Адамдар қандай болмасын әр түрлі істін айқындығын, дәлдігін, нақтылығын қалайды ғой. Ондай әрекеттерінде ешкімге зиянын тигізбейтін, барша жұртқа түсінікті ұғым болуға тиіс. Осы ойдың мәнісі не



Дата27.04.2023
өлшемі22,73 Kb.
#87589

Адамдар қандай болмасын әр түрлі істін айқындығын, дәлдігін, нақтылығын қалайды ғой. Ондай әрекеттерінде ешкімге зиянын тигізбейтін, барша жұртқа түсінікті ұғым болуға тиіс. «Осы ойдың мәнісі не?» деген мәселе төңірегінде бір топ шәкірт өзара пікірлері тоғыспай, ұзақ таласады. Бірақ қанша айтысса да, тиянақты бір түйінге тоқтала алмайды. Ақырында ғұлама ұстаздарына барып, пікірталастарының түйінін шешіп беруі үшін өтініштерін айтады; О, құрметті ұстаз, біз ақиқаттың не екені, оның өмірге қалай келіп, әрекетсе калай ықпал ететіні, атқаратын қызметінің мәртебесі жайыыда пікір таластырып, бір тұйінге тоқтала алмай дал болдық. Осы жайды түсіндіріп, түйінін тауып беруіңізді өтінеміз!... Әбунасыр біраз ойланын отырды да, әлден уақытта басын жоғары көтеріп алып, шәкірттеріне былай деді: Әрбір адамның көкейінде өзі иланыммен сеніп ұстанған пікірі мен нанымы болады. Сол пікір мен наным сенімді іске, ойға жетелейді. Сол жекелік пікір мен сенім басқа бір адамның пікірі мен сеніміне сәйкес келсе, сонда пікірлер тоғысады да, ақиқат туады. Пікір мен сенімнің бір арнаға түспеуі дау- жанжалды қоздырады. Ал ақиқат адамға айқындықты үйретеді. Онсыз дәлдік жоқ. Әбунасыр қорытқан ой шәкірттердін санасыңдағы ақиқаттың әлі бұлыңғыр жолын нұрландырып жіберді, айқындықтың негізін анық танытты. 1.Шәкірттердің ортақ пікірге келе алмау себебі?
A) Өздерін артық санаулары B) Өздеріне тым сенімді болуы C) Мақтанқұмарлықтары D) Ақикат пен пікірдін айырмашылығын білмеуі E) Атаққұмарлықтары
2.Ойшылдың ақиқаттың тууы туралы пікірі қандай? A) Көзқарастардың әртүрлілігінен туады B) Көзқарастардың бір жерден шығуынан туады C) Біреудің сөзі ақиқат бола алады D) Әр адамның қарама-қайшы пікірінен туады E) Адамның сенімінен туады
2-мәтін
Израильде әрбір бала дарындылық бойынша тест тапсыру мүмкіндігіне ие көрінеді. Әрине, оның бәрі ата-анасының қалауы бойынша жүзеге асырылатыны анық. Жалпы, дамыған елдердін бірқатарында тек қана ақылдыларды ғана емес, сонымен қатар, керісінше, ақыл-ойы артта қалған балаларды да анықтаумен айналысатын арнайы бағдарлама бойынша тест өткізу баяғыдан дәстүрге енгенін айта кетелік. Израиль мемлекетінде бүгінде он бес мыңдай вундеркинд баланың жабық мектепте арнайы бағдарлама бойынша оқытылып жатуы мемлекеттің өз азаматтарының интеллектісін пайдаланудағы керемет жетістігі демеске болмайды. Мемлекеттік құпияға жататындықтан, ондағы білім беру бағдарламасы туралы ешқандай мағлұмат алу мүмкін емес. Жапоныңда да, ағылшынында да бұл жағынан арнайы жүйе қалыптасқан. «Алтын басты балалардың» мемлекеттің дамуына зор үлес қосатынын жақсы білетін бұл елдер вундеркинд балаларға орасан қаражат бөліп отырады.
3.Тұжырымдардың дұрысы: 1. Израиль мемлекетінде жабық мектепттер жоқ.
2. Израильде 15 000-дай бала арнайы бағдарламамен оқиды.
3. Жапоядықтар мен ағылшыңдар «Алтын басты» балалар мемлекетке тек шығын әкеледі деп есептейді. A) Тек үшіншісі B) Екінші мен үшіншісі C) Тек біріншісі D) Бірінші мен екіншісі E) Тек екіншісі
4.Мәтін мазмүны бойынша «Алтын басты балалар» дегендер кімдер? A) Үлгерімі орташа балалар B) Үлгерімі төмен оқушылар C) Ақыл-ойы баяу дамитын балалар D) Ерекше дарынды балалар E) Қарапайым балалар
5.Мәтін мазмұны бойынша Израиль мемлекетінде вундеркинд балаларға деген көзқарас дәлелі
A) Арнайы мектептерде көпшілікке арналған бағдарламамен оқытады B) Баланың өз бетімен дамуына тыйым салады C) Жалпы білім беретін мектептерде арнайы бағдарламамен оқытады D) Арнайы қаражат тек ата-ана тарапынан бөлінеді E) Жабық мектептерде арнайы бағдарламамен оқығады
6.Төменгі пікірлердің дұрысын тандаңыз.
A) Израиль дамуы жетілмей қалған балаларға ғана көп қаражат жұмсайды. B) Арнайы жобаны іске асыру - Жапон елінің өркендеуіне ықпал етті. C) Тест тапсырарда бала ата-анасының қалауына сүйенбейді D) Дарынды балалармен жұмыс жасау көп қаражатты керек етпейді. E) Вундеркиндтер әзірше ел үмітін ақтай алмай отыр.
3-мәтін
Үндістаңда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда екі шелектін біреуі тесік екен. Бүтін шелек өзіне күйылған суды кожайынның үйіне сол күйі шашау шығармай жеткізеді екен де, ал тесік шелек болса, толтырын қуйылған судың үйге жеткенше жол бойы сыздықтатын оғырып, әрең дегенде жартысын ғана апаратын көрінеді. Бұл жағдай дал осыпай туп-тура екі жыл бойы жалғасыпты. Су тасушы күн сайын қожайынының үйіне толықтай екі шелек емес, бір жарым шелек қана су жеткізіп жүріпті. Сау шелек өзінің қалтқысыз қызметін мақтаныш көрген сайын, тесік шелек байғұстың іштей мүнайғаны сонша - жерге кіріп кете жаздап ұялып, өзін қатты ыңғайсыз сезінеді екен. Екі жыл өтіп, бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушыға қысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздаймын», - депті, назарын төмен салған қүйі. Таңғалған су тасушы: «Неге?» деп сұрапты. Шелек: «Өйткені менін бір бүйірім тесік болғандықтан ылғи да сіз толтырып құйған судың жарғысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей қатты қысылам. Менің кесірімнен сіз де өзінізге тиесілі төлемақыңызды толықтай ала алмай келесіз», - дегенде, су тасушы: «Оған бола кайғыратын түк те жоқ. Одан да қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдерін бір байқашы», - депті жай ғана. Тесік шелек байқаса, қожайынның үйіне жеткендегі жолдың өзі жағы, шындығында, жапырағы жайқалған, иісі аңқыған небір гүлдерге толы екен. Тптті әлгі гүлдерге қызуы жақсы түсіп тұрған күнді де байқапты. Сонда су тасушы: «Көрдің бе? - деп сұрапты, - бұл сендегі кемшілікті менің байкағандығым әрі оның өз жөнін тауып, орайластыруынның жемісі, - деп сөзін жалғастырыпты. Жолдын сен жағына әдейілеп гүлдер ектім, ал сен болсаң, күн сайын біз өзеннен су алып қайтқанда оларды суғарып түрдың. Екі жылдан бері осы әдемі гүлдермен қожайынды таңқалдыра, өтер жолды жайқалта келдім. Егер сен тесік болмағанында қожайыныныздың үйінде мұндай әдемілік болмас еді», - деп түсіндірген екен.
7.Мәтін мазмұнының реттілігін көрсетіңіз Гүлге оранған жол Екі шелек туралы Тапқыр су тасушы Кінәлі тесік шелек
A) 3.1.2.4. B) 4.І.2.З. C) 1.3.2.4 D) 2.1.4.3 E) 2.4.3.
1 8.Мәтін стилі
A) Ғылыми B) Іс қағаздар C) Публицисгикалық D) Көркем әдебиет E) Ауызекі сөйлеу 9.Тесік шелекке тән қасиет A) Өшпенділік B) Батылдық C) Қорқақтық D) Ізеттілік E) Менмендік 10.Мәтінде бүтін шелектің қай қасиеті көрінеді? A) Жалқаулығы B) Намысқойлығы C) Мақтаншақтығы D) Озбырлығы E) Жағымпаздьғы
11.Су тасушының ерекше касиетін керсетіңіз. A) Алғырлығы B) Әңгімешілдігі C) Сенімсіздігі D) Тапқырлығы E) Дарындылығы
12.Мәтінге лайық атау A) Тесік шелек B) Бүтін шелек C) Өзен жағасы D) Риза қожайын E) Жаңа шелек 4-мәтін Төрт түлік малды тіршілік-тынысына тірек еткен көшпелілер кәдімгі сүттен небір тамаша тағаммың түрін жасай білген. Солардың бірқатарын атап өтуге болады: қымыз, шүбат, айран, катық, қаймақ, балқаймақ, кілегей, ақ қаймақ, ақ ірімшік, қызыл ірімшік, сусыз сүт, сыпырма сүт, құрғақ сүт, қойыртпақ, Іркіт, сарысу, тасқорық, шалап, сүт кеспе, сүт салма, уыз, сірне, құрт, торақ құрт, сықпа, сүзбе т.б. Міне, бүлар жылқы мен түйенің, қой мен ешкінің, сиырдың сүтінен жасалған тағамдар. Осылардың ішінде таза көшпелі өмір салттың сұранымы дүниеге окелген тағамның бірі - кұрғақ сүт.... Ог қуалаған малдың тісіне ерген елдің көші-қон кезінде терт түлікгің аяғын көштен бұрын қимылдататын әдеті. Ақар-шақар елдің «әуп» деп тұрып кете қоюы оңай емес, артынып-тартынып жүріп сауын малынан екі-үш күн кейіняеп қалатын жайы жиі болады. Өмірдің осы бір сұраныммұқтажы құрғақ сүт дайындауды дүниеге келтірген сияқты. Сәрсенбінің сәтіне көшеміз деген хабар тиісімен-ақ, әр шаңырақтың ас- суына ие отақасы қолы епсекті біреудің тілін таба жүріп, жаңадан сойылған қойдың терісін түгінен арылттырып алады. Теріні түгінен айырудың мұндайда екі тәсілі қолданылады. Бірі - и салу тәсілі. Тек иі өтіп кетпейтіндей, идің быршыған дәмі мен өткір иісі теріге сіңбейтіндей болуы керек. Екіншісі - терінІ жІбітіп отырып, өткір ұстарамен түгін қырын тастайды. Сонан соң түксіз терінІ суға салып, шуашы мен шайырынан айырғанша әбден сапсып жуады. Ақжемделіп май-сөлінен арылған тері шүберектей болып тазарған кезде, керегеге жая салады. Келесі күні кой-ешкіні қосақтап жібереді де, мол етіп сүт сауады. Ол сүтті мүмкіндігінше үлкен қазанға толғыра құйып, әлгі теріні соған салады да, астына маздатып от жағады. Біраздан соң тері салған сүт шымырлап қайнай бастайды. Қайнаған сайын қойыла бастайды. Қайнаған сайын сүттің бар маңызын тақыр тері бойына сіңіре береді. Бір мезгілдер болғанда, сүт қойыртпақтанады. Тері болса ағара бөртіп, әбден ісінеді. Содан қоюланған сүт сарқыла таусылып, енді сарғайып күйеді-ау дегенде от үзіледі де, тері қазаннан алынады. Тері түнімен жел қағып тобарсып, ергеңіне күнімен түрса кеуіп-ақ қалады. Келесі күні тағы да қойешкі қосақталып, дәу қара қазан сүтке толады. Тағы да астына жайнатып от жағып, әлгі сүт сіңді теріні тағы да салады. Осы жагдай үшінші рет қайталанады. Сол кезде сүт сіңген терінің қалыңдығы бармақ елі болып, өн-бойына уыз сүттің маңызы түтылады. Үшінші рет жайылған тері тобарсып кебе бастаған кезде шиыршықтал орайды да, маңызы ұшып кетпес үшін қарынға немесе бүйенге сала салады. Келесі күндері тең буылып, үй жығылып, таң құланиектенгенде моншақғай тізілген кәш те қозғалады. Бие сауым өтеді... Ет асым өтеді... Күн иыққа көтерілген кезде түйе қомында тербеліп келе жатқан балалардың маңдайын күн шалып, таңдайы кеберсіп, қыңқылдай бастайды. Мұндайда езуінен мәйегі кетпеген ерке балаға қымыз береді, ішгіейді... Айран береді,ішпейді... Қойырттақ береді, ішпейді... Су береді, Ішпейді. Оған керегі - тіл үйірген уыз сүт, Сонда балажан ана қарынның ауызын шешіп, сүт сіңген теріден алақандай ғана кесіп алады да, тостағанға күйған суға тастап жіберсді. Сол-ақ екен уыз иісі бұрқ етіп тәбет шақырып, тостағандағы су жаңа сауған сүттей болып шыға келеді. Тек қана сұт ішіп үйренген ұл дем алмастан тостағанды басына бір-ац көтереді. Сол кезде тостағанның түбінен бір жапырақ «бірдеңені» көреді де «бұл не?» дегендей анасына қарайды. Анасы болса, «жей ғой, боташым!» дейді. Сары атанды бесік еткен ерке ұл бал татыған уыз құйканы жайлауға жеткенше ермек етеді.
13.Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?
A) Біткен іске сыншы көз. B) Шапқан - озар, жатқан - қалар. C) Жердің сәні - егін, Елдің сәні - білім. D) Мал жисаң, қонысын тап, Ac жисаң, ыдысын тап. Отынды шапқанға жақтыр, E) Малды тапқанға бақтыр.
14.Теріні түгінен тазалаудың тәсілі
A) Сапсып жуу B) Түгін қырқу C) Жел қаптыру D) Далаға жаю E) Кептіру
15.Түйе қомында келе жатқан балалардың сұрап ішер сусыны
A) Қойыртпақ B) Шалап C) Айран D) Уыз сут E) Қымыз
16.Дайын болған құрғақ сүтті сақтау әдісі
A) Қоржында не қалтада B) Теріге орап қояды C) Қарында немесе бүйенде D) Адалбақаңда E) Сандықта не қорапта
17.Мәтіннің нешінші азатжолында толық дайындалған құрғақ сүт туралы айтылады?
A) Төртінші B) Бесінші C) Екінші D) Бірінші E) Үшінші
18.Мәтін қандай стильде жазылған?
A) Ауызекі сөйлеу стилі B) Ресми іс-кағаздар стилі C) Публицистикалық стилі D) Көркем әдебиет стилі E) Ғылыми стиль
19.Құрғақ сүт жасауға қай түліктің сүті пайдаланылады?
A) Қой мен ешкі B) Бие C) Сиыр D) Түйе E) Сиыр мен қой
20.Құрғақ сүг жасауда пайдаланылатын басты жабдық
A) Қой қарыны B) Қой терісі C) Түйе комы D) Жылқы қарыны E) Қой бүйені
С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» шығармасындағы ұлттық болмысқа жат мінез-құлықтарды талдап жаз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет