Алдың-алу дезинфекциясы жұқпалы ауру көздері болмай тұрған кезде жасалады



Дата21.06.2023
өлшемі24,03 Kb.
#102790
Байланысты:
Дезинфекция


Дезинфекция

  • Дезинфекция – бұл жұқпалы аурулар мен бактериалдық қоздырғыштардың, вирустық этиологиялардың (тұрғын жайдың үстінен, инвентарларды, қондырғыларды немесе микробтарды, вирустарды, күнделікті қолданатын заттарды препарат ерітіндісімен жуу арқылы жоюдың) алдын-алу шаралар кешені.

  • Дезинфекция кешеніне алдың-алу, жойғыштық өңдеу және қорытындылау дезинфекциялары жатады:

  • -алдың-алу дезинфекциясы жұқпалы ауру көздері болмай тұрған кезде жасалады;

  • -жойғыш дезинфекциялық өңдеу кез келген заттың үстінен жүргізіледі, шикізаттың, азық-түліктің, және басқа да микроорганизмдермен зақымдалған, сол сияқты эпидкөрсеткіштері бар болса;

  • -қорытынды дезинфекция микроорганизмдерді жою, өңдеу жүргізілген жердегі токсикалық және аллергиялық өнімдердің жарамдылығын байқау мақсатында жүргізіледі.

ДЕЗИНФЕКЦИЯ ТҮРЛЕРІ

  • ДЕЗИНФЕКЦИЯ ТҮРЛЕРІ - ошақты және профилактикалық.

  • Профилактикалық дезинфекция- инфекциялық аурулардың бар болуына қарамастан жүргізіледі және инфекциялық аурулардың қозуын ескертуге бағытталған, яғни аурухана ішілік инфекциялардың ескертілуі. Профилактикалық дезинфекция инфекция көзінен тікелей байланыссыз жүргізіледі және онымен байланысы жоқ. Мысалы: құбыр суды тұтынуға жіберуден бұрын хлорлау; сүтті қайдан келгеніне қарамастан пастерлеу; адамдар көп жиналатын орындар (вокзалдар, театрлар, моншалар, шаштаразылар және т.б.); арнайы мекемелер - демалыс үйі, снаториялар, балалар мекемелері; тамақ өнеркәсібін өндіретін орындар; қоғамдық тамақтану мекемелері. Емдік-профилактикалық мекемелерде профилактикалық дезинфекция науқастар қолданған заттарды жүйелі жарарсыздандыру болып табылады.

  • ОШАҚТЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯ инфекционды ауру пайда болған кезінде немесе ошақта ауру құмәні пайда болған кезде жүргізіледі.

  • Ошақты дезинфекция АҒЫМДЫ және ҚОРЫТЫНДЫ болып бөлінеді.

  • ОШАҚТЫ АҒЫМДЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯ - бұл науқастың қатысуымен жүргізілетін дезинфекция. Мысалы - инфекциялық науқасты үйде емдеу, инфекциялы стационарлар. Науқасты қоршаған заттар дезинфекцияланады.

  • ОШАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯ - бұл ошақ ортасын инфекция қоздырғышын алғашкы 6-12 сағат босату үшін науқасты ошақ ортасынан шығарылғаннан кейін жүргізілетін дезинфекция (яғни ауруды жаткызғаннан кейін, шығарылғаннан немесе өлгеннен кейін).

Дезинфекцияға қолданылатын әдістер 



  • Дезинфекциялауға механикалық, физикалық, химиялық және араласқан әдістер қолданылады. Обьектілерді өңдеу әртүрлі тәсілдермен жүзеге асады: ысқылаумен, жуумен, камераларда дезинфекциялайтын агенттер әсерімен және тағы да басқа әдістермен, сол сияқты дезинфекция жасайтын арнайы препараттар таңдау, лабораториялық зерттеулердің алдыңғы деректерімен байланысты болып, ол соңғы нәтижеге тікелей әсер етеді.

  • Дератизация – алдың-алу және жойғыш шаралар жүйесі, кеміргіштердің санын азайту мен эпидемиологиялық жағдайда өте қауіпті және экономикалық шығындар әкелуін жоюға бағытталған.

  • Синантроптық кеміргіштермен күресудің аса тиімді әдісінің негізгі ерекшелігі зиянкестермен күресу құралдары болып табылады.

  • Дератизациялық жұмыс екі кезеңмен жүргізіледі:

  • 1.зерттеулік

  • Мақсаты – кеміргіштердің орындарын, сандарын мен түрлерінің құрамын анықтау. Жұмыс жоспары мен материалдық құралдар шығыны. Арнайы әдістер мен нысаналы бақылау құралдары.

  • 2.жойғыштық 

  • Мақсаты – обьектідегі кеміргіштердің көп санын жою, обьектінің барлық аумағында жойғыш шараларын жүргізу, қолданылған әдістер мен түрлерінің технологиялары мен тиімділігін сақтай отырып, толық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жойғыштықтың арнайы әдістерін пайдалану керек:алдамшы,алдамшы емес және механикалық. Жойғыштық құралдарды егеуқұйрықтың көп жиналған жерлеріне, үй тышқандарының тығылған жерлеріне пайдалану керек. Жойғыштық технологияның кезеңдері кеміршігтерге қарсы жаңа родентициялық құралдардың өткір және созылмалы әсерін пайдалану керектігімен қарастырылған.

Дезинфекция әдістері.

  • 1. МЕХАНИКАЛЫҚ - инфекциялық аурулардың қоздырушыларын механикалық жолмен алу әдістеріне негізделген. Дезинфекцияның механикалық әдістері - қолды, бетті, денені жуу, киімді жуу, бөлмені ылғалды тазалау, шанды сүрту, кілемдерді және төсек-орын жабдықтарын кару.

  • 2. ФИЗИКАЛЫҚ - жоғарғы температураны қолдануға негізделген. Төменгі температуралар патогенді микрофлораға әсер етпейді, тек кана өсуін токтатады және консервант болып табылады. Жоғарғы температуранын әсерінен ақуыз тез ұжымды және клетка өмірі қысқарады. Қайтымсыз процесс.

  • Дезинфекцияның физикалық әдістері:

  • • күйдіру (науа);

  • • тесу;

  • • ортеу (мәйіттерді, какырыкты, киімдерді);

  • • құрғақ ыстық ауа (құрғақ шкафта 120 С температурада және 45 минут экспозицияда);

  • • пастерлеу;

  • • қайнау кезінен бастап дистиллденген суда 30 минут бойы қайнату;

  • • қайнау кезінен бастап 2% натрий екі көмір қышқылды ерітіндіде 15 минут қайнату;

  • • ультрафиолетті және күн сәулелерімен сәулелендіру;

  • • ыстық үтікпен басу;

  • • тиндализация (экспозициясы 1 сағат, 60 С температурада 6-7 күн бойы пастеризациялау).

  • Физикалық әдіс - адамдарға ең сенімді және зиянсыз әдіс болып табылады. Егер шарттар қолайлы болса, әсіресе жабдықтар, бұйымдардың номенклатурасын осы әдіске беру керек.

  • 3. ХИМИЯЛЫҚ - дезинфекцияда қолданатын дезинфектант және микроб арасындағы химиялық реакция. Микробты клеткаға жойқын әсер ететін барлық химиялық заттар ДЕЗИНФЕКТАНТТАР деп аталады. Дезинфекцияның химиялық әдісі микробты клетка мен химиялық заттар арасындағы байланысты қамтамасыз етуге негізделген. Дезинфектанттарды негізінен сулы ерітініділерде қолданады. Химиялық реакция жоғарғы температурада тез өтеді. Кез-келген химиялық реакция белгіленген уақытта жүреді. ЭКСПОЗИЦИЯ - реакция уакытын шектеу. Дезинфекция сапасы және экспозиция уақыты қолданылатын дезинфекциялаушы заттардың сапасына байланысты болады.

  • Дезинфекцияның химиялық әдістеріне мыналар жатады: суландыру; сүрту; толығымен суға салу; шаңдату.

Дизенфекцияның химиялық әдісінде қолданылады:



  • • Құрамында хлоры бар препараттар: Гипохлорид кальцийдің 3/2 негізгі тұзы (ДТСГК), деохлор.

  • • Қышкылдар (бор қышкылы)

  • • Сілтілер (нашатр спирті)

  • • Спирттер (70% этил спирті)

  • • Тотықтырғыштар (сутегі тотығы «первамур, виркон препараты»)

  • • Фенолдар (үш еселік ерітінді)

  • • Алдегиттер (фармолин, фармольдигит «септодор-форте», «секусепт форте», «гигасепт»)

  • • Детергенттер және беткейлі актив заттар (хлоргексидин биглюконат, дегмин, дегмицит «лизоформин-специаль», «лизоформин 3000», «лизетол АФ», «дезэффект», «септокаль», «дезапрев»)

  • Негізінде ен көп қолданылатыны құрамында хлоры бар препарат: гипохлорид кальцийдін 3/2 енгізгі түзы (ДТСГК)

Дезинфектанттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шаралары

  • Құрамында хлоры бар препараттарды дайындау кезінде арнайы киімді кию қажет- халат, орамал, мақталы дәке тану, резеңке қолғап, көзілдірік. Дезинфекциялаушы ерітінділерді дайындайтын бөлме келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • • Бөтен және кішкентай балдар кіруге болмайды

  • • Жақсы желденетін

  • Құрғақ теріге дезинфекциялаушы ерітінділер тиген кезде оны тез де сумен шаю керек. Көзге тигенде екі процентті сода ерітіндісімен шаю, керек жағдайда 30% альбуцит тамызу, егерде ауру коймаса көзге тамызатын құрамында 2% бар новокаинді тамшыны тамызу, жылы құрамында содасы бар сүтті ішу

  • ДЕЗИНСЕКЦИЯ - ішкі ортада инфекцияны тасымалдаушы құрт-құмырска, шыбын-шіркейді жою.

  • ДЕРАТИЗАЦИЯ - экономикалық және эпидемиялық қатынаста адамға зиянды кемірушілермен күресу комплексті шаралары.

  • Емдеу-профилактикалық мекмелердін бөлмелерін тазалау мәселелері аурухананын қауіпсіздігін сақтауда манызды орын алады.

  • Емдеу-профилактикалық мекемелердін (ЕПМ) бөлмелеріндегі беткейлерді санитарлы еңдеу, аурухана ішілік инфекция (АІИ) -ны алдың алуға бағытталған санитарлы -эпидемиологияға карсы шаралар тізбегінің бір бөлігі болын саналады. Науқастар ЕПМ - ге келгенде бірінші болып бөлмелердің тазалығына мән береді. ЕПМ бөлмелеріндегі беткейлерді санитарлық өндеу дегеніміз- оларды ластанудан, шаннан, биологиялық субстраттардан тазалау және дезинфекциялау.

Дезинфекциялаушы препараттар 

  • ДЕЗИНФЕКТАНТТАРҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.

  • 1. Адамдарға және жануарларға улы емес. Сулема бұл жағдайда қолданбайды;

  • 2. Жарарсыздандыратын заттарға кері әсерін тигізбейді;

  • 3. Материалды шығын келтірмеу керек;

  • 4. Жарылғаш және жанғыш болмау керек;

  • 5. Тасымалдауда колайлы болу керек;

  • 6. Суда жақсы еру керек;

  • 7. Препараттар арзан болу керек; Дезинфекцияның химиялық әдістерінде қолданылады

  • КАЛЬЦИЙ ГИПОХЛОРИДІ (ДТСГТ) - ак құрғақ кристаллды ұнтақ. Құрамында 47-52% активті хлор бар. Эр түрлі концентрациялы ерітінділерді дайындауда шығыны 25% хлорлы дәке карағанда 2 есе аз болады. 10 л 5% ашық ерітінді дайындау үшін 500 гр ДТСГК қажет. Кальций гипохлориді суда жаксы ериді. Препараттың түрактылыгы өте жоғары. 2-5 жыл сақтауға болады. Хлорлы әк тағайындалған кезде екі есе аз жұмсалады.

  • Хлор құрамдас препараттарды дайындау кезде қорғаныштық киімде болу керек -халатта, мата-дәкерлі байлауда, резиналы қолғапта, кезілдірікте.

  • Дезинфекциялаушы құралдарды дайындайтын бөлме келесі талаптарға жауап беру керек:

  • бетен адамдарға және балаларға кіруге тиым салынған; жаксы желдетілетін; құрғақ.

  • Адам терісіне дезинфекциялаушы құралдар тиген кезде тез арада сумен шайып жіберу керек. Кезге тиген кезде 2% сода ерітіндісімен жуып жіберу керек, қажет болған жағдайда 30% альбуцид қолдану керек, егер аурсыну коймаса 2% новокаин ерітіндісін көзге тамызу қажет.

  • Тыныс алу жолынын тітіркенуі кезінде 2% сода ерітіндісімен шаю қажет, жылы сүтті содамен ішу қажет.

Диахлор таблеткалары

  • Универсал дезинфекциялаушы ерітінді болып құрамында натрий тұзды дихлоризоцианурлы қышқылы 1,5г (44,2% актив хлоры бар.) Таблеткалар суда жаксы ериді. Препараттын жұмыс істеуге арналған ерітіндісі тынык. Бөлмені өңдегеннен сон женіл, таза иіс қалады. Белгілі мөлшердегі қауіпті заттардың 3-ші класына жатады. Жұмыс істеуге арналған ерітінділерді үш тәулікке дейін қолдануға болады. Таблеткаларды үш жылға дейін сақтауға болады. Арнайы сақтауды қажет етпейді. Бұл зат дезинфекция үшін: ЕПҮ-нын әртүрлі объектілері үшін, инфекция ошақтарында, балалар мекемелерінде, камуналды қызмет объектілерінде, жалпы тамактану ұйымында және азык-түлік базарында, (сүт, ет, наубайханаларда). «Деохлор таблеткалары» бактерицитті, вирулицитті, фунгицитті әсерге ие.

  • Сутегі тотығы-тотықтырғыштар тобына жатады. 29-30% концентратты «пергидроль» атымен өндірістікте сулы ерітінді болып шығарылады. Түссіз және иіссіз, ащы құрғатқыш дәмді ерітіндіні үсынады. Жоғары бактерицитті әсерге ие. Сутегі тотығы ерітіндісі 0,5-6 % концентратты заттарды бұзбайды, металдар тот баспайды, азкөлемде улы. Сутегі тотығы ерітіндісі караңғы, салкын жерлерде көпшілік қолдана алмайтын, кара түсті бөтелкелерде сақталады. Пергидролі бар ботелдер сыртқы қаптағышы болуы керек. Абайлап тасымалдау керек.

  • Хлоргексидин биглюконат- (гибитан-глюконат) иіссіз сумен жақсы араласады. Жуушы әсерге ие, оңай сақталынады. Хлор гексидин-тынық ерітінді, 20% хлоргексидин биглюконатын құрайды. Анық антимикробты әсерге ие.

  • Құрғақ теріге дезинфекциялаушы ерітінділер тиген кезде оны тез де сумен шаю керек. Көзге тигенде екі процентті сода ерітіндісімен шаю, керек жағдайда 30% альбуцит тамызу, егерде ауру коймаса көзге тамызатын құрамында 2% бар новокаинді тамшыны тамызу, жылы құрамында содасы бар сүтті ішу

  • ДЕЗИНСЕКЦИЯ - ішкі ортада инфекцияны тасымалдаушы құрт-құмырска, шыбын-шіркейді жою.

  • ДЕРАТИЗАЦИЯ - экономикалық және эпидемиялық қатынаста адамға зиянды кемірушілермен күресу комплексті шаралары.

  • Емдеу-профилактикалық мекмелердін бөлмелерін тазалау мәселелері аурухананын қауіпсіздігін сақтауда манызды орын алады.

  • Емдеу-профилактикалық мекемелердін (ЕПМ) бөлмелеріндегі беткейлерді санитарлы еңдеу, аурухана ішілік инфекция (АІИ) -ны алдың алуға бағытталған санитарлы -эпидемиологияға карсы шаралар тізбегінің бір бөлігі болын саналады. Науқастар ЕПМ - ге келгенде бірінші болып бөлмелердің тазалығына мән береді. ЕПМ бөлмелеріндегі беткейлерді санитарлық өндеу дегеніміз- оларды ластанудан, шаннан, биологиялық субстраттардан тазалау және дезинфекциялау.

  • Дезинфекция дегеніміз- беткейлердегі инфекция ауруларының қоздырғыштаран жою.

  • Медицина қызметкері өңдеуді жасаудан бүрын қолданатын заттың әдістемелік нұсқауымен танысуы керек, антимикробты әсеріне, улылық параметрлеріне (науқас бар кезде затты қолдануға болады ма, оны қолданған кезде сақтану шаралары) заттың өзіне тән ерекшеліктеріне мән беру керек.

  • Дезинфекциялаушы ерітінділерді - вентиляциясы жақсы істейтін арнайы бөлмеде жасайды. Ерітіндіні жасайтын мед.қызметкер арнайы киімде: халат, калпақ дәкелік таңғыш, резеңке қолғап, егер нұсқаулар болса, респиратор, қорғаныс көзілдірік киіп, жұмыс істейді.

  • Дезинфекциялаушы ерітінділерді, дезинфекициялаушы затты құбыр суымен арнайы техникалық ыдыста араластыру арқылы жасайды. Егер заттың коррозионды (хлорактивті, оттегіге активті) әсері болса, онда ерітінді дайындауға коррозияға тұрақты ыдыстар (пластик, шыны, эмаль) қолданылады.

  • Жұмыс ерітіндісін дайындауға керекті заттың қажетті мөлшерін таразыда өлшейді немесе арнайы өлшейтін қасықпен елшейді.Сулы немесе спирттік концентраттарды арнайы өлшейтін стаканмен, пипетка, шприцпен өлшейді. Қажетті концентрациядағы жұмыс ерітіндісін алу үшін, зат пен судың ұсынылған қатынасын сақтау керек. Әдетте, жұмыс ерітіндісін дайындауда, бірінші- қажетті мөлшердегі суды, одан кейін дезинфекциялық затты салып, араластырады да толық ерігенше қақпағын жауып қояды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет