Алғашқы математика оқулықтарының қазақ халқының рухани өміріндегі маңызы зор. Қазіргі жаңа оқулықтар жасауда айтарлықтай пікірлер мен құндылығы мол әдістемелік идеяларды дәл сол алғашқы оқулықтардан кездестіруге болады



Дата11.11.2022
өлшемі16,31 Kb.
#49519
түріОқулық
Байланысты:
Алғашқы математика оқулықтарының қазақ халқының рухани өміріндегі маңызы зор


Алғашқы математика оқулықтарының қазақ халқының рухани өміріндегі маңызы зор. Қазіргі жаңа оқулықтар жасауда айтарлықтай пікірлер мен құндылығы мол әдістемелік идеяларды дәл сол алғашқы оқулықтардан кездестіруге болады. Алғашқы оқулықтарда математика пәнінің ерекшеліктеріне байланысты оқытудың мазмұны, мақсаты, әдістері мен құралдары секілді көптеген құрылымдық элементтер көрсетілген. Оның ішінде оқытудың мақсаты қазіргі мектепте математиканы оқытуда көзделетін тәрбиелік, білімдік, дамытушылық және практикалық міндеттерді шешу барысында қолданылады. Алғашқы оқулықтарда оқытудың жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету үшін, оқыту міндеттерінің табиғи бірлігін сақтауға аса мән берген. Алғашқы оқулықтарды жасау кезінде авторлар барлық нәрсеге мән берген, мысалы, қазақ халқының математикалық білім беру жөніндегі дәстүрлік тәжірибелеріне, жас ерекшеліктеріне, оқытуды өмірмен, тұрмыспен және қазақ баласын қоршаған ортасымен байланыстыруға, әсіресе, нәтижесін көрсеткен орыстың математиканы оқыту жөніндегі әдістемелік-математикалық идеяларын кеңінен пайдалануға, тағысын тағы. Яғни, бір тараптан ғана емес, жан-жақты зерттеу арқылы жазылған. Ең бастысы жетістігі де, бұрын-соңды естіп білмеген математика ғылымының бастамаларын енді ғана тануға кіріскен қазақ оқушы қауымына математиканың ұғымдарын мейлінше түсінікті етіп жеткізуі, терминдерді ыңғайлы етіп енгізуі екені анық. Одан кейін, математикадан төл оқу құралдарын дайындауда пәнаралық байланыстың алғашқы математика оқулықтарында пайдаланылған үлгілеріне көңіл аударудың маңызы зор. Мысал ретінде, алғашқы оқулықтарда математика мен әліппенің, қазақ тілінің,, дүниетану, география, биология, бейнелеу өнері, сызу пәндері секілді т.б. пәндермен байланысы өте тығыз болғандығын көрсету үшін, тек қана есептердің берілгені арқылы дәлелдеудің өзі жетерлік. Себебі, жер-су аттары, жан-жануарлар, егіндік, шабындық секілді барлық салаларда жұмбақтар, қызықты есептер көптеп кездеседі. Бұл тек пән аралық байланысты емес, жас буынның қазақи тәрбие алып дамуына, әрі есептерді тек теориялық емес тәжірибелік тұрғыдан да қолдануына көмектеседі. Демек, өсе келе барлық саланың мамандарына математикалық білімнің пайдасы тиюіне де зор ықпалы тиді. Сонымен қатар, алғашқы математика оқулықтарында оқушылардың өз бетімен есептер құрастыруына да үлкен мән берген. Осы себеппен оқулықтарға белгілі бір шарттарды қанағаттандыратын есептер құрастырумен, сандық мәліметтері қалдырылып кеткен мәтіндерді есепке айналдырумен т.б. жаттығулар енгізілген. Дәл осы есептер қазіргі таңда математикалық сауаттылық пәні ретінде енгізіліп отыр. Қалай болғанда да, авторлардың идеялары өте көп, әрі анық, тиімді болып келген. Жас ерекшеліктеріне сай түрлі идеялар мен оқытудың ерекшеліктерін қарастырған. Алғашқы математика оқулықтарынан қазіргі математиканы оқыту әдістемесі ғылымын байытыпы, тереңдете түсетін математиканы оқытудың жалпы мәселелеріне қатысты бұдан да басқа көптеген құнды әдістемелік идеяларды кездестіруге болады. Қорытындылай келе, жаңа сипаттағы қазақ мектебі үшін математикадан төл оқу құралдарын дайындай ісі қызу қолға алынып жатқан қазіргі тарихи кезеңде алғашқы математика оқулықтары авторларының осы сияқты әдістемелік идеялары қазіргі және болашақтағы қазақ мектебіне арналған төл оқулықтар авторларына үлгі болуы тиіс деп есептеймін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет