Адами Қажеттіліктер



бет1/4
Дата14.10.2023
өлшемі101,31 Kb.
#113685
түріРеферат
  1   2   3   4


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика факультеті

РЕФЕРАТ
Адами Қажеттіліктер



2023 ж.

Орындаған:Жакупова К.Г., 1 курс
Тексерген: Сапарбаев Ә.Ж.


Адам және экономика.Қажеттіліктер мен мүдделер, олардың түрлері.
Жер бетіндегі тіршілік иелерінің ішіндегі ең саналысы адам екендігі ешқашан күмән тудырмайтын тұжырым.Санасынң үздіксіз дамуы арқасында адам керемет жасампаз күш-қуатқа ие болды.Нәтижесінде адам табиғаттың жаратылысы бола отырып, оның билеушісіне, өзгертушісіне айналды.Қазіргі заманғы адам табиғаттан тәуелділігін айтарлықтай жұмсартып, өзі әлі де болса сол табиғаттың ажырамас бір бөлігі екендігіне қарамастан, ол табиғаттан өзгерте алатындай дәрежеге жетті. Сондай күш-қуат адамда қайдан және қалай пайда болды деген сұраққа бір ғана жауап бар- ол құдіретті Еңбек! Классиктер айтқандай, адам өзінің қажырлы да мақсатты еңбегінің арқасында жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, қарапайым биологиялық тіршілік иесі болудан қалды.Адамның барлық жетістіктерінің қайнар көзі ақыр соңында еңбекке келіп тіркеледі.
Неліктен адам еңбек етуге мәжбүр? Күнделікті қарапайым өмірде жиі кездесіп жүрген «еңбек», «өндіріс» , «экономика» деген ұғымдар нені білдіреді? Олар бір мағыналы ұғымдар ма, яғни синонимдер ме?
Бұл ұғымдар ұқсас болғанымен, мағынасы әртүрлі ұғымдар.Еңбек дегеніміз адамдардың саналы және мақсатты іс-әрекеті. Адам еңбекке кірісер алдында алдымен әрекеттерін ойластырып алып, мақсаттар жүйесін құрып алып ,содан кейін сол мақсаттарға жетуге нақты қадамдар жасайды, яғни қажет нәрселерді өндіруге кіріседі.
Қарапайым ой тұрғысында адамдардың шаруашылық қызметін білдіретін «өндіріс» деген термин «экономика» деп айтылып жүр.Батыстың және ТМД елдерінде баспадан шыққан кейбір экономикалық әдебиетттерде де «экономика» мен «өндіріс» деген ұғымдар синоним ретінде қолданылып, ұғымдарды шатастырушылық орын алып отыр. Бұл екі ұғымды шатастыруға болмайды.
Экономикалық теория өндірісті адамның және қоғам өмірінің негізі деп есептейді.Бұл тезисті дәлелдеу қиын емес. Адамдар және бүкіл қоғам өндіріссіз өмір сүре алмайды. Адамдар өмір сүру үшін тамақ, киім-кешек, үйжай, баспана түріндегі тағы басқа көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыру керек.Ондай игіліктерді табиғат адамдарға даяр күйінде бермейді, санаулы ғана түрін береді.
Қажетті игіліктердің басым көпшілігін адамдар өндіріс жүргізіп, өздері өндіруге мәжбүр. «Тарихтағы ең бірінші әрекет адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға керекті игіліктерді өндіру әрекеті болды», - деп дұрыс тұжырымдайды Ф.Энгельс.
Тұтыну үздіксіз болғандықтан, өндіріс те үздіксіз жүріп отырады. Өндіріс тоқтатылса, кешікпей ауыр экономикалық жағдайлар қалыптасып, қоғамның өміріне қауіп туады. Мысалы, егер шахталар мен мұнайшылар жұмыстарын тоқтатса, біраз уақыттан соң энергоресурстардың запасы таусылып, электр станциялары, зауыттар мен фабрикалар, әуе , автомобиль және теміржол көліктері тоқтап, экономика біртіндеп күйрей бастайды. Қарапайым тұрғын халық та зардап шегеді.Нәтижесінде қоғамның өміріне аса қауіпті жағдайлар қалыптасады.
Сонымен, өндірістің орын алуының, адамдардың еңбек етуінің себебі- тұтыну қажеттіліктердің болуы.Табиғат дайын күйінде тұтынуға жарамды игіліктердің бәрін беріп отырса, адамдар еңбек етпес еді, шаруашылықпен шұғылданбас еді.
Қажеттілік дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Олардың әрқайсысы кез келген кезде адамдардың әрекет жасауының себебі бола береді ме?
Қажеттілік- бұл жеке адамның немесе қоғамның өз өмір жағдайын немесе дамуын қалыпты деңгейде жүргізуге қажетті заттарға (тұтыну заттары,еңбек заттары және еңбек құралдары ) деген талабы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет