Капсулалар (лат. Сapsulae қапшық, сырт қабықшасы, сырт қорабы)



Дата27.12.2022
өлшемі13,43 Kb.
#60000
Байланысты:
10 сурак


Капсулалар (лат. Сapsulae - қапшық, сырт қабықшасы, сырт қорабы) - дәрілік заттың қабықшамен қапталған дозаланған дәрілік қабық. Капсулалар ішке сиректеу ректальді, вагинальді және т.б. әдістермен енгізіледі. Сонғы жылдары бұл дәрілік қалып кең таралуда, себебі; дәлірек дозаланады, дәрілік затты жарық, ылғал, ауа әсерлерінен қорғалынған, кейбір жағдайда дәрілік заттың жағымсыз иісі мен дәмі бүркеленген. Капсулалардың сырт беті жақсы көріністе және жеңіл жұтылады, жылдам ісінеді, ериді және асқазан-ішек жолында жақсы сіңеді, жоғары биологиялығы жеткілікті. Капсулалар өндірісі толық механикаландырылған және автоматтандырылған. Кемшілігіне ылғалға тұрақсыздығы жатады.
Капсулаларды 2 типке бөледі: қатты және қақпағы бар (cupsulae durae operculate) және жұмсақ, бүтін қаптамасы (capsulae molles).
Қатты капсулалар сусымалы ұнтақ тәріздес және гранулденген заттарды дозалау үшін пайдаланады.
Олардың қалпы цилиндр, бүтін жақтары жартылай сфералы және екі бөліктен - корпустан және қақпақшадан тұрады. Корпус және қақпақша бір-біріне жеңіл және қуыс қалтырмай тығыз киілуі керек.
Капсулалар ішінің сыйымдылығына байланысты 8 нөмірлі болады.
Жұмсақ капсулалар, қатты капсулалар сияқты сыйымдылығы 1,5 мл, тігіспен немесе тігіссіз. Сыйымдылығы 0,1-0,2 мл капсулалар маймен толтырылса, оларды «жемчужина» немесе перлы (perlae gelationosae), ал егер олардың ұзарған мойны болса оларды тубатин (tubatinae) деп атайды. Олар балалар дәріліерін орамдауға қолданады. Капсулалар сапасы негізінен пленка құрушыларға байланысты, олар 50-ден асады; Желатин, зеин, майлар, парафин, МЦ, ЭЦ, полиэтилен, нейлон, ПВХ және т.б. негізігі материал желатин

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет