АгрометЕОрОлОгИя Қолданатын негізгі терминдер мен түсініктемелер



бет44/82
Дата06.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#79846
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82
Осы шаралардың бастылары мыналар:
а) Топырақты аударып жыртпай, оның бетiнде аңыз қалдыру және басқа өсiмдiк қалдықтарын сақтау. Жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң деректерi бойынша өңделгеннен кейiн танапта 70 пайыз немесе әр шаршы метр жерде 200-300 дана аңыз сақталса, жел эрозиясы болмайды екен. Ол үшiн топырақты арнаулы құралдармен өңдеу керек. Оларға топырақты сыдыра қопсытатын, танап үстiндегi аңыздарға онша көп зақым келтiрмейтiн, жердi терең өңдеуге арналған жазықтабанды КПГ-250, КПГ-2-150, таяз өңдеуге арналған КПШ-9, КПШ-11, ОП-8, Оп-12 сыдыратiлгiш кулльтиваторлары, көктемде ылғалды жабуға арналған инелi БИГ-3А, БИГ-6А тырмалары, БМШ-15, БМШ-20 құралдары, ЛДГ-15, ЛДГ-20 сыдыражыртқыштары, аңызға тұқым себетiн СЗС-2,1А дәнсепкiштерi жатады.
ә) Жел эрозиясы болып тұратын ашық далалық аймақта жердi жазықтабан сыдыра тiлгiш құралдармен сүдiгер көтергенде соқамен аударылып жыртқан жерлерге қарағанда танаптарда қар қалың тоқтайды. Көктемде жазықтабан сыдыра тiлгiшпен қопсытылған топырақтағы ылғал мөлшерi аударылып жыртылған сүдiгерге қарағанда едәуiр мол болады. Осының әсерiнен ауылшаруашылық дақылдарының әр гектарынан 1,5-3 ц үстеме өнiм алынады.
б) Аңызы сақталған танаптарда көбiне желтоқсан айының басында –ақ қалыңдығы 20-30 см қар тоқтайды, ал соқамен аударылып жыртылған танаптарда қар көбiне қыстың екiншi жартысында ғана жиналады және қалың болмайды. Аңызы сақталған танаптарда қар ерте тоқтайтын себептi жер 70 см-ге дейiн ғана тоңданып қатса, ал аңызы жоқ танапта ол 1,5-2,0 метрге дейiн тоңданады. Сондықтан аңыз сақталған жерлерде көктемде қар баяу ерiп, оның суы топыраққа жақсы сiңедi.
Мысалы, Қазақ ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы институтының зерттеулерi бойынша орта есеппен 5 жыл iшiнде жердi соқамен аударып жыртқанда танаптағы қардың қалыңдығы 17,4 см, ал жазықтабан сыдыратiлгiш культиватормен терең қопсытып өңдегенде 33,7 см, яғни қар екi есе көп жиналған. Топырақтағы осыған сәйкес ылғал қоры 512 м3/га және 978 м3/га, ал жаздық бидай өнiмi 9,5 ц/га және 12,8 ц/га болған.
в) Жел эрозиясы бар аймақтарда ерте таза пар қолданған дұрыс, яғни парға қалдырған танаптарды өңдеудi көктемде бастау керек. Бұл өңдеулер жазықтабан сыдыра тiлгiш құралдармен жүргiзiлуi тиiс. Осылай еткенде жаз бойы танапта аңыздар сақталады да топырақ эрозиясы болмайды. Ғалымдар жүргiзген көп жылдық зерттеулер танапты жазықтабан сыдыра тiлгiшпен қопсытқанда күз, қыс кезiнде түсетiн ылғалдың топыраққа толық сiңуiне мүмкiндiк туатынын көрсетiп отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет