Қайырымдылық – адамгершілік белгісі Мақсаты



Дата07.01.2022
өлшемі362,34 Kb.
#19499
Байланысты:
қайырымдылық

    Бұл бет үшін навигация:
  • Әдісі



Қайырымдылық – адамгершілік белгісі

Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерін ұялату үшін мейірімді, ақылды, шыншыл,қайырымды қасеиттерді игеруге ықпал ету.  Өздерін көпшілік жерде қалай ұстауды және сөйлеуді сана-сезімін дүниетанымын дамыту. Достыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: әңгімелеу

Көрнекілігі: нақыл сөздер, бүктемелер, суреттер

Қ.Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің мектепалды даярлық тобына «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» тақырыбында әңгімелесу өткізілді. Адам қоғамда адамдар арасында өмір сүреді. Басқалар сенімен қарым-қатынас жасауы үшін олар сенің бар қасиетіңді танып білуі тиіс.Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.  Сыртқы келбет пен жүріс-тұрысын адамдармен ұдайы сәлемдесіп, кішіпейілдік, қайырымдылық көрсетуінен әдептілігін көруге болады.Әдептілік – қоғамға, қоршаған ортаға, яғни өмір сүріп жатырған жерімізге сай қалыптасқан тәрбиесі. қазақ халқы қашанда жоғары бағалаған қасиетінің бірі – адамгершілік. Адамгершілігі бар адамды барлық жерде сыйлаған, дәріптеген, қасиеттеген және үлгі тұтқан. «Адамгершілік – асыл қасиет», «Адамның ұяты бетінде, адамгершілік ниетінде» деп сол сияқты нақылдар халқымыздың адамгершілікті қаншалықты қастерлегендігін айқын байқатады.Қайырымдылық – жетімдерге, мүгедектерге, қарт кісілерге рухани және материалдық көмек көрсету (Жылы сөзбен қолдау, шаруашылық жұмыстарға көмек көрсету, жұмыс ұсыну және т.б.).Адамгершілік қоғамның өмір заңдылығына сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болатын белгілі бір ізгілік ұстанымдарын  ұғыну. Адамгершілік адамның адамды құрметтеуінен, оған сенуінен, басқаның мүддесі үшін өзін құрбан етуінен, шыншыл болу әрекеттерінен байқалады. Адамдық асыл қасиеттерге әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек, достық, үлкенді сыйлау, кісілік жатады. Осы тақырып аясында оқушылар қайырылымдылық ісіне белсене қатысып,еден жуушы тәтелеріне қуана көмектесті.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет