Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет39/116
Дата05.04.2022
өлшемі2,11 Mb.
#29953
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   116
2.2 
Д. Исабеков 
шығармаларындағы 
тілдік 
бірліктердің 
коммуникативтік-прагматикалық қызметі 
Көркем  шығарма  –  көп  қабаттан  құралатын  күрделі  құбылыс.  Автордың 
дүниетанымы,  ой-қиялы,  өмірлік  тәжірибесі,  тілдік  қабілеті  арқылы  жүзеге 
асқан  идеясының  арқасында  көркем  шығарма  оқырман  жүрегіне  жетеді. 
«Автор  –  кейіпкер  –  оқырман»  жүйесінің  тұтасуы  арқылы  жазушы  ойы  үлкен 
шығармаға айналады. 
Автор  –  идеяның  иесі,  оқиғаны  құрастырушы,  оқырманға  туындыны 
жеткізуші.  Сонымен  қатар  ол  –  кейіпкерлерді  оқиға  заманына  апарып,  түрлі 
қимыл-әрекеттермен  сипаттап,  оқиға  желісімен  өмір  сүруге  ықпалын  тигізетін 
тұлға. Автор өз идеясын кейіпкерлердің сөзі арқылы жүзеге асырады.  
«Кейіпкер  –  көркем  шығармада  суреттелетін  оқиғаға  қатысушы  адам, 
әдеби  образ.  Әдебиетте  адамның  көркем  бейнесін  жасағанда,  жазушы  оның 
кескін-тұлғасын,  іс-әрекетін,  мінезін  сол  ортаның,  дәуірдің  өзгешеліктерін 
танытатын типтік сипаттарымен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктері де 
анық  байқалатындай  етіп  суреттейді»  [99].  Яғни  автор  әрбір  кейіпкерді  өзінің 
танымындағы  ерекшелігіне  сай  тұлға  ретінде  оқырманға  ұсынуы  автор  мен 
кейіпкердің  бір-бірінен  ажырамас  ұғымдар  екенін  дәлелдейді.  Сол  себепті 


59 
көркем  шығарма  тілін  зерттеу  дегеніміз  автордың,  яғни  жазушының  тұлғасы 
мен болмысына тән тілін зерттеу болып табылады.  
Көркем  шығарманың  мазмұны  сюжетке  толы  оқиғалар  тізбегінен, 
кейіпкерлер  өмірінен,  бір-бірімен  алмасып  отыратын  әрекет-жағдайлардан 
тұратыны  баршаға  белгілі.  Дегенмен,  соның  бәрін  бейнелеп  жеткізетін, 
кейіпкерлерді  сөйлететін,  оқиғаны  өрбітетін,  оқырманға  әсерлі  етіп  жеткізетін 
автор  екенін  жоғарыда  көрсетуге  тырыстық.  Кейіпкердің  болмысы  мен  мінезі, 
дүниетанымы, түсінігі, сөйлеу тілі ең алдымен автордың қиялына байланысты. 
Десек  те,  кейде  автор  қиялынан  туындамайтын,  тарихи  шындықты,  болған 
оқиғаны  суреттеуде  автор  қиялына  бағынбайтын  кездер  де  болады.  Қазіргі 
таңда «әлеуметтік, этикалық мәселелерді, автордың орны мен оқырманның ара 
қатынасын,  оқиғалардың  қызметі,  шығарманың  баяндалуы  мен  тілін» 
қарастыратын  нарратология  деген  сала  бар.  Ол  Р.  Барт,  Ж.  Женетт,  М. 
Риффатер,  А.  Прието,  М.  Лотманның  мен  Р.  Якобсонның  [100]  тұжырымдары 
негізінде қалыптасқан.  
Автор  мен  кейіпкер  әлемін  зерттейтін  нарратология  саласы  бүгінде 
ғылымға  көптеген  жаңалықтарды  әкелуде.  Неміс  ғалымы  В.  Шмидт 
«Нарратология»  [101]  атты  еңбегінде  автор,  оқырман,  нарратор  мәселелеріне 
жан-жақты  зерттеулер  жүргізген.  Ғалым  оқырманға  наррататор  деген  атау 
беріп,  оның  абстрактілі  және  жалған  түрлерін  ажыратып  көрсеткен.  Көркем 
шығарманы  баяндауда  ең  негізгі  функцияны  осы  нарратор  атқарады.  Ол 
шығармада  әңгімеші,  әңгімені  баяндаушы  болып  табылады.  Сонымен  қоса 
нақтылы  автор  деген  мағына  береді.  Осы  нарратология  саласының  негізгі 
нысандарының  бірі  болып  табылатын  автор  көркем  шығармада  екі  түрлі 
бейнеде оқырманға танылады. Бірі – баяншы болса, екіншісі – әңгімеші. Автор 
баяншы болған жағдайда оқиға желісі үшінші жақта баяндалады.  
Мәселен, зерттеу жұмысымызға негіз болып отырған Д. Исабековтің «Қара 
шаңырақ» әңгімесінде оқиға үшінші жақта баяндалады. Автор баяншы ретінде 
оқиға желісін әңгімелейді. Мысалы: «Ол майқамдалған пәлектерді жөндеп, ит 
жеп  кеткен  қауындарды  анадайда  ағып  жатқан  арыққа  лақтырды. 
Домаланған  ақ  торламаларды  бір  жерге  үйіп  болып,  қыр  басынан  қылтиып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет