«Aisaf- almaty гимназия» жм бастауыш сынып мұғалімі Карбозова Акнур Сабиткызына



Дата12.04.2023
өлшемі17,39 Kb.
#81765

«Aisaf- Almaty гимназия» ЖМ
Бастауыш сынып мұғалімі Карбозова Акнур Сабиткызына
ПІКІР
Карбозова Акнур Сабиткызы 2020 жылдың 1 қыркүйегінен «Aisaf- Almaty гимназия» ЖМ бастауыш сынып және математика пәнінің мұғалімі болып, бүгінгі күнге дейін осы мектепте қызмет атқаруда. Акнур Сабиткызы - шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз пәнін жетік меңгерген шебер ұстаз. Өз жұмысында оқушылардың оқу іс- әрекетін белсенді ұйымдастыра біледі, инновациялық жұмыс түрлерін, сын тұрғысынан ойлау мен жазу технологиясын қолдана отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
2022 жылы «Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында ауданның білім саласының дамуына қосқан зор үлесім үшін Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды.
2022 Мектептің әдістемелік қызметін дамытуда біліктілігім мен кәсіби шеберлігімді көрсете білгенім үшін Алматы қаласы білім басқармасының Наурызбай ауданы білім бөлімінен МАДАҚТАМАМЕН марапатталды.
2022 жылы «Алтын тұғыр» бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған математикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде III орын иеленді.
2022 «Абыройлы ұстаз: Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» байқауының аудандық кезеңінде III орын иеленді.
Карбозова Акнур білім саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Ол осы еңбек еткен жылдары өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мол, білікті қызметкер ретінде көрсете білді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды. Қызметкерлер арасында өте беделді. Тәжірибесі мол, білімді де, білікті өз мамандығын жетік меңгерген ұстаз.


Оқу қызметтер бойынша менеджері: Жакенова А.Б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет