« Ақжар» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Математикалық сауаттылық 9 – сынып
Математикалық сауаттылық тесті оқушылардың өмірлік жағдаяттарда математиканы қолдану және түсіндіру қабілетінің қалыптасуын бағалауға бағытталған 13 тест тапсырмасынан тұрады: «Сандар және шамалар туралы түсініктер», «Сандарға амалдар қолдану», «Теңдеулер және теңсіздіктер, олардың жүйелері және жиынтықтары», «Тізбектер және қосындылау», «Тригонометрия», «Комбинаторика негіздері», «Жиындар теориясы жәнелогика элементтері. Статистика және деректерді талдау», «Математикалық анализ бастамалары», «Математикалық модельдеудің көмегімен есептер шығару», «Геометриялық фигуралар туралы түсінік», «Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы», «Метрикалық қатыстар», «Векторлар және түрлендірулер»
Тапсырмалар әртүрлі өмірлік жағдаяттарда математиканы тұжырымдау, қолдану, түсіндіру қабілеттерін бағалауға бағытталған. Тапсырмалар қиындық деңгейінің көтерілуіне байланысты материалды. Тақырыптар мен қиындық деңгейлері бойынша орындалған тапсырмаларды талдау базалық қиындық деңгейдегі барлық тапсырмаларды орындауда 9-сынып оқушылары қиындықтарға тап болатынын көрсетті. Орындалған тапсырмалардың үлесі тақырыптарға байланысты 52,5%-дан 61,2%-ға дейін болды.
56,2
55,5
52,3
52,3
51,4 49,7
48,9
46,8
Бұлар оқушылардың келесі математикалық амалдарды орындаудағы қиындықтарын көрсетеді: сызықтық, сызықтық емес, квадраттық, рационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу, комбинаторика формулаларын қолданып есептер шығару, үшбұрышқа сызылған және үшбұрыштың жанында сызылған шеңберлердің, шеңберге жанама және қима сызықтың анықтамаларын білу, векторлық әдіспен есептер шығару, векторды, коллинеар векторларды, тең векторларды, нөлдік векторды, бірлік вектор мен вектор ұзындығын анықтау, симметриясы бар фигуралардың кескіндерін салу, параллель аудару, айналдыру, векторларды қосу және векторды санға көбейту ережелері және т.б. білу және қолдану.
Ең үлкен қиындықты «Комбинаторика негіздері», «Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы» және «Векторлар және түрлендірулер» тақырыптары тудырды – оқушылар тапсырмалардың 45%-47%-н дұрыс орындай алмады.
Достарыңызбен бөлісу: |