Екі қолды барынша артқа жіберіп бір-бірімен ұстастырады да, жауырынмен бірге қимылдатады;
Иілгіштік, жылдамдық,күшжәнетөзімділіктідамыту жаттығулары:Күш дегеніміз – спортшының сыртқы карсылықтарды жеңуі кабілеттілігі немесе оған бұлшық ет күшінің қарсы тұруы. Жылдамдық дегеніміз - спортшының ойындағы әл-қуаттан туатын қозғағалыстың аз уақыт ішінде атқаратын қызметін айтамыз.
Ептілікқозғалыс қабілеті дегеніміз шапшаң, дәл, нақтылы мақсатқа сәйкес, үнеммен өзгермелі жағдайда қозғалыс міндеттерін шешуі болып табылады.
Иілгіштік - шұғылданушының қозғалысты үлкен амплитудамен (теңселу шегі, арасы) орындау қабілеті болып табылады. Спорттық төзімділік дегеніміз - организмнің ұзақ уақыт жұмыс істеген кезінде пайда болған шаршауға қарсы тұру қасиеті. Күш және оны тәрбиелеу әдістемесі Күш деген сөз әртүрлі мағына берілуіне байланысты ғылыми тұрғыда оған әртүрлі түсініктеме беруге болады. Күштің бір мағынасы қозғалыс механикасының заңдылыктарын оқытса екінші мағынасы дене тәрбиесі ілімінде физиология мен антропология саласының зерттеу пөні болын есептеледі.