Жеке адамдар әлеуметтік тіршілік иелері ретінде Адам- ақыл иесі, адам- сана иесі, адам- бостандық иесі. Ақыл, сана, және бостандық- адамның адамдық жігерінің ерекше сипаттамалары. Адам жөнінде психологияда сөз қозғасақ, нақтылы жеке адам туралы айта аламыз. Жеке адам түсінігі адам түсінігіне қарағанда біршама тар мағынаға ие. Бұл қоғамдық- тарихи категория. Бұл дегеніміз оның қоғамдық мәні мен әлеументтік функциясы жеке адам сипаттамасының ең басты көрсеткіштері. Демек, жеке адам дегеніміз- әлеуметтік қатынастармен саналы іс- әрекетті жүргізуші. Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Бұның себебі адам айналасындағылармен қарым- қатынас жасау үстінде. Одан шығатын қорытынды, адам тек қана әлеуметтік әсер жағдайында ғана кісілік мағынаға ие болады. Әлеуметтік қасиеттерді әлеуметтік өзара әрекеттесудің өнімі ретінде анықтай аламыз. Өз кезегінде адам дамуының ерекшеліктері биологиялық та, әлеуметтік болмысыда оның даралығымен анықталады, яғни салыстыруға келмейтін және бір адамды екіншісінен ерекшелейтін қасиеттің бір түрі. Жеке адам қасиеттері қоғамнан ажыраған жағдайда, оның жеке басының сапасы затпен қамтамасыз етілмеген ақшаның сатып алу қабілетіндей ғана болып қалары сөзсіз. Әрбір жеке адам қоғамның бір бөлігі. Жалпы қоғам осы жеке адамдардан құралады. Әлеумет дегіміздің өзі жеке адамдардың өмір суруткан кезеңі, бір қыры, жеке қасиеттерінен құралады. Жекс анын өзіндік даму, қалыптасу тарихы бар. Ал жеке адамнын қалыптасып, дамуына, физикалық және психологиялык жағдайына өзін қоршаған әлеумет тікелей әсер етеді. Ғалымдардың зерттеуі бойынша да ежелден бастап адамдар элеуметтенудін арқасында дамып, қалыптасқан дейді. Жеке адамды танып-білу, ол адамның қалыпатасуы мен психологиясын білу үшін алдымен әлеуметтік зерттеу жүргізіледі. Яғни туған елі, жері, отбасы, араласатын ортасы мен баратын мектебін қарастырады. Әрбір жеке адам әлеуметтік тіршілік регінде өзінің құқылы нәрселерін ала білуі керек. Когамда мемлекет те жеке адамның құқықтарын қорғауы тиісті ер адам туылғаннан әлеуметтенуге тартылады. Жеке адам өз қоршаған ортасынан өзіне қажетті махаббатты ала білсе, алдына жеке мақсат қойып, ізденсе, білім алып, еңбек етіп, өз-өзін көрсете алса, уақыты мен қабілеттерін тиімді қолдана білсе, оның элеуметтенуі жоғары болмақ. Ал осыларға қарама-қарсы жағдайлар болар болса, ол адамның әлеуметтенуі төмен болары белгілі.