Ағымдық, рубеждік және аралық бақылауға арналған тапсырмалар



бет1/3
Дата03.05.2023
өлшемі22,12 Kb.
#89435
  1   2   3
Байланысты:
Ағымдық, рубеждік және аралық бақылауға арналған тапсырмалар (1)


Ағымдық, рубеждік және аралық бақылауға арналған тапсырмалар

Ағымдық бақылауға арналған тапсырмалар студеттің ОБСӨЖ бен СӨЖ-ге арналған тапсырмаларын орындауды, осы орайда олардың эссе, баяндама, слайд сияқты жұмыстарды дайындауын, глоссарийлер мен сөзжұмбақтар құрастыруын, терминдермен жұмыс істеуін, маңызды ғылыми еңбектермен жете танысуын және т.б. қамтиды.




ЭССЕ
Эссе - берілген тақырыпқа байланысты докторанттардың өз ойлары негізінде жазылған шығарма. Эсседе рефератпен салыстырғанда студенттердің тақырыпқа байланысты өз ойының жиынтығы беріледі. Онда берілген тақырыпқа байланысты өз пікіріңді саяси, сыни, тарихи-библиографиялық т.б. тұрғысында жазуыңызға болады. Эсседе келтірілген өзіңіздікі емес анықтамалар, илеялар, дәлелдер келтірсе, олардың қайдан алынғандығын көрсететін әдебиеттерге немесе деректерге сілтеме жасау керек. Ең бастысы, онда студенттің тақырыпқа байланысты ойлары, сезімі, саяси ұстанымдары анық көрінуі керек
Эссені бағалағанда төмендегі факторларға ерекше көңіл аударылады:
кіріспе мен қорытындыны құрылымдандыра білу керек;
дәлелдерді қисынды және анық келтіру керек;
көтерілген мәселені ауқымды және терең талдау қабілеті;
алдыңа қойылған сұрақтарға нақты және анық жауап беру;
жұмысты әдемілеп көркемдеу, презентацияны да қосу керек;
қажетті болғанда сілтемелер қолданып, әдебиеттер тізімін беру қажет.


Талдау
Талдау - проблемалық жағдайдың себептерін, шешу мүмкіндіктерін анықтауға байланысты докторанттың жұмысы.
Талдау жасағанда төмендегі ұсыныстарды ескеріңіз:

  • Талдау барысында студент өзінің басқа пәндерден алған білімі мен қазір оқып жатқан пәнінен алған білімдерін байланыстыру арқылы талдап отырған мәселенің шын мәнін, себептерін, табиғатын түсінуі үшін керек.

  • Талдау тиімді әрі нәтижелі болу үшін оқу курсының концептуалды негіздерін біліп қана қоймай, оларды пайдалана білуі керек.

  • Талдау барысында проблемалы жағдайдың сырт көрінісінен көрі, оның ішкі заңдылықтарына ерекше көңіл бөлу керек;

  • Проблемалық жағдайды бағалауда белгілі бір тәуекелдің болатынын ескеру керек;

  • Қарастырып отырған мәселені мүмкіндігінше жүйелі түрде талдау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет