын”…Баланы тәрбиелі қылу тұрмыс майдынында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Осы жолдарды оқи отырып, тәрбиенің түпкілікті мұратын қазақ тәрбиелеушілеріне Мағжандай жеткізе алған адам жоқ-ау деген ойға қаласыз… Бүгінгі оқыту мен тәрбиелеудегі басты талап-өзіндік пікірі, көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу болса, Мағжанның “Педагогикасы ” -осындай мақсатты көздеген, қазақ баласына, ұлт болашағына шырылдаған нағыз ұстаздың қолынан шыққан еңбек дер едім.


Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Егер өмір алтын болса, зергері – мұғалім,
Егер өмір теңіз болса, гауһары – мұғалім.
Егер өмір жүзік болса, көзі – мұғалім,
Егер өмір ақын болса, сөзі – мұғалім.

Ұстаздық жолымның бастау алғанына он жылдың жүзі болса да, мектеп өмірі- мен үшін оттай ыстық, көңіліме жақын. Бала күнімнен санама сіңген қоңырау үні 45 минуттық білім сағатына шақырып тұратын. Қазір де солай. 
Күллі қазақ елінің мақтанышы, жерлес академик ағамыз З.Қабдолов былай деген екен: «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау». Бұл сөздің астарында ұстаздық мамандық атаулының төресі деген ұғым тұр. 
Олай дейтінім, өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған адам. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. «Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Мен тіл маманы болғандықтан өзге ұлттың балаларына қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге, ойын еркін жеткізе білуге үйретіп қана қоймай, оларды қазақ халқының салт- дәстүрін, мәдениетін сыйлауға, мемлекеттік тілді қадір тұтып, сыйластықпен қарауға үйретемін. 
Қазақ тілінің мәртебесі жылдан – жылға өсіп келеді, сонымен қатар оқушылардың , олардың ата-аналарының тілге деген көз – қарасы өзгеріп, тілді үйренсем – білсем деген талаптары күннен – күнге өсіп келеді. Мерекелік ертеңгіліктерде қазақ тілінде тақырыпқа сай тақпақ, жұмбақ, мақал-мәтелдерді жатқа айтқызып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға тырысамын.
Әрбір ұстаздың мақтан етер шәкірті болса, онда еңбегі зая кетпегені. 
Мен өз мамандығымды, алдымда отырған шәкірттерімді сыйлаймын, құрметтеймін.
Ақырынжүріп анық бас, 
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас, 
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз – ұлы тұлға, 
ұлы есім дегім келеді. Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Сондықтанда, бұл сөз мен үшін қадірлі, мен үшін құдыретті сөз.
Менің елім мәңгілік ел!
Атамекен! Туған жер! Отан! Ел тағдыры - ер тағдыры демекші, елім деп еңіреген, кіндік қаны тамған туған жерін еріксіз жыр – жұмбақ қисса - дастанға қосып, қаншама жаугершілік заманның куәсі болған, ұлы қазақ хандығының 550 жылдығына орай, елім, ұлы Алаш теңдессіз дана - Қазағым туралы өзімнің қысқаша қылқалам туындыларымды ой елегімнен өткізбеске болмас деп бел будым. Сонау 550жыл бұрын іргетасы қаланып, сұрапыл сан мыңдаған ғасырлардың басты кейіпкері - қайтпас қайсар қазақ хандығының аты мәңгі өшпес құнды дүние екені хақ. Ел басқарған би де, болыс та, таққа отырып, данышпан ақылгөйлігімен, тыс жаудан қорғай білген қайырымды хан да, даудың түйінін риясыз шеше білген ауыл ақсақалдары да дүйім қалың қазағымның маңдайына қонған алтынның сынығындай өлшеусіз бақ екені сөзсіз.

Қазақ деген ұлы алаш деп есте,
Сан ғасырлар куәсі боп елес те?
Мақтан тұтам қазақ боп туғанға,
Бар ғаламға атым мәлім емес пе?... демекші, мен де төрткүл дүниеге әлем назарын аудара білген, қызыға да, қызғанышпен де, көз тіккен ұлы қазақтың қаны кеудемде, жүрегім мың өліп, мың тірілген қазақ баласы болып туғаныма аллаға шексіз ризамын. Ел ел болып, мықты тұғыры беки бастаған кезде, Тәуке хан, Есім хан, Қасым хан, Жәңгір хан, Абылай хан, Әбілхайыр хандар әділдігімен таққа иелік етсе, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билер халық түйінін дау дамайсыз шеше білді. Жоңғар шапқыншылығының хандық құрсауынан аман қалып, елдің сана - сезімін ұшқындата оятып, ағартушылықпен сара жолға бет бұрған, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов сияқты тума - талант дарабоздары қазақ екені ұлы мәртебе емес пе?... Алты алаштың азулы зияткерлері - Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Шәкәрім Құдайбердиев, Тұрар Рысқұлов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов сынды атышулы арыстар қазақтың жақұт - гауһары екенін мақтан тұтамын.
Адамзаттың ұлы да даналары,
Болған еді 37 - нің құрбандары.
Халық жауы атанып атты бәрін,
Ел үмітін ақтаған жанаттары.
Тебірентіп, толғанып, мен жырлаймын,
Өтті ғой талайлардың тарландары.
Өзді - өзі балта шауып басына,
Құртып алды қазақтың алаштарын.
Бейімбет, Сәкен, Ілияс,
Мағжанда бар қиғаш қас.
Жер жүзіне паш етер,
Қазақ деген ұлы жас.
Аталардың рухына,
Тағзым еттім иіп бас.
Назым, Құртқа, Гүлбаршын атқа қонған,
Маңғыстаудың Ақбөбегі тарихта қалған.
Ұлжан, Зере, Домалақ, Айшабибі,
Динаның домбырасында күй боп тартқан.

Көркіне мінезі сай, осы бір көздің жауын алатындай қазақтың сұлу ару - аналарының аты алтын әріппен мәңгі өшпес болып қалды. Атам қазақ айтса сөз бермес, Бурабайдай Оқжетпес, шүйліккен қыран құстың қанатындай дес бермесі айдан анық. 70 жылдай орыстың құрсауында болып, егемендікке қол жеткізе алмай, бір ағымға тәуелділікке бас идік. Ұлы Отан соғысы жылдары да, Қазақстаннан аттанған небір саңлақтар кеудесін оққа тосып, Отан үшін, ел үшін еріксіз өлім құшты. Қазақтың қос жұлдызы Мәншүк пен Әлия да қазақ қыздарына үлгі боларлықтай ерен ерліктерін паш етті. Менің өз ойымнан жазып отырған, бұл туындым қазақ халқының иненің көзіндей бір бөлшегі екені құба – құп. Егер де Желтоқсан оқиғасы болмағанда ше?.... Ызғарлы сол бір желтоқсанның аш бөрідей азулы араны айбат шекпегенде, жабулы қазан жабулы күй кешпесі даусыз еді. Егеменді ел деп, соғады жүрегі дүрсілдеп, қазақ жастары келеді, алаңға үймелеп демекші, Желтоқсан жастарының қазақ халқына алып берген егемендігінің бастар бұлағының қайнар көзін ашып берді десек артық айтпаған болар едік. Осы бір тарихи шежіреден кейін, 1990 жылдар қазақ халқы үшін жаңа өмірдің құтты қадамы орнағандай іспеттес болды Мәншүк пен Әлия да қазақ қыздарына үлгі боларлықтай ерен ерліктерін паш етті. Менің өз ойымнан жазып отырған, бұл туындым қазақ халқының иненің көзіндей бір бөлшегі екені құба – құп. Егер де Желтоқсан оқиғасы болмағанда ше?.... Ызғарлы сол бір желтоқсанның аш бөрідей азулы араны айбат шекпегенде, жабулы қазан жабулы күй кешпесі даусыз еді. Егеменді ел деп, соғады жүрегі дүрсілдеп, қазақ жастары келеді, алаңға үймелеп демекші, Желтоқсан жастарының қазақ халқына алып берген егемендігінің бастар бұлағының қайнар көзін ашып берді десек артық айтпаған болар едік. Алтын қақпаның айқара ашылуы - бүкіл ғаламшардың назарына жол ашты. Киелі қазақ даласы құнды дүниенің, сарқылмас мол қазына байлықтың түп тамырына айналды. Қазақстан осыншама аз уақыттың ішінде әлем жұртшылығын өз өне бойындағы мінсіз қасиетімен баурап алды. Нұр - ағаның бастауымен іске асып, зор нәтижеге сарқылмас сарқыраманың суындай, міз бақпас жасыл нуындай, таусылмас кәусар бұлақтай бастау болатын игі істер тізбегі ұшан - теңіз. Елбасының елге сілтер ерен естілігінің оң орамы алып бәйтеректің жапырағының жайқалып өсуіне қазақ халқының үлесі ерен. Сондықтан да мен болашағы мол шексіз дария, келешегі кең, мөлдір бұлақтай, айнадай Алаштың азулы Қазақ азаматы болғаныма мақтан тұтамын! Ұлы елім - Қазағым мәңгі – мәңгі жасай берсін! Менің елім – мәңгілік ел екеніме сенемін! Қазағымның болашағы жарқын болсын! Біз қазақтың баласы, мақтан тұтар панасы, Нұр – ағаның бастауы, Нұрлы жолдың айнасы. Рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет