Айтбаев Данияр Тохтарбекұлынан алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығару жөніндегі арызын қарап, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодекс



Дата04.11.2023
өлшемі184,69 Kb.
#121971
түріКодекс




№ 1934-22-00-2/193


СОТ БҰЙРЫҒЫ

« 15 » наурыз 2022 жыл

Алматы облысы
Үшарал қаласы

Судья: Алакөл аудандық соты, Э.О. Асубаева


Талап қоюшы: Нұрмұхаметова Аружан Бірлікжанқызы, туған күні 08.12.2001 жылы, ЖСН 011208601191, Қазақстан Респу
Жауапкер: Айтбаев Данияр Тохтарбекұлы, туған күні 27.09.1995 жылы, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жанама ауылы, Ш.Уалиханов көшесі, №8 үй, ЖСН 950927300700

Судья талап қоюшы Нұрмұхаметова Аружан Бірлікжанқызының кәмелетке толмаған балаларға (балаға) жалақының және (немесе) өзге де кірістің 1/3 бөлігі мөлшерінде жауапкер Айтбаев Данияр Тохтарбекұлынан алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығару жөніндегі арызын қарап, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі ‑ АПК) 109, 134-баптарын, 135-бабының 4) тармақшасын, 140-бабын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 139-бабын басшылыққа алып,


БҰЙЫРАДЫ:

Жауапкер Айтбаев Данияр Тохтарбекұлынан талап қоюшы Нұрмұхаметова Аружан Бірлікжанқызының пайдасына кәмелетке толмаған балаға (балаларға): 2020 жылғы 8 қыркүйекте туылған Алихан Даниярұлы мен 2021 жылғы 21 қарашада туылған Медина Даниярқызын асырау үшін алименттер жалақының және (немесе) өзге де кірістің 1/3 бөлігі мөлшерінде 15.03.2022 жылдан бастап олар (бала) кәмелеттік жасқа толғанға дейін ай сайын өндіріліп алынсын.


2020 жылғы 8 қыркүйекте туылған Алихан Даниярұлы кәмелетке толған сәттен бастап, нақты 2038 жылдың 8 қыркүйегінен бастап алиментті төрттен бір бөлігінде 2021 жылғы 21 қарашада туылған Медина Даниярқызы кәмелетке толғанға дейін, нақты 2039 жылғы 21 қарашаға дейін өндірілсін.
Жауапкер Айтбаев Данияр Тохтарбекұлынан мемлекет кірісіне 4 987 (төрт мың тоғыз жүз сексен жеті) теңге мемлекеттік баж өндіріліп алынсын.
Жауапкер Д.Т.Айтбаевқа АПК-нің 141-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ол сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап немесе оның шығарылғаны туралы өзіне белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сот актісін шығарған сотқа мәлімделген талапқа қарсылық жіберуге құқылы екені түсіндірілсін.
Сот бұйрығының атқарушылық құжат ретінде күші болады және дереу орындалуға жатады.

Судья

Э.О. Асубаева






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет