Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №35 «Балдырған» бөбекжайы жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Айладырова Қалампыр Аспенбетқызы Тақырыбы:«Төлдер айтысы» ертегісі Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету.Төлдерге қамқорлық пен қарауға және достыққа тәрбиелеу.
Оператор: Айладырова Қалампыр Аспенбетқызы
Оператордың көмекшісі: Төлегенова Гүлнәр Төлегенқызы
Рөлдерде: Автор: Кукимбаева Жансулу Сугирбаевна
Бұзау: Джаутикова Алия Ходжабаевна
Қошақан: Кукимбаева Жансулу Сугирбаевна
Бота: Аманқос Оразгүл Аманқосқызы
Лақ: Төлегенова Гүлнұр Төлегенқызы
Құлын: Джаутикова Алия Ходжабаевна
Пайдаланған құралдар: төлдердің, жайлаудың,адамның суреттері, аудиозапись
Шағын мультфильм жасау және орнату
Қолданылған техника: MS PowerPoint, InShot
YouTube cілтеме: https://youtu.be/fIiWWORWaPg
Бір жерге жиналған лақ, құлын, бұзау, қошақан, бота «біздің иеміз қайсымызды жақсы көреді?» деп бір-бірінен сұрасты.
Бірінші лақ бастап:
-Мә-ә-ә! Әрине, иеміз бізді жақсы көреді. Ол біздің сүтімізді ішіп, түбітімізді киімге пайдаланады, - деді.
Қошақан тұрып:
- Ме-ме! Ал біз ше! Адамға біздің етіміз өте ұнайды! Ол біздің жүнімізден жылы кеудешелер, бас киім, қолғап, шұлық тоқып, көрпе жасайды. Иеміз бізді жақсы көреді, бізден пайдалысы жоқ! – дейді.
Осы кезде бұзау:
Мө-ө-ө! Сендер босқа мақтанасыңдар, адам тіршілігіне ең қолайлы – сиыр малы. Бізден шелек-шелек сүт, қарын-қарын май, ірімшік алады, етімізді жейді. Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ! – депті.
Сонда құлын бір кісінеп алады да:
Орынсыз мақтанбаңдар! Иеміз бізден қымыз алады, етімізден қазы-қарта, шұжық жасайды. Адамның мінетін көлігі де – біздер! – дейді.
Үндемей, монтиып тұрған бота:
Бәріңнен де адамдар бізді жақсы көреді! Бізден алатын шұбаттың емдік қасиетін айтсаңшы! Оған еш нәрсе жетпейді, - дейді.
Осы кезде адам:
Төлдерім, босқа таласпаңдар! Сендердің әрқайсыларыңның өз орындарың бар! Адам үшін бәрің де пайдалысыңдар, керексіңдер! – деді.