Рефрактометрия арқылы ерітіндінің сыну көрсеткішін анықтау



Дата06.01.2023
өлшемі48,49 Kb.
#60541

    1. Рефрактометрия арқылы ерітіндінің сыну көрсеткішін анықтау

Рефрактометрия - зерттелетін заттың жарықты сыну көрсеткішін өлшеуге негізделген зерттеу әдісі. Рефрактометрия медицинада қан сарысуындағы ақуыздарды (альбуминдер, глобулиндер және фибриноген), эритроциттердегі гемоглобинді, ақуыз емес денелерді анықтау үшін қолданады. Рефрактометрияны препараттардың тазалығын анықтау, инъекцияға арналған ерітінділерді, дәрілік қоспалардың ұнтақтарын талдау үшін сол сияқты, тұндырмадағы спирттің концентрациясын анықтау үшін де пайдаланады. Рефрактометрия әдістері көздің рефракциясын анықтау кезінде қолданылады.


Жарықтың сыну көрсеткіші - әрбір заттың өзіне тән, балқу температурасы, меншікті салмағы, жұтылудың молярлық коэффициенті сияқты физикалық шама.
Сыну көрсеткіші түсу бұрышы (⍺) және сыну бұрышына (β) байланысты болады.


Ерітіндегі еріген зат концентрациясымен сол ерітіндінің жарық сыну көрсеткіші арасындағы тәуелділікті зат мөлшерін анықтауға қолданылады. Зерттелтін зат концентрациясын калибрлік графигін немесе кестеде келтірілген жарық сыну көрсеткіштерінің мәндерін пайдаланып анықтайды. Сонымен қатар, соңғы жағдайда төмендегі есептеу формуласын жиі пайдаланады:






Мұндағы:
n2 – жоғары концентрациялы белгілі (C2) ерітіндінің сыну көрсеткіші;


n1 – аз концентрациялы белгілі (C1) ерітіндінің сыну көрсеткіші;
n0 – еріткіштің сыну көрсеткіші;
nx – Cx концентрациясымен зерттелетін ерітіндінің сыну көрсеткіші;
F – рефрактометрлік факторы – концентрация 1%-ға артқанда, осыған сәйкес жарық сыну көрсеткішінің арту шамасын сипаттайды (тәжірибе жүзінде анықталады).
Жарықтың сыну көрсеткіші температураға тәуелді болады.



Заттың құрылымын зерттеу үшін меншікті r (м3/кг) және молярлы R (м3/кмоль) рефракцияларды есептейді.





RM = r ⋅ M


Мұндағы:


ρ - заттың тығыздығы;
n - сыну көрсеткіші;
M - молярлы массасы.

Ерітіндегі заттардың RM рефракцияның аддитивтілігі ескере отырып есептейді.



Мұндағы:


RB - зат ерітіндісінің молярлы рефракциясы;
RP - еріткіштің молярлы рефракциясы;
RM - заттың молярлы рефракциясы;
NP - ерітікіштің кмоль саны;
NM - ерітіндегі заттың кмоль саны.

Ерітінділердің молярлы рефракциясын, олардың құрамының (молярлы үлестігі) сызықтық функциясы ретінде қарастырады. Күрделі қосылыстардың рефракциясын анықтау үшін іс жүзінде байланыс рефракцияларын есептеуге тура келеді. Бұл есептеулер органикалық қосылысты анықтауға, сипаттауға, құрылымын айқындауға көмектеседі. Ал әрбір атомдардын рефракция мәні анықтамалық кестелерде келтірілген.


Осы спирт ерітіндісінің концентрация мәндерін пайдалана отырып график тұрғызылды және кестеде сыну көрсеткіштерінің мәні келтірілген.


Бұл графиктің сыну көрсеткіштерінің графигі 2-суретте көрсетілген.





Сурет 2. Спирттің сыну көрсеткіші

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет