Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!



Дата28.04.2023
өлшемі13,34 Kb.
#88137
Байланысты:
10б құстар


Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі “Құстар акциясы” аясында өткізіліп жатырған “Құстар біздің досымыз” атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!
Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Құстар қос мекенділерге жатады. Яғни жер де, көк те құстың мекені болып саналады. Көк - құстың еркін мекені.
Бүгінгі шарамызда ойындар арқылы құстар туралы көптеген ақпараттармен танысатын боласыздар. Достарыңызбен бірге ұйымдаса отырып, жақсы әсер алуға белсенділік танытып, ат салысыңыздар.
Ендеше сіздерге қазір құстар бейнесі бар суреттер берілетін болады, ал сіздер сол берілген суреттер бойынша топ топқа бөлінесіздер. Әр топ өз командасына атау мен топ лидерін анықтайды.
(Суреттер үйлестіріледі, топтар өздерін таныстырады)
1 -
2 -
3 -
Ал, ендеше 1 кезеңмен таныс болыңыздар. Бұл кезеңде әр топ тізбектей орналасып белгіленген жерге дейін бір бірден барып, тапсырмаларды жеке орындау қажет.
(Бірінші кезең аяқталады)
Екінші кезеңде сіздерге пазл бөлшектері беріледі, сіздер топ болып ұжымдаса пазлды жылдам әрі дұрыс құрастыруларыңыз керек.
(Екінші кезең аяқталды)
Үшінші кезеңнің шарттарымен таныс болыңыздар. Бұл кезеңде лидерлер бақ сынайды. Әр топтан көшбасшы шығып, қойылған сұрақтарға тез әрі нақты жауап беру керек.
(Үшінші кезең аяқталды)
Соңғы кезеңімізде құстарға қамқорлық жасай отырып, ұя мен тамақтанатын қоржындар жасап үйретеміз.

Кезеңдеріміз мәресіне жетті. Ат салысып, белсене қатысқандарыңыз үшін жарайсыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет