Кіріспе.
Адамның жүйке жүйесі орталық және шеткі жүйе болып екіге бөлінеді.Орталық жүйке ми мен жұлыннан тұрады. Ал олардан шығып, бүкіл денеге тарайтын нервтер шеткі жүйке жүйесін құрайды.
Жүйке жүйесі нерв торшаларынан, яғни нейрондардан түрады. Олардың жалпы саны 100 млрд шамасында. Құрылысы мен көлемі жағынан нейрондар әр түрлі, бірақ өзара жалпы бір-біріне ұқсас бірегей.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған.
Негізгі бөлім.
Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі және маңызы. Жүйке
Жүйесі- адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін neurologia (грек- neuron— жүйке, жүйке жасушасы; logos— ілім) деп атайды. Жүйке жүйесі тұтас ағзаны байланыстырып, тіршілік қызметін реттеп отырады. Жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесі және шеткі (перифериялық) жүйке жүйесі болып бөлінеді.
Жүйке жүйесінің маңызы.
Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тері, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т.б.
Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесіңің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз барғандықтан асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.
Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сртқы ортаның әртүрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады.Мысалы, жақын келген көлікті өтіп кеткенше күту, аса ыстық немесе суықтан қорғану, денені зақымдайтын заттарға жоламау және т.б.
2.Орталық және шеткі жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесі– адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен, ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелермен физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен процестерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бір бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады. Ми мен жұлынды кескенде, оның ақ және сұр заттан тұратынын көруге болады. Сұр зат жүйке клеткаларынан, ал ақ зат миелин қабығымен қапталған жүйке талшықтарынан тұрады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді.
Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамдарда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. Жұлынның жоғарғы ұшы сопақша мимен жалғасады да, төменгі ұшы шашақтанып І және ІІ бел омыртқа тұсында бітеді.
Адамның жұлыны 31-33 сегменттен тұрады: 8 мойын, 12 арқа, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құймшақ бөлімдері. Әр сегменттен қос-қостан шыққан жүйке түйіндері екі жұлын жүйкелеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы жүйкелер). Жалпы жұлыннан 31 жұп жүйке тарайды. Жұлын жүйкелері жұлын өзегінен шығып (І жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының бұлшықеттерін жүйкелендіреді. Әрбір бөлім өзіне тән жерлерін жүйкелендіреді.
Жұлын екі түрлі қызмет атқарады: өткізгіштік және рефлекторлық (тізе рефлексі, зәр шығару эякуляция, жыныс мүшесінің эрекциясы).
Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы қарқынды жүреді де, 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын қалады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жасқа жуықтағанда аяқталады.
Ми.Ми ми сауытында орналасқан. Мидан 12 жұп нерв тарайды: І-иіс, ІІ-көру, ІІІ- көз қимылдатқыш, ІҮ- шығыршық, Ү-үшкіл (үш тарамды), ҮІ- бет бұру, ҮІІ- бет, ҮІІІ-дыбыс, ІХ-тілжұтқыншақ, Х- кезеген, ХІ-қосымша, ХІІ-тіласты жүйкелері.
Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі — рефлекс, яғни тітіркендіргіштің әсеріне жауап беру қабілеті. Осы атауды ғылымға 1664 ж. алғаш кіргізген француз оқымыстысы Рене Декарт. Ол бақаларға тәжірибе жасап, тітіркендіруге оның денесінін қалай жауап беретінін бақылады. Жауап тойтарыс тәрізді екенін көріп “рефлекс” (тойтару) деп атады. Ғалымның пікірі бойынша рефлекс жолы денеде доға тәрізді, яғни қозу еткі мүшеден (теріден) жүйке орталығына, одан жауап беретін мүшеге (бұлшык етке) өтеді. Қозудың осылай өтіп рефлекс тудыратын жолын рефлекс доғасы деп атады.
Шеткі жүйке жүйесі (перифериялық) дәнекер қабықпен қапталған жүйке талшықтарының шоғырынан түзілген. Шеткі жүйке бөліміне -мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршектері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлер) және жүйке талшықтарының ұштары жатады.
Қорытынды.
Жүйке жүйесі – ағзаның тіршілік үдерістерін, барлық жүйе координациясы мен интеграциясының регуляциясын қамтамасыз ететін мүшелер мен құрылымдардың жиынтығы.
Жүйке жүйесі организмні ңсыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған.
Достарыңызбен бөлісу: |