Ағай көп мәлімет таба алмадым түсініспен қарайтыныңызға үміттенеи



Дата11.11.2022
өлшемі4,76 Mb.
#49451









Нұрмахмабет Ұлан
Тарих-203

Ағай көп мәлімет таба алмадым түсініспен қарайтыныңызға үміттенеи:/



деректану – тарихи деректер, олардың ашылуы, зерттелуі және қолданылуының теориясы мен практикасы туралы ғылым.


Деректі түсіндіру баяндалатын нақты оқиға, фактілерді анықтау, мәтіндегі тура немесе астарлы сөздергеметафораларға түсіндірме жасаудан тұрады. Деректердің пайда болуын зерттеу үшін оның авторын, уақытын, деректің шыққан жерін, пайда болуының тарихи жағдайын анықтау қажет. Деректердің пайда болған жерін, уақытын палеографияметрология, т.б. қосымша белгілер арқылы шамамен анықтауға болады. Ал дерек авторын қосымша белгілер (мазмұны, тілі, стилі, қолтаңбасына қарап) арқылы анықтау көп жағдайда құжат арқылы дәлелденгенге дейін болжам ретінде танылады. Тарихшы зерттеу жұмысының осы бірінші бөлімі арқылы дерек көзінің дәлдігіне көз жеткізе алады. Әрі қарай талдау жүргізу әдісі деректе берілген мағлұматтарға байланысты болады. Баяндаушы деректердің (жылнамалармемуарларпублицистика, т.б.) дәлдігін анықтау мағлұматтардың пайда болу жағдайын, нақты мәліметтерді тексеруді, автордың саяси көзқарасын ашуды қажет етеді. Бұл деректанулық талдау жасаудың екінші бөлімі. Егер дерек баяндалып отырған оқиғаға қатысушы куәгердің мәліметі болса, онда оның сол оқиғаға қандай жағдайда қатысқаны, тарихи шындықты суреттей алатын мүмкіндіктері анықталуы шарт. Оқиғаға автордың өзі тікелей қатыспаған жағдайда оның мәлімет алған дерек көздері анықталып, мағлұматтардың толықтығы мен дәлдігі тексеріледі. Автордың жеке саяси көзқарасы берілген мәліметтердің объективтілігіне әсер етеді. Деректегі нақты мәліметтерді логикалық талдау және салыстыру арқылы тексеруге болады. Әр алуан деректерде берілген мәліметтердің бір-бірімен сәйкес келуі олардың нақтылығын дәлелдейді. Отандық деректану ғылымының қалыптасуы мен дамуына Ш.Ш.УәлихановӘ.Н.БөкейхановА.БайтұрсыновЕ.БекмахановӘ.Х.Марғұлан, т.б. зор үлес қосты. Қазіргі деректанудың теориялық-әдістемелік проблемаларына, деректерді зерттеуде Математикалық тәсілдер мен компьютерлер пайдалануға ерекше көңіл бөлінген


деректану

Деректану деректерді объективті өмір шындығын бейнелейтін, күрделі қоғамдық құбылыс ретінде қарастырады. Дерек объективтілік пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігі негізінде пайда болады, сондықтан олар жан-жақты талдауды қажет етеді. Деректі талдау екі кезеңнен тұрады: деректің түпнұсқамен дәлдігін анықтау және алынған мәліметтердің анық-қанығына көз жеткізу. Деректердің әр алуан түрлеріне талдау жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, құжаттық деректерді талдау мен баяндаушы деректерді талдауға әр түрлі тәсілдер қолданылады. Деректердің түпнұсқамен дәлдігін анықтау мәтінді айқындауды, деректі түсіндіруді және оның пайда болуын зерттеуді қажет етеді. Мәтінді айқындау жұмыстарына мәтінді дұрыс оқу және түсіну, кейіннен енгізілген толықтырулар мен қосымшаларды анықтау, олардың түпнұсқаға қатынасын ашу, егер түпнұсқа болмаса, онда мәтіннің тарихын және бастапқы авторлық нұсқасын қалпына келтіру, т.б. жатады.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет