АҢдатпа 8-бет 2-бет



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата13.02.2017
өлшемі4,48 Mb.
#3984
  1   2   3   4   5   6   7

ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТІ 

ХАЛЫҚ  СҰРАНЫСЫНА САЙ ЕМЕС

Бүгінгінің бас тақырыбы

Ойталқы


АҢДАТПА

8-бет

2-бет

(Соңы 3-бетте)

№59 (2837) 3 маусым 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

(Соңы 3-бетте)

АРБИТРАЖДЫҚ ПАЛАТА 

ЖҰМЫСЫН БАСТАМАҚ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 

ЫРЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ

ЕЛІМІЗДІҢ РӘМІЗДЕРІН КОММЕРЦИЯЛЫҚ 

МАҚСАТТА ҚОЛДАНУҒА ТЫЙЫМ САЛУ КЕРЕК ПЕ?



«М

емлекеттік рәміздер туралы» заңның 4-6 баптарында еліміздің Туы 

мен Елтаңбасының нақты қандай жерлерде, қандай тәртіппен қолда-

нылуы туралы айтылып, «рәміздердің материалдық объектілерде 

орналастырылуы мүмкін» екені дәйектелген. Осы тұспал мемлекеттік әнұраны-

мыздың арақтың бөтелкесіне, көк байрағымыздың іш киімге көрік беруіне себеп 

болып отыр. Жалпы, мемлекеттік рәміздерді коммерциялық мақсатта қолдану 

қаншалықты дұрыс?

Азат ҚОНЫСБЕК, 

кәсіпкер: 

– Бұл мәселе аз айтылып жүрген жоқ. 

Негізі, өз басым бұл мәселеге екіжақты 

қарау керек деп санаймын. 



Ұлжалғас ЕСНАЗАРОВА, 

педагогика ғылымының докторы, профессор:

– Мемлекеттік мекемелерге арнап тапсырыспен 

тігілген ту мен коммерциялық мақсатта пайдаланылған 

рәміздерді шатастыруға болмайды. 



Бас мүфтидің Рамазан айына 

байланысты халыққа үндеуі

Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқар-

масының  төрағасы,  Бас  мүфти  Ержан  қажы 

Малға жыұлы  Рамазан  айына  байланысты 

халыққа үндеу жариялады. Бұл туралы www.

muslim.kz сайты хабарлады.

«Аса  қамқор,  ерекше  Мейірімді  Алланың 

атымен бастаймын!

Құрметті  отандастар,  бауырлар!  Бар ша­

ңызды күллі мұсылман баласы сағына күт кен, 

берекелі,  қасиетті  Рамазан  айының  келуі­

мен  шын  жүректен  құттықтаймын.  Рамазан 

мүбәрак болғай!

Рамазан – жалпыға ортақ ізгі амалдар мау-

сымы. Ораза – тәрбие, сабыр, қайырымдылық, 

ізгілік мектебі.

Рамазан  –  қайырымды  жандар  үшін  үл-

кен мүмкіндік. Оразада жасалған Жаратушы 

Иемізге ұнамды әрбір қайырлы іс үлкен сауап. 

Пайғамбарымыз  Мұхаммед  (Алланың  оған 

салауаты  мен  сәлемі  болсын)  бір  өсиетін-

де:«Адамдардың  жақсысы  –  елге  пайдасы 

тигендері», – деген. Адам қалай ниет етсе, сол 

мақсатына жетеді.

Әр  пенде  сауапты  амалымен,  тақуалы­

ғымен  Алланың  алдында  дәрежесі  артады. 

Жомарт, жанашыр азаматтарды, кәсіпкерлерді 

көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсе-

туге, мәселен, су тасқынынан үйсіз, шарасыз 

қалған  отандастарымызға  қайырымдылық 

жасауға,  табиғи  апат  салдарынан  бұзылған 

үйлерді жөндеуге қол ұшын беруге, жетім мен 

жесірге мейірімділік танытып, қараусыз қалған 

қарттарға көңіл бөлуге шақырамын.

Зекет беру – жағдайы келген (шариғат бо­

йынша нисап мөлшеріне жеткен) мұсылманға 

парыз.  Ал,  зекет  берекелі  Рамазан  айында 

берілсе, оның да сауабы еселеніп жазылады. 

Қасиетті  айдың  құрметі  үшін  азық­түлік, 

көкөніс пен тұрмыстық заттарға жеңілдік жа-

салып, құдайы астар мен садақалар ауызашар 

уақытында ұйымдастырылса, тойлар ішімдіксіз 

өткізілсе,  жамандықтың  бастауы  болған 

арақ­шараптың  сатылуына  барынша  жол 

беріл месе деген тілегімді білдіремін. Сонымен 

қатар, көпшілік жұртқа оразаның әр күнінде 

бір  жақсылық  жасауды  жоспарлап,  осынау 

сауап ты  амалдарды  ықыласпен  орындауға, 

Алланың әрдайым бізге үздіксіз нәсіп ететін 

нығметтерінен садақа беруге шақырамын. Ізгі 

амалдар Рамазаннан кейінгі айларда да жалға-

сын тапса игі.

Рамазан – бірлік айы. Осы айда берілетін 

ауызашарлар ағайын­жұрттың арасын жақын-

дастырып, игі іс­шаралар мен қайырымдылық 

акциялар халқымызды сенімі мен нәсіліне қа-

рамай ортақ мақсатқа үндейді. Бүкіл әлемнің 

Жаратушысы барша адамға: «Бөлінбеңдер», – 

деп бауырмал болуға бұйырған. Бірлігі күшті ел-

дің берекесі артады. Бірлігімізге бекем болайық!

Қадірлі жамағат! Сауабы еселеніп жазыла-

тын қасиетті айда жасаған амалдарымыз бен 

ізгі  ниеттерімізді  Алла  тағала  қабыл  еткей! 

Әумин!» – делінген Бас мүфтидің үндеуінде.

Айта кетсек, биылғы оразаның басталуы  

6 маусымға сәйкес келеді.

Жаңа  құжаттарды  депутаттардың  алдында 

қорғаған Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевке 

бастаманың қажеттігі мен тиімділігін дәлелдеу 

оңайға түспеді. Әсіресе, депутат Мұхтар Тінікеевтің 

тікелей шабуылы бас банкирді әбден састырды. 

Өйт кені, депутаттың орынтағына кезекті рет ие 

болған Мұхтар Бәкірұлы соңғы кезде шенеуніктерге 

тым қатал. Реті келсін-келмесін оларды бір түйреп 

алуға даяр тұрады. Осы жолы ол Данияр Талғатұлын 

«Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің «кры-

шасы», «сіздер Парламентке тек халыққа қарсы 

заңдарды ғана әкелесіздер», «бас банкирдің түрін 

көру сирек, ол анда-санда ғана көзге түседі» деп 

біраз сілкілеп алды. «Банкоматтағы транзакциялар 



Елімізде төлем қызметтерінің нарығы Ұлттық банк тарапынан реттелмек. Осы 

аптада Парламент Мәжілісінде бірінші оқылымда мақұлданған «Төлемдер мен 

төлем жүйесі туралы» және оның ілеспе заң жобаларында осы шараны жүзеге 

асыруға мүмкіндік беретін құқықтық тетіктер қарастырылып отыр. 

Түйткіл


(Соңы 3-бетте)

(Соңы 5-бетте)

Тұғыр


«БЕСОБА 

СИНДРОМЫ» 

АЛМАТЫДА 

БЕЛГІ БЕРДІ

Осы мақаланы жазудағы негізгі 

мақсатымыз мемлекеттік биліктің 

дербес тармақтарының бірі – сот 

билігіне байланысты қоғамдық 

қатынастарда тіл принципінің қол-

данылуы туралы ой қорыту, пікір 

білдіру, ұсыныс жасау болып та-

былады.


Сот ісін жүргізуде заңдылық, 

жариялылық, тараптардың құқығы 

мен бостандығының тепе-теңдігі, 

судьялар тәуелсіздігі сияқты де-

мократиялық принциптер басты 

орынға ие болатын болса, осы қа-

тарда сот ісін жүргізу тілі туралы 

принцип те тұруы қажет. «Тiлдердi 

қолдану мен дамытудың 2001-2010 

жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы туралы» ел Прези-

дентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы 

№550 Жарлығына сәйкес, мем-

лекеттік органдарды мемлекеттік 

тілге көшіру жөніндегі шешімге 

байланысты  Жоғарғы  Сот  пен 

жергілікті соттарда сот ісін және 

ісқағаздарын мемлекеттік тілде 

жүргізу 2007 жылдан бастап жүзеге 

асырылуда. 

«Тiл туралы» заңның 13-бабын-

да: «Қазақстан Республикасын-

да сот iсi мемлекеттік тiлде жүр-

гiзiледi, ал, қажет болған жағдайда 

сот iсiн жүргiзуде орыс тілі немесе 

басқа тiлдер мемлекеттік тiлмен тең 

қолданылады», – деп белгіленген. 

Сот ісін жүргізудің тілі туралы 

қағидалар Азаматтық процестік ко-

декстің (әрі қарай – АПК) 14-бабын-



МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ҚАБЫЛДАНҒАН СОТ  

АКТІЛЕРІНІҢ САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ



Соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында жиі талқыланып жүрген күрделі қоғамдық 

толғаныстардың бірі – тіл туралы мәселелер. Тіл – мемлекеттің Әнұраны, Туы, Елтаңбасы сияқты 

негізгі айшықтарының бірі. Сондықтан, бұл мәселеге тиісті дәрежеде көңіл бөлініп, мемлекеттік 

тұрғыда қамқорлық жасалуы тиіс.

құны неге әртүрлі? Ол реттеле ме?» деген сұрағыма 

нақты жауап неге жоқ?» – деп және бір тықсырды.

Бір қызарып, бір сұрланған Ақышев мырза, де-

генмен, өз есесін жіберген жоқ. Депутатқа негізгі 

заң жобасы жайлы баяндаманы «мұқият тыңда-

мағансың» дегенді ұқтырғандай, өз уәжін «баян-

дамамда атап өткендей» деп бастап, тек жиында 

талқыланып отырған заң жобасына қатысты мәсе-

лелерге ғана түсінік берді. 



Баспасөз — 2016

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида», 

«Нормативтік құқықтық актілер 

бюллетені» басылым дарына жазылу 

басталғанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!



жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«

НҚАБ

» – 75614

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, 

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


Азаттықтың алтын бесігі болған 

Алматыға түрлі теңеулерді таңып 

жатамыз. Жақсы көргендіктен ару

әсем қала дейміз, Алатау баура­

йындағы шаһар дейміз, тағысын 

тағылар. Алайда, осынша құрметке, 

әдемі сөздерге, мақтауға лайықты 

қаладағы атқарылатын істердің бәрі 

соған сай бола бермейтіні өкінішті.

Олай дейтініміз, сәрсенбі Алма­

тының Алатау ауданына қарасты 

«Алғабас» ықшамауданы тұрғында­

ры үшін сәтті күн болмады. Сондағы 

көпқабатты тұрғын үй бір жағына 

жантайып қалған. 

да, Әкімшілік құқық бұзушылық 

туралы  кодекстің  (әрі  қарай  –  

ӘҚБтК) 738-бабында, Қылмыстық 

процестік кодекстің (әрі қарай – 

ҚПК) 30-бабында көрсетілген.

Ресми статистикалық дерек-

терге жүгінетін болсақ, 2014 жылы 

республика  бойынша  қаралған  

668 722 азаматтық істің 138 219-ы,  

яғни, 20,6 пайызы, 2015 жылы қа-

ралған 680 810 азаматтық істің 

157 439-ы, яғни, 23 пайызы мем-

лекеттік тілде қаралған. Бұл төмен 

көрсеткіш емес. Алайда, осы ста-

тистикалық деректердің көлеңкесін-

де қалған, зейін қоятын, назар ауда-

ратын, шешілуге тиіс біраз мәселеге 

көңіл бөлу қажет деп есептейміз.

Үндеу


2

№59 (2837) 

3 маусым 2016

zangazet@maiI.ru

ҚҰҚЫҚ

Шара


«Айналайындағы» 

айшықты мереке

Алматы облыстық «Айналайын» балалар үйі ата-ана 

қамқорлығынсыз қалған балдырғандарды тәрбиелеп 

жеткізіп, қанат қақтырып отырған  бірден-бір тәрбие 

ошағы болып саналады. Бүгінде аталмыш шаңырақта  

173 бала тәрбиеленуде. 

Балалар мерекесі күні облыс әкімінің орынбасары 

Бақтияр Өнербаев қара шаңыраққа арнайы барып, 

жеткіншектерді шуақты мейрамдарымен құттықтап  

қайтты. 

– Құрметті балалар! Сіздерді Балаларды қорғау күнімен шын 

жүректен құттықтаймын! Елімізде сіздердің жақсы өмір сүріп, 

жақсы оқуларың үшін лайықты жағдай жасалуда. Сіздер ержетіп, 

үлкен өмір жолына аттанған кезде де мемлекеттің қамқорлығын 

сезінетін боласыздар. Өйткені, өздеріңіз сияқты белсенді, мақсаты 

айқын жастар Қазақстанның болашағын жасайтын болады. Талапты 

болыңыздар, өз-өздеріңізге сенімді болыңыздар, армандаңыздар, 

алға ұмтылыңыздар, күлкілеріңізбен  маңайға шуақ шашып 

жүріңіздер.



Қызылорда облысының әкімі 

Қырымбек Көшербаев Халықаралық 

балаларды қорғау күніне орай, 

«Атамекен» балалар ауылына барып, 

жеткін шектерді мерекемен 

құттық тады. 

Отбасылық үлгідегі балалар ауылында 

қазір 57 бала тәрбиеленуде.  Мерекеге 

орай  ұйымдастырылған  «Балалықтың 

мініп кемесін, бақытқа қарай жүземіз» 

атты шарада балалар ән айтып, би билеп, 

театрландырылған  қойылым  көрсетті. 

Сонымен қатар, балақайлардың қолынан 

шыққан  қолөнер бұйымдары мен сурет 

көрмесі де қонақтарды таңғалдырды. 

«Атамекен»  балалар  ауылындағы 

жеткін шектердің  барлығы  да  өнерлі, 

талант ты өрендер. Өткен жылы Наргиз 

Кашапова есімді балалар ауылының түлегі 

К.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік 

аграрлық  университетіне  оқуға  түсіп, 

білім алуда. Биыл мектеп бітірген жас 

түлек  Дәлі  Медет  те  Ресейде  оқитын 

болады. Ол Мәскеудегі металдарды өңдеу 

институтының грант иегері атанды. 

–  Біз  бүгін  бас  қосқан  «Атамекен» 

балалар  ауылы  осыдан  тура  бір  жыл 

бұрын  ашылды.  Отбасылық  үлгідегі 

балалар ауылын ашу арқылы Қызылорда 

облысы балалар үйі жойылған бірінші 

аймақ болды. Балалар ауылын салудағы 

негізгі мақсатымыз мұндағы тұрмысты 

отбасылық жағдайға барынша жақындату 

арқылы балалардың қоғамға, қазіргі өмірге 

Халқымыз ешқашан жетімін жылатпаған. Әлсізге 

қамқор болып, қолынан келген көмекті ұсынған. 

Сол ұстанымды басшылыққа алған Кербұлақ аудандық 

№2 сотының ұжымы мереке қарсаңында Қоғалы ауылының 

тұрғыны Жәнияның үйіне барып қайтты. 3-сыныпты үздік 

бітіріп отырған Жәнияның анасы жол апатынан қаза тапқан. 

Содан бері нағашы апасының тәлімін алып, тәрбиесін көріп 

отырған кішкентай қыз мектептің озат балаларының бірі 

саналады. 

Жәниямен жүздесіп, қал-жағдайына қанық болған Кербұлақ 

аудандық №2 сотының төрағасы Т.Құдабаев озат оқушыға 

ұжымның атынан сый-сияпат беріп, оқуына табыс тіледі.  

Кербұлақ аудандық №2

сотының  баспасөз қызметі

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ



Алматы  қалалық  соты-

ның  судьялары  Алматы 

қаласын дағы  №2  балалар 

үйінің  тәрбие ленушілерін 

Халықаралық  бала ларды 

қорғау күнімен құттық тады.

Алматы қаласының судья-



Байланыс үзілмейді

Балаларға 

базарлық! 

Балаларды қорғау күні мерекесіне орай, ҚАЖ депар-

таментіне қарасты  ЗК-169/5 мемлекеттік мекемесінің 

ұжымы Қызылорда облыстық   мамандандырылған сәбилер 

үйінде қайырымдылық іс-шарасын  ұйымдастырды.

 

Аталған мекемеде 1-4 жас аралығындағы 61 бөбек пен мүгедек 

сәби мемлекет қамқорлығына алынған. Шара аясында қамкөңіл 

сәбилерге қажетті құралдар берілді. Сонымен қатар, жазасын 

өтеушілерді еңбекпен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлер 

тарапынан мүсіндер, бесік және гүл қойғыштар табыс етілді. 

Шара барысында ЗК-169/5  түзеу мекемесінің басшысы, әділет 

майоры Тасболат Қалымбетов: «Жетімін жылатпаған, жесірін 

жоқтатпаған текті халықтың ұрпағымыз. Әрбір сәби – еліміздің 

басты құндылығы, сондықтан, осындай қайырымдылық шараларын 

ұйымдастырып, сәби күнінен қамқорлық көрсетіп, олардың 

құқықтарын қорғау азаматтық борышымыз», – деді. 

«Балалық шақ – патшалықтың тағына тең» деп Президент 

Нұрсұлтан Назарбаев айтпақшы, адам өміріндегі ең бір шуақты 

кез – осы балдәурен шақ. Осы мерекеге орай, облыс әкімі Амандық 

Баталовтың сіздерге арнаған арнайы сыйлығы бар. Сіздерді облыс 

басшысының атынан мерекемен құттықтап, сый-сияпат табыс 

етуге келдім, – деді Бақтияр Әлтайұлы. 

Осындай  ақ  жарма  жылы  лебізден  кейін  балалар  үйінің 

тәрбиеленушілері ағаларына алғыс ретінде өз өнерлерін ортаға 

салды. Балалардың шырқаған әуезді әндерімен, мың бұрала 

билеген билерін тамашалаған қонақтар да шаттанып сала берді. 

Әсіресе, «Стрейт Данс» заманауи би байқауының жеңімпазы болып 

табылатын балалар үйінің жеткіншектерінен құралған «Джеккей» 

би тобының «Ұлы дала» қойылымы мерекеге үлкен тарту болды. 

Балалардың өнеріне тәнті болған Бақтияр Әлтайұлы балалар 

үйінің тәрбиеленушілерінің қолқалауымен «Анашым» әнін орындап 

берді. Ағаларының тосын сыйына риза болған балалардың жүзін 

қуаныш оты одан әрі еселей түсті. Ал, облыс әкімінің өздеріне тарту 

еткен ойыншықтары мен сәнді киімдері бал-бұл жанған бала жүзін 

тіптен  нұрландырып  жіберді.

 Айтақын БҰЛҒАҚОВ,



«Заң газеті»

 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ  



Әкім жақсы істің басында жүр

Өз  кезегінде  сәбилер  үйінің  басшысы  мен  тәрбиешілері 

алғыстарын  айтты.  Шара  соңында  концерттік  бағдарлама 

ұйымдастырылды.  



Әйгерім БӘКІРОВА,

ЗК-169/5 түзеу мекемесінің қызметкері

лары  №2  балалар  үйі мен  20 

жылдан астам уақыт ынтымақ-

тастық бай ланыс та. Балалар 

үйіндегі  тәрбие ленушілерге 

көмек көрсету мақсатында жыл 

сайын судья лардың еңбекақысы 

есебі


 

нен қаражат аударылып 

отыратын арнайы қор құрылған. 

Тек соңғы бес жылдың көлемінде 

балалардың  бо с  уақытын 

ұйымдастыруға, жиһаздар мен 

тұрмыстық техникалар алуға 

көмек  көрсетілді.  Тұрақты 

негізде  балалардың  Алматы 

және Ақмола облыстарындағы 

жазғы  демалыс  орындарына 

бару мүмкін діктері қамтамасыз 

етілуде. Балалардың Түркістан 

қаласына экскур сиялық туры 

қаржыландырылған.  Жазғы 

кинотеатрдың  жабық  алаңы 

салынған. Дарынды балалардың 

Көкшетау қаласындағы олим-

пиадаға қатысуына мүмкіндік 

жасалғанын да айта кеткеніміз 

жөн. Осы жылы Халықаралық 

балаларды қорғау күнін мере-

келеу  үшін  балалар  үйінің 

тәрбиеленушісі,  оқу  озаты 

Аружан Амангелді Мәскеу қала-

сы на жіберіліп отыр.

Ал, 1 маусым күні Алматы 

қалалық  сотының  өкіл де-

рі  балалар  үйін дегі  тәрбие-

Жетім көрсең жебей жүр!

лену шілерді мейрам мен құт-

тық тай отырып шайға арнал-

ған  тәттілерді  жет кізді.  Сот 

ұ ж ы  м ы   а т ы н а н   А л м а т ы 

қала лық  сотының  судья сы 

Р.Досмұхаметова балалар үйі-

нің тәрбиеленушілерімен көп 

жылдар бойы қарым-қатынас-

та. Мерекелік концерт бары-

сында Р.Досмұхаметова бала-

л а р ғ а   м ы қ т ы   д е н с аул ы қ , 

шығар машылық табыс тіледі. 

Басшы лық пен балалар өз кезе-

гінде сот ұжымының көрсет-

кен ілтипатына ризашы лығын 

білдірді.  Концерттен  кейін 

балалар үйінің ұстаздары қонақ-

тар үшін таныстыру саяхатын 

жүргізіп, балалардың тыныс-

тіршілігін көрсетіп, мекемеде 

өткізіліп тұратын іс-шаралардан 

хабардар етті. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда 

№2 қалалық балалар үйінде 8-18 

жас аралығындағы 72 тәрбие-

ленуші бар.

Алматы қалалық 

сотының 

баспасөз қызметі

бейімделуіне жағдай жасау еді. Балалар 

ауылы осы міндетін жақсы атқарып жатыр 

деуге толық негіз бар. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі 

ел үміті. Сондықтан да, сіздер сапалы білім 

алып, еліміздің дамуына белсене араласып, 

тәуелсіз Қазақстанның одан әрі гүлденуіне 

өз үлестеріңізді қосуларыңыз қажет. Ал, 

біз сіздерге әрқашан қолдау көрсетуге 

дайынбыз, – деді облыс әкімі Қырымбек 

Көшербаев.  

Балаларды мерекемен құттықтау үшін 

«Атамекен» балалар ауылының демеушілері 

– өңірдегі мұнай компаниялары да келді. 

Мерекеге орай сыйлықтарын табыстап, 

балалардың қуаныштарына ортақтасты. 



Қызылорда облысы әкімінің 

баспасөз қызметі 

Брифинг


Кеше ҚР Президенті 

жанындағы Орталық 

коммуникациялар 

қызметінде Әділет вице-

министрі Зәуреш Баймолдина 

баспасөз мәслихатын өткізді. 

Вице-министрдің айтуын-

ша, Қазақстанда арбитраждық 

палата құру жоспарланып отыр 

екен. Жақында қол қойылған 

«Арбитраж  туралы»  заңның 

негізінде қолданысқа енгізілгелі 

тұрған бұл бастаманың елімізге 

берері көп. 

–  Біз  арбитражды  және 

медиативті қызмет кең қолданы-

латын шетелдердің тәжірибесін 

АРБИТРАЖДЫҚ ПАЛАТА ЖҰМЫСЫН БАСТАМАҚ

жан-жақты таразыладық. Сонда 

байқағанымыз,  бұл  елдерде 

соттан тыс формаларды дамыту 

үшін  арнайы  орталықтар 

жұмыс істейді. Бізге де осын-

д а й   о рт а л ы қ т а р   а р қ ы л ы 

а р б и т р а ж д ы қ   қ ы з м е т т і 

жетілдіру  керек.  Аталмыш 

орталықтардың  көмегімен 

мемлекет белгілі бір мемлекеттік 

құрылым, сот немесе Әділет 

министрлігі  арқылы  соттан 

тыс  формаларды  дамытуға 

қолдау көрсете алады, – дейді 

З.Баймолдина.

С о н д а й - а қ ,   З ә у р е ш 

Баймолдина  арбитраждық 

палатаны  құруға  қатысты 

туындайтын  мәселелер  мен 

сұрақтарды талқылау мақса-

тында Әділет министр лігін де 

дөңгелек  үстел  ұйым дасты-

рылатынын атап өтті.



А.ТҰРМАҒАМБЕТОВА,

«Заң газеті»

№59 (2837) 

3 маусым 2016

3

zangazet@mail.ru



ҚОҒАМ

(Соңы. Басы 1-бетт

е)

Сауалнаманы дайындаған Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ, «Заң газеті»   

Ойталқы


ЕЛІМІЗДІҢ РӘМІЗДЕРІН КОММЕРЦИЯЛЫҚ МАҚСАТТА 

ҚОЛДАНУҒА ТЫЙЫМ САЛУ КЕРЕК ПЕ?



Ұлжалғас ЕСНАЗАРОВА, 

педагогика ғылымының докторы, профессор:

Азат ҚОНЫСБЕК, 

кәсіпкер: 

Мемлекеттік рәміздеріміздің на-

сихатталғаны, кең көлемде қолда-

нылғаны  жақсы-ақ.  Алайда,  бәрі 

орнымен  болуы  керек.  Жалпы, 

рәміздерді коммерциялық мақсатта 

пайдалануға тыйым салудың қажеті 

жоқ. Тек мемлекеттік нышандары-

мыз бейнеленген заттардың аяқасты 

етілуіне немесе қорлануына тыйым 

салған жөн. 

Ал, коммерциялық мақсаттарға 

тыйым салудың қажеті жоқ. Мәсе-

лен, көп жағдайларда мемлекеттік 

нышандарымыз  түрлі  кәдесый-

ларда көрініс тауып жатады. Шет-

тен келетін туристер мен қонақтар 

елдеріне кетер кезде кәдесыйлар 

ала қайтуға әуес. Арнайы жасалған 

соң кәдесыйлар базарлыққа ыңғай-

лы әрі елдің нышанын танытатын 

бірден-бір құрал болып саналады. 

Оның үстіне, мұндай кәдесыйлар 

елімізге жарнама болып та табы-

лады.  Мысалы,  Америка  секілді 

елдер өз туын футболкалар мен 

спорттық киімдердің сыртына, кез 

келген жейделердің арқасына салу 

арқылы ұлттық рәміздерін кеңінен 

насихаттап  отыр.  Футболкадағы 

елдің нышанына көз үйреткен халық 

ол тудың Американікі екенін бірден 

ажырата алады. Яғни, рәміздерді 

бейнелеу арқылы елді кеңінен та-

нытуға болады. Бұл, бір жағынан, 

жастардың  бойында  патриоттық 

сезім қалыптастыруға да өз үлесін 

тигізері  анық.  Осындай  тауарла-

рымызды кеңінен тарату арқылы 

мемлекеттік рәміздеріміздің де дү-

ниежүзі бойынша таралуына, та-

нылуына  жағдай  жасасақ  жаман 

болмас еді. Осы орайда, біздің де 

футболка, жейделеріміздің сыртын-

да мемлекеттік рәміздеріміз тұрса 

еш  сөкеттігі  жоқ  деп  ойлаймын. 

Мұны шетелге кетіп бара жатқан 

жастарымыз зор сүйіспеншілікпен 

киеді. Жалпы, еліміздің рәмізі кез 

келген адамның бойына рух береді, 

патриоттық сезім қалыптастырады. 

Тек қана мемлекеттік мекемелердің 

төбесінде ілініп тұратын тулар жал-

пыға бірдей рух, патриоттық сезім 

сыйлайды деп айта алмаймын. Сон-

дықтан, рәміздердің кең көлемде 

қолданылғаны дұрыс. Ал, спортшы-

лардың киіміне орналастырғанмен, 

оның белден төмен емес, көрнекі 

жерінде ілініп тұруына жағдай жаса-

уымыз керек. Әйтпесе тізеге жақын 

ілініп тұрған рәміз көрер көзге ыңғай-

сыз. Өз басым аяқасты болмайтын 

жағдайлардың барлығында мемле-

кеттік рәміздерімізді коммерциялық 

бағытта қолдана беруге болады деп 

санаймын.

Өйткені, мемлекеттік ту белгіленген ере-

желерге сәйкес, түрі, түсі, материалы мен 

орналасу тәртібіне сай болады. Сондықтан, 

тәтті шоколадтарға, төсбелгілерге, спорттық 

киімдерге жапсырылған және үстел үстіне ар-

налған туларды салыстыра бермеуіміз керек. 

Дегенмен, тәртіп болуы керек. 

Мемлекеттік рәміздер – тұтас бір ұлттың 

елдігін айқындайтын ұлттық, қасиетті нышан-

дар. Ал, оларды көрінген жерге тықпалап, 

жапсыра берсек, қадірін қашыруымыз әбден 

мүмкін. Сондықтан, рәміздердің коммерция-

лық мақсатта пайдаланылуына үзілді-кесілді 

қарсымын. Қазіргі таңда еліміздің жайма 

базарларында мемлекеттік туымызды ай-

шықтайтын басты белгілер – қыран құс пен 

алтын шұғылалы күн бейнесі таңбаланған 

ішкиімдер еркін сатылып жатыр. Ол аздай, 

ішкиімнің ышқырына «Қазақстан» деп жазы-

латынын қайтерсіз. Ел атауының кіндіктен 

төмен тұстан орын алып, рәмізіміздің іш 

киімге әр беріп тұруы ұлттық рәмізіміздің 

құндылығын түсірері анық. Мұндай бассыз-

дықтарға бүгін тыйым салмасақ, ертең одан 

да зорын көруіміз әбден мүмкін. Ұлттық құн-

дылықтарының аяқасты болуынан сақтанған 

өзбек көршілеріміз мемлекеттік рәміздерін 

коммерциялық  мақсаттарға  пайдалануға 

тыйым  салу  туралы  заң  қабылдады.  Ал, 

біздің «Мемлекеттік рәміздер туралы» заңда 

олардың қандай жерде қолданылуы туралы 

егжей-тегжейлі жазылған. Алайда, осы заң-

ды кейбіреулердің құлаққа ілмеуінен бүгінгі 

күні осындай мәселе туындап отыр. Менің 

ойымша, мемлекеттік нышандарымызға ара 

түсуге осы заңның-ақ қауқары жетеді. Алай-

да, сол заңды іске асыратын тиісті орындар 

қызметінің әлсіздігі осындай олқылықтарға 

жол беруде. Мәселен, қадағалаушы орындар 

мұндай тауарларды айналымға жіберіп қойып 

не бітіріп отыр?! Сондықтан, тиесілі орындар 

заңның өз күшінде жұмыс істеуіне мүдделілік 

танытып, бақылауды күшейтіп, жазылған заң-

ның орындалуына күш салса екен. 

Бүгінгінің бас тақырыбы

Түйткіл



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет