ҚАҒидалары жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата19.04.2023
өлшемі361,36 Kb.
#84071
түріКонкурс
  1   2   3


Қазақстан Республикасы 
Бiлiм және ғылым министрiнің 
2014 жылғы «08 » тамызындағы 
№ 340 бұйрығына 2-қосымша 
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми 
жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу
ҚАҒИДАЛАРЫ 
 
1. Жалпы ережелер 
1. 
Осы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық 
ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және ӛткізу қағидалары
(бұдан әрі – Ғылыми конкурс) Ғылыми конкурстардың ұйымдастыру және 
ӛткізу тәртібін анықтайды.
2. 
Ғылым мен техника бойынша Халықаралық жарыстардың
Ғылыми конкурсын (Intel International Science and Engineering Fair (бұдан әрі 
– Іntel ISEF)) жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ӛткiзедi.
3. Ғылыми конкурстың мақсаттары мен мiндеттерi: 
1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін 
ынталандыру; 
2) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға 
қолдау кӛрсету; 
3) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға 
ықпал ету. 
4. Ғылыми конкурстың іріктеу кезеңі халықаралық қағидалардың
(Intel ISEF) талаптарына сәйкес – Ғылыми Рецензиялау Комитетімен
(бұдан әрі - ҒРК) ӛткізіледі. ҒРК – Ғылыми конкурстың әр кезеңіндегі 
заңдары, қаулылары және ережелері бар ғылыми жұмыстардың, 
сертификаттардың, ғылыми зерттеу жоспарларының, экспонаттарының 
бағалануына жауапты білікті мамандар тобы болып табылады.
Ғылыми конкурстың барлық деңгейлерінде ғылыми жалғандық және 
бұрмалауға, басқа конкурстарға бұрын-соңды ұсынылған жұмысты ӛз 
жұмысы ретінде пайдалану немесе ұсыну, жалған мәліметтер беруге жол 
берілмейді.
5. ҒРК ұсынылған жұмыстарды қарайды, бағалау критерийлары 
бойынша қосындылап, Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және ӛткізу 
жӛніндегі республикалық ұйымдастыру комитетімен бекітілген әр жобаны 
рецензиялайды және қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша облыстық 
кезеңге, жаратылыстану - математикалық бағыт бойынша республикалық 
кезеңге қатысушыларды анықтайды. 



6. Ғылыми конкурстың қорытынды кезеңінің қазылар алқасы Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым вице-министрімен бекітіледі. 
7. Ғылыми конкурсқа: 
1) аталған ғылым саласындағы фактiлер, оқиғалар, құбылыстар және 
бұрын танылмаған, ерекше жақтары кӛрсетілген; 
2) мектеп тәжірибелерін жетiлдiруге, ӛндiрiстiк процесстердiң 
тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн, практикалық міндеттерді шешуге 
жаңалықтар 
әкелетiн 
аппараттардың, 
модельдердің, 
құралдардың 
конструкциялары ұсынылған;
3) 
әлеуметтiк-экономикалық 
мәселелерді 
шешуге 
бағытталған 
экономикалық-заңдыққа негiзделген компьютерлiк модельдер және жобалар 
ұсынылады. 
8. Ғылыми конкурсқа: 
1) жарысқа кәмелетке толмағандар үшiн рұқсат етiлмейтiн аспаптармен 
жұмыстар, жануарларға қатігездік кӛрсетiлетiн эксперименттер, адам 
денсаулығы мен жануарлар үшiн зиян келтiретiн заттармен жүргізілетін 
жұмыстар (улы, радиоактивтiк, канцорегендік және мутагендік әсері бар 
зерттелмеген биологиялық белсендi қосылыстар, адам және жануарлар үшін 
патогенді немесе шартты патогенді заттар, микроағзалар, вирустар, iшiмдiк, 
никотин) жарысқа қатысуға жiберiлмейдi;  
2) республикалық жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жұмыстар 
Ғылыми конкурсқа қатысуға жіберілмейді. 
9. Зерттеу жұмыстарын рәсiмдеуге қойылатын талаптар:
1) жұмыс мәтiнi компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы 
тиіс: 
титул парағы; 
мазмұны; 
абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының 
қай тiлде дайындалғанына байланысты), және ағылшын тiлiнде жазылады
кiрiспе; 
зерттеу бӛлiмi; 
қорытынды; 
пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi; 
2) титул парағында мыналар кӛрсетiледi: 
жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi; 
автордың (бiрiккен автордың) тегi, аты, сыныбы; 
жұмыстың атауы; 
жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы; 
жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты; 
қаласы (жарыстың ӛтетiн жерi), жылы; 
3) абстракт (аннотация) (250 сӛзден артық емес) қамтылған жұмыстың 
қысқаша мазмұнын кӛрсетуі тиіс: 
зерттеудің мақсаты; 



гипотезасы; 
кезеңдерi, зерттеудiң реті; 
тәжірибенің әдiстемесi; 
зерттеудiң жаңалығы және дербестiк дәрежесi; 
жұмыстың нәтижесi және қорытындысы; 
нәтижелерді практикада қолдану салалары; 
4) кiрiспеде (екi беттен артық емес) мыналар келтiрiледi: таңдалған 
зерттеу тақырыбының ӛзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi); қойылған 
мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша кӛрсетiледi; 
5) жұмыстың зерттеу бӛлiмi (20 беттен кем емес) жеке тараулардан 
(параграфтардан) тұрады және мыналарды қамтиды: 
осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне кӛз жеткiзуге және оның 
мақсатын (мiндетiн) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып 
бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау; 
қойылған мiндеттердi шешу әдiстерiн сипаттау; 
жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау; 
суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер); 
6) пайдаланылған әдебиеттерге сiлтеменi тӛртбұрышты жақшада 
кӛрсету керек. Мәтiнде кездесетiн сiлтемелердің шығуына қарай, нӛмiрлеу 
реті болады; 
7) қорытынды (бiр беттен артық емес) жұмыстың негiзгi нәтижелерi 
және олардың негiзiнде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерiн 
ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жӛнiндегi ұсыныстарды 
қамтиды; 
8) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай 
тәртiпте берiледi: 
автордың тегi және қысқартылған аты-жӛнi; 
мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшiн); 
журналдың, кiтаптың аты; 
басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн); 
басылған жылы, шығу нӛмiрi, бетi; 
9) әрбiр жұмыста таңдалған тақырыптың ӛзектілігі, автордың жұмысқа 
сiңiрген жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн әрi қарай 
пайдалану жӛнiндегi ұсыныстары кӛрсетілген жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі 
керек; 
10) тӛртiншi кезеңге (баяндамаға) 135х125 шаршы сантиметр кӛлемдегi 
стендке орналастыру үшін демонстрациялық материалдарды жасау 
ұсынылады.  
10. Стендтi рәсiмдеуге қойылатын талаптар: 
стендтiң жоғарғы жағына кӛлденеңiнен абстрактын, қатысушының атын, 
жасын, мектебiнiң, қаласының, облысының атын орналастыру қажет; 



стенд материалдары жұмыстың мазмұнын сипаттайтын нӛмірленген 
кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар енгізіліп, қорытындылары 
кӛрсетіліп, талғаммен ресiмделеді; 
мазмұнды дайындау кезiнде негiзгі назарды жоба авторының алған 
нәтижелерiн кӛрсетуге аударылады. 
11. Уәкілдік мүшемен бекітілген ғылыми жетекшi жұмыс нәтижелері 
диплом жұмыстарынан, магистрлік және кандидаттық диссертациялардан, 
ғылыми ұжымдардың есептерiнен кӛшiрiлмеген, алынған нәтижелердің 
нақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Оқушы жаңа білім мен ӛз 
бетінше зерттеу қызметінің дағдыларына ие болып, ӛз қолынан келетін 
жұмысты орындауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет