Орындаушы: 6В06120 «Бағдарламалық инженерия» оқу бағдараламасының 3 курс студенті Болат Тілеужан
Жетекші: Абдыкеримова Л.А.
Мақсаты: Жасанды нейрондық желілер дамудың түрлі жолдарына сәйкес адамның көңіл күйін камера арқылы анықтау, бағдарламалық қамтамасыз ету және оларды пайдалануда ақпараттық модельін құру.
Таңдалған ақпараттық модельдің практикалық шешудің негізгі міндеттері:
Жасанды интеллектуалды жүйелердің қолданыстағы түрлерін, сондай-
ақ олардың жұмыс істеу әдістерін зерттеу.
Адамның бет-әлпет эмоциясын тану үшін оңтайлы нейрондық желілердің ақпараттық модельін таңдау.
Бет-әлпетті танудың қазіргі әдістерін зерттеу және олардың арасында әмбебап әдістерді таңдау.
Жүйе үшін тұлғаның қозғалыс белсенділігін тану алгоритмін жүзеге асыру және сипаттау
практикалық есепті шешу.
Жұмыстың негізгі өзектілігі: адамның бет-әлпет эмоциясын шынайы уақытта жылдам әрі нақты тану. Мен көздеген мақсатыма жету үшін жетекшіммен бірге осы бағдарламаны жасау барысында қандай кедергілер болатынын алдын - ала болжап, ол кедергілердің шешу жолдарын тауып, нақтылау.
Бағдарламалық жүйе толықтай Python, Opencv, Jupyter технологияларын қолдану арқылы жасалады.
Қазіргі технологияның дамыған уақытында кейбір адамдардан роботтар озып жұмыс жасап жатқаны бәрімізге мәлім. Деректер жиынтығы көптеген адамдардың эмоцианалды суреттерінен тұрады, нақтылай айтқанда адамның бет-әлпет кескіндерінен тұрады. Бүгінгі таңда нейрондық желілерді әрі қарай зерттеу ғылым мен техниканың көптеген салаларында, сондай-ақ адам қызметінде табысты қолданылатын ғылыми бағыт болып табылуда, яғни заманауи тану жүйелерін дамытуда басты назар қазіргі кезде медицинада, прототиптерде және адам қызметінің басқа да салаларында 3D кескіндерді семантикалық сегменттеу саласына ауысады - бұл өте күрделі алгоритмдер.
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы Негізгі тапсырма адам эмоциясын тануға арналған жүйені жасақтауға бағытталады. Жүйені кез келген адам пайдалана алады және психофизилогия мамандары үшін қолдануға арналады.