«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»



бет1/4
Дата18.05.2023
өлшемі37,96 Kb.
#94135
  1   2   3   4
Байланысты:
ФО

  1. - тапсырма Төменде берілген мәтінді оқыңыз


«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»

Адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы». 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 - тарау, 53 - баптан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Заң дегеніміз қоғамның негізгі тірегі, Қоғам деп отырғанымыз - мына біздер.


Конвенция бала азаматтығы жайында олардың өмірі мен денсаулығын қорғап, балалардың отбасында өмір сүруін қамтамасыз ету құқығын сақтауды мемлекеттік міндет деп қарастырған. Декларацияның 26-бабында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 - бабында көрсетілгендей:

  1. Бастауыш білім баршаға міндетті ал техникалық және кәсіптік білім

көпшіліктің қолы жетерліктей болуы керек.

  1. Білім беру адамның жеке басының кемелденуіне, сондай - ақ халықтар арасындағы өзара түсіністікке достыққа ықпал етуі тиіс.

  1. Ата - аналар балалары үшін білім беру түрін таңдауға құқықты.

  1. Қазақстан Республикасының азаматтары тегін орта білім алуға міндетті.

Әрбір баланың жақсы оқып, сабақта өмірге қажетті жаңа және пайдалы білімдерді беріп отыруға құқығы бар. Құқық - адамның міндеті де болып табылады.
Құқық адамға тек жақсы, игі істерді жасау үшін берілген. Адамға зиян келтіретін істердің барлығына тыйым салынған.
Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі. Құқық қорғауды ата - аналар, бағып - қағу және қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Бала мүліктік құқыққа да ие. Ол көбінесе өз ата - аналарының және отбасының өзге де мүшелерінің күтіп бағуы құқықтарына байланысты болмақ.
Заң балаға сыйға немесе мұраға алған мүлікті меншігіне алу құқығын береді, сондай - ақ еңбекпен айналыса отырып, өзінің жеке еңбегінің кірістерін алуға, жекеленген пәтердің иесі болуға, т. б. мүмкіндік береді. Балаларға қамқорлық жасай отырып, мемлекет бала туған кезде жәрдемақы төлейді. Көп балалы отбасыларын түрлі жағынан қорғауға алынған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет