Ағылшын тілі мұғалімі, 7 «А» сынып жетекшісі Оразимбетова Айнур Адилкадировнаның жұмысына берілген ПІКІР
Менің балам Тұрғынбай Әлисұлтан оқитын сыныптың жетекшісі Оразимбетова Айнур Адилкадировна ұстазымыз парасатты, байсалды, адамгершілігі мол жан. Әр істі ыждаһаттылықпен мұқият орындайтын жан. Заманауи өмір тұрғысынан білімді ұстаз ретінде сыныптағы барлық оқушылар және ата –аналар ол кісінің шеберлігін бағалайды.
Үнемі ізденіс үстінде жүретін Айнур апайдың жүзі де жарқын, келбеті сымбатты адам. Тазалықты жаны сүйеді. Әрбір алдындағы шәкіртінің білім деңгейінің ғана емес тәрбиесіне де көңілді көп бөледі. Сыныптағы оқушылардың ой-өрісінің, білімінің жоғарылауына үлкен үлесін қосып жүр. Әр оқушыға жекелей немесе сынып жиналысында өмір туралы, болашаққа мақсат қою және қиындыққа мойынсұнбау жайында өмірлік маңызды ақыл-кеңесін айтады.
Мектепте «Ашық есік күні» сабағына қатысып, ол кісінің сабағынан үлкен әсер алдым. Сабақта қолданған түрлі әдіс – тәсілдері, сабақтың кезеңдерін уақытылы тиімді пайдалануы, оқушылармен қарым-қатынасы, өзін-өзі ұстауы ұнады.
Тәрбие бағытында оқушыларға Отанымызды, ата-ананы, ұстаздарды, жаттықтырушыны, тіпті бөтен адамдарды сыйлауды, құрбы-құрдастарына жақсылық жасауға дайын тұруды, қолдан келсе, көмек жасауды үнемі айтады. Өсек айтпауды, орнымен мақтануды, ретімен әзілдеуді, жалпы қыз-жігіттің өзін қалай ұстау керектігін де үйретеді. Айнур Адилкадировна қызықты жағдаяттарды мысалға келтіре отырып қажеттісін алуды, жағымсызынан жиренуді үйретіп келеді.Бұл ұстаздың мейірбандылығы деп танимын.
Айнур Адилкадировна бос уақытын аямай барлық білімін, жан-дүниесін шәкіртке арнаған ұстаз. Ата-аналармен қарым қатынасы жақсы. Әр адамның жүрегіне жылу бере алады.
Ұстазымыз Егеменді еліміздің саналы да, сапалы білім беретін, бала жанын әр қырынан түсінетін беделді ұстаздарының бірі деп ойлаймын.