Қалихан Ысқақов повестеріндегі өмір шындығы Бүгінгі таңда қазақ әдебиеті ӛрлеу, даму процесін басынан кешіріп отыр



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі216,91 Kb.
#8404

М.Б.Шындалиева 

Филология ғылымдарының докторы, профессор 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан 

 

Қалихан Ысқақов повестеріндегі  өмір шындығы 



 

 

Бүгінгі  таңда  қазақ  әдебиеті  ӛрлеу,  даму  процесін  басынан  кешіріп 



отыр  десек  те,  1960-1970  жылдары  әдебиетке  келген  ұрпақ  әртүрлі 

тақырыпқа терең барлау жасап, батыл еніп, ғасырлар бойғы қазақ халқының 

басынан  кешкен  санқилы  оқиғаларды  ӛз  шығармаларына  арқау  етіп,  сол 

заманалардың  қалың  қатпарларын  ашып,  ӛзі  ӛмір  сүріп  отырған  ортаның 

шындығын барынша жайып салуға күш жұмсағанына куә боламыз. 

 

Қазақ  әдебиетіне  ӛз  қолтаңбасымен  келген  жазушы  Қалихан  Ысқақов 



бірнеше  роман  жазған,  әр  шығармасында  соны  тақырып,  дара  тәсіл 

пайдаланған,  тың  образдар  мен  кӛркемдік  ізденістерін,  әр  алуан  бейнелер 

жасай  алған  бірегей  жазушыларымыздың  бірі.  Алпысыншы-жетпісінші 

жылдары  қазақ  әдебиетінің  қасиетті  табалдырығын  аттаған  жазушы  қазақ 

әдебиетінің  алтын  қорына  тек  роман  жазып  қана  үлес  қосқан  жоқ,  ірілі-

ұсақты  кӛптеген  әңгіме-повесть,  публицистикалық,  ғылыми-зерттеу 

макалалар да жазып мыңдаған оқушыларына тарту етті. 

Тарихи  тақырыппен  қатар  бүгінгі  күн  туралы  айтуға  ұмтылу,  кез-

келген  елдің  әдебиетінің  талап-тілектерінен  туындап  отырады.  Қазақ 

әдебиетінде  жазушы  Қ.Ысқақовтың  қаламынан  туған  әрбір  шығармасы 

барлық  уақытта  да  оқырман  қауым  назарын  аударған  елеулі  оқиға  болып 

отырды. 


 

Жазушы 


Қалихан 

Ысқақовтың 

 

шығармаларында 



кӛтерген 

проблемалар мен қоғамдық қомақты мәселелер бір күнде, бір жылда шешіле 

салмайтын,  кешегі  арқылы  бүгінгі  ұрпақты  ойландыруға  жетелейтін    терең 

философиялық  ойларға  апаратын  тағлымды  туындылар.  Жазушының  әрбір 

шығармасын  оқығанда  онда  суреттелетін  ӛмір  шындығына  кӛңіл  аударып 

қана қоймайсың, адамдардың мұңы мен мұқтажына еріксіз ортақтасып, терең 

толғанысқа,  сағынышты  балалық  шаққа,  басыңнан  ӛткен  қимас  сезімдерге 

орала  бересің.  Бұл  жазушының  шығармашылығындағы  халықтық  сипаттың 

әсері,  әдеби  кейіпкерінің  жақын  болуының  себебі  де  ӛзіміздей  қарапайым 

адамдардың  ӛмірінен  алынғандығы,  олардың  психологиясын  ӛзгеше 

ӛрнектеуінен десе болғандай. 

 Жазушы  шығармаларын  оқу  барысында  оның  ізденімпаздығы, 

білімпаздығы 

мен 


тағампаздығын 

атап 


айтуға 

болады. 


Қазақ 

жазушыларының  ішінде  әлемдік  әдебиеттің  үрдістерін  меңгерген,  ӛз 

ұлтының қыр-сыры мол қалтарыстарын нәзік игерген Қ.Ысқақов деуге толық 

болады.  Ӛзі  ӛмір  сүрген  қоғам  қалай  құбылса  да,  саясат  желі  қай  жақтан 

соқса да Ысқақов туындыларының діттеген мақсаты мен темірқазығы – адам 

және ӛмірі мен тіршілігі.  Оған бір мысал келтіру арқылы кӛз жеткізуімізге 

болады.  


Әдебиет  туралы  түсініктердің  құйылар  сағасы,  ең  басты  проблемасы, 

объектісі  –  адам.  Яғни,  кӛркем  шығарманың  негізгі  нысаны  –  адам  ӛмірі, 

оның қоршаған ортасы болып табылады. Ӛмірдің шындығы қай ӛнерде болса 

да  адамның  іс-әрекеті,  мінез-құлқы  арқылы  берілетіндіктен,  Қ,.Ысқақов 

шығармашылығындағы образ мәселесіне жан-жақты тоқтап, саралау - басты 

мақсаттардың бірі. 

Басқа 

әдебиет 


шығармаларындағыдай, 

Қ.Ысқақов 

кӛркем 

шығармаларында  да  адам  образының  небір  керемет  үлгілері  жасалған, 



образдардың  қызық  та,  қиын  тағдырлары  оқырманды  бей-жай  қалдыра 

алмайды.  Қ.Ысқақов  туындыларында  ой-сезімді  тұтқындап,  баурап  алатын, 

тебірентетін образдар бар және ол образдардың ӛресі мен ӛрісі де кең. Осы 

шеберліктің сыры мен әдісі кӛп қырлылықты талап ететіні белгілі. Сюжеттік 

желі,  композициялық  бітім,  образ,  деталь,  тіл  мен  стиль  ерекшеліктері   

шеберлікті  қамтиды,  бұл  компоненттер  бір-бірімен  жымдасқанда  ғана,  яғни 

қарым-қатынасқа түскенде  шығарманың тынысы кеңейетіні аян. 

Замана келбетін суреттеу, адамдардың тұлғасын мүсіндеу – жазушының 

ізгі  мұраты.  Әрқашан  ӛмірмен  ӛкшелесіп  отыратын  қаламгер  ұлы  дүбірден 

шет  қала  алмайды.  Қаламгердің  қырағы  кӛзі  ӛзінің  ата-бабасының  ӛмір 

сүрген  дәуірі  мен  ӛз  кезеңінің  оқиғаларының  жаршысы  болуды,  соларды 

ардақтауды  ӛзіне  мақсат  тұтуы  да  –  заңды  құбылыс.  Қ.Ысқақов  кӛркем 

шығармаларына  тән  сипат  -    ӛмірдің  ақиқатын  жинақтап,  қорыта  білу 

шеберлігі. Бұл тұста қазақтың тұрмыс-салты мен оның тұлғалары, дәстүрлері 

туралы  кӛпшілік  түсінетін,  жатық  тілмен  жазылған  ғылыми-танымдық  мәні 

бар ой қорытулары туралы да айта кеткен жӛн. 

Әрбір  жазушының  әдебиет  тарихындағы  орнын  белгілейтін  ӛзіне  тән 

ерекшелігі,  ол  ерекшеліктің  әдебиеттен  міндетті  түрде  орын  алып,  мәңгілік 

берік негізге айналуы заңды. Қ.Ысқақовтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі зор 

және ол ӛз шығармаларында шын ӛмірде болған оқиғалар мен құбылыстарды 

арқау  ететінімен  ерекшеленеді.  Ӛмір  шындығын  бұлжытпай,  дәл  беруімен 

қатар,  қазақ  халқының  ӛз  топырағының,  ӛз  ӛмірінің,  ӛз  әдебиетінің,  ӛз 

ғылымының белді мүшелерін басты қаһарман етіп алады. 

Қ.Ысқақов  шығармалары  ішінде  повесть  жанрында  жазылғандары 

басым  кӛпшілігі  болып  келеді.  Ӛз  повестерінде  білім  мен  ғылым 

саласындағы  ардақты  адамдарды  тақырып  етіп  ала  отырып,  ол  адамның 

балалық  шағынан  бастап  сол  күнге  дейінгі  жеткен  жетістіктеріне  кеңінен 

тоқталады.  Осылай  кеңінен  толғауға  повесть  жанрының  әлі  келеді  екен. 

Повесть  пен  роман  арасындағы  айырмашылық  туралы  айтқанда  олардың 

арасына шек қоймай Г.Н.Белинский: «... кӛлемі кішірек демесең, повесть те 

роман»  [1,  269-б],-  дейді.  Оқиғаны  кең  қамту,  персонаждарды  кӛп  алу 

жағынан  әрине  романның  артықшылықтары  бар.  Бірақ,  повесть  ӛмір 

шындығының деталдарын азырақ атқарады. 

Кез  келген  кӛркем  шығарманы  алып  қарасақ,  негізгі  идеясын  анықтау 

үшін  сол  туындыны  оқып,  автордың  ӛзіндік  талғам-түсінігін  таразылап 

барып кӛз жеткіземіз.  



 „Шындық  –  күрделі  болса,  одан  туған  шығарма  да  –  күрделі.  Ӛмірдегі 

оқиғалар шым-шытырық болса, оны суреттеген шығарманың мазмұны да әр 

алуан.  Тіршілік  жалғасып  жатқан  мәселелерге  толы  болса,  суреткердің  ой 

ӛзегі де біреу емес, бірнешеу” [2, 165-б], - дейді академик З.Қабдолов.  

 «Әдебиеттің  кӛкейкесті  міндеті  –  «адамтану»  [3,  484-б],  -  дейді 

М.Горький.  Бұл  ойды  М.Әуезов  былай  сабақтайды:  «Әдебиет  адамды  тану 

ӛнері  деп  танылғанда,  әр  шақта,  әр  дәуірде  адамды  оның  жан  дүниесінің, 

жаратылысының  барынша  шарқына  жеткен  шағына  апара  түсіп  суреттеу 

керек  болатын»  [4,  395-б].  Оның  себебін  академик  М.Қаратаев  былай 

түсіндіреді:  «Адам  -  әдебиеттің  жүрегі,  адам  ӛмірін  бейнелеу  -  әдебиеттің 

түбегейлі  мақсаты....  Сондықтан  әдебиеттің дүниетанытқыш  және  тәрбиелік 

құны  адам  ӛмірін  қаншалықты  толық,  терең,  нәзік  суреттеуімен  ӛлшенбек» 

[5,  194-б].  Қай  дәуірдегі  әдебиетте  болсын  адамды  аса  биік  кӛркемдік 

дәрежеде суреттеген ғана сол уақытта ӛмір сүрген адамдардың жан дүниесі, 

адамгершілігі,  құнды  қасиеттері  айқын  ашылып,  жан-жақты  танылады.  Осы 

ойымызды нақтылай түскен М.Базарбаевтың мына пікірінің маңызы ерекше: 

«Бұл  күнде  ...  «замандас»  деген  ұғымның  да  атқарар  қызметі  ұлғайды.  Осы 

сӛзден  бүгінгі  ойлы,  ақылды,  саналы  күрескер  адам  ұғылады.  Оның 

қоғамдық,  саяси,  мемлекеттік  сипаты  аңғарылады.  Қазіргі  заман  ұлы 

мақсаттың заманы болса, замандастар сол биік нысананың күрескерлері» [6, 

69-б].  

«Қоңыр  күз  еді»  атты  алғашқы  повесі  1963  жылы  жарық  кӛреді.    Бұл 

повесінен  жазушының  шығармашылық  бағытындағы  оң  беталысты  сонау 

ерте кезден аңғарғанына куә боламыз. Мұнда жазушының қарапайым халық 

арасынан  шыққан  Қасым  атты  кейіпкерінің  балалық  шағы,  алғашқы  жақсы 

кӛру сезімдерінің ұнамды жақтарын баяндауға ден қойғанын, басты бейненің 

бойындағы  жақсы  белгілерді  кӛрсетумен  бірге  автор  оның  ой-санасындағы 

шектелушілікті де жасырмайды. Жазушы ӛз кезеңіндегі ӛмір шындығына иек 

арта  отырып,  Қасым  атты  кейіпкері  арқылы  сол  кездегі  жастардың 

сүйіспеншілігі, бір-бірімен қарым-қатынасы, мектеп оқушыларының басынан 

кешкен  әрқилы  оқиғаларын  қиюластыра  келе,  бір  мектепте  болған  жастар 

арасындағы  қызғылықты  жайларды  жай  ғана  баян  етпей,  олардың  шынайы 

сезімдерін  жеріне  жеткізе  суреттеуінен  Қалихан  Ысқақовтың  реалистік 

қырын  тереңнен  танимыз.  Бұл  повесте  адам  бойындағы,  мінезіндегі  мінді 

мінеу жағы басым шығып та жатқан тұстары бар. Мысалы, мектеп директоры 

Қалматай  –  лақап  аты  Маймұрын,  оның  әйелінің  поддиректор  аталуының 

себептері,  интернат  завхозының  шын  аты  Зейнолланың  -  Беликов  аталу 

себептерін  тәптіштеп  кӛрсеткен  автор  бұл  кейіпкерлердің  моральдық 

тағдырларын  тартымды  бейнелейді  және  астарлы  юмаристік  жолмен  хал-

қасиеттерін  нанымды  ашқан.  Жазушының  майдақоңыр  юморы  ара-тұра 

еріксіз  күлкіге  үйіреді.  Мысалы,  повестегі  Қыдырханның  Бүкір  аталу 

себептері, тәрбиеші, мұғалім, ұстаздарға жағынып жүретін қылықтары ӛзіне 

ғана тиесілі сияқты. Қыдырхан сияқты оқушы әр мектепте де кездеседі, бірақ 

Қ.Ысқақов повесіндегі Қыдырхан әрбір қылығымен жағымпаз оқушылардың 

жинақты бейнесі есепті. Оны жазушы былай бейнелейді: 


«-  Сен  оның  айтқанына  кӛне  берме.  Әрі-беріден  соң  тӛбеңе  шығып 

алады да, ананы ӛйт, мынаны бүйт деп қу жаныңа қоныс таптырмайды. Есімі 

Қыдырхан,  бүкірі  біздің  қосқанымыз  ғой,  -  деп  бір  қойды.  –  Оның  үстіне 

тәрбиеші,  мұғалім,  аспаз  дегендерге  жағынып,  бірді-бірге  шатыстырып 

қойып,  майға  батырған  ыстық  қасықша  жылпылдап  сумаң  етіп  әр  жерден 

сүңгіп  шығып  жүргені»  [7,  26-б].  Бұл  Қыдырхан  бейнесін  автор  оның  іс-

әрекетін  реалистік  жағдайда  суреттеген  және  кейіпкерінің  рухани  әлемін, 

кейінгі тағдырын да жорамалдауы байқалады. 

Қасым  ӛз  әкесінің  туған  ағасын  «Шалым»  деп  атайды,  шын  аты  – 

Ыбырай  ӛз  баласы  жоқ  болғандықтан  Қасымға  үйірсектей  береді  және 

сырттай  қамқорлық  танытып,  тілектес  ниетпен  кӛмектесіп,  қол  ұшын  беріп 

кӛмектесіп  отырады.  Повестің  жалпы  мазмұны  достық,  адамгершілік 

жайындағы  мектеп  ұстаздарының  ӛсиеттеріне,  интернат  ұлдары  мен 

қыздарының  балғын  жүректеріндегі  сезімге,  кӛңілде  тұтанбай  қалған  оттың 

қалғанына,  адам  кӛңілінің  қысы,  жазы,  кӛктемі  мен  шуағы  бар  екеніне 

арналған десе болғандай, бір сӛзбен айтқанда бұл жайларды  жазушы ӛзінің 

суреткерлік шеберлігі арқылы ашып бере алған. 

Балалық  шаққа  біршама  саяхат  жасаған  жазушы  кӛңілінде  кӛп  сұрақ 

қалғанын мына жолдардан аңғарамыз: «...Болашақтың жағасы бұлдырап қана 

елестейді  ӛзіме.  Қомшабай  мен  Алтын  ше?  Хал-ахуалдары  қалай,  тіршілігі 

қалай,  осынау  жалпақ  ӛмірдегі  аяқ  алыстары  қалай,  ӛмірдегі  жаңалықтары 

қандай,  бұл  жағынан  хабарсызбын.  Қомшабай  Алтынға  деген  соңғы  бір 

кӛңіліндегі түйткілін айта алды ма, айта алмады ма, ол да маған беймәлім»,- 

деген сауалдармен аяқтаған автор оқушыны ойлануға жетелейді. 

Қалихан  Ысқақтың  «Бұқтырма  сарыны»  повесінің  мазмұны 

Бұқтырманың  әсем  табиғатының  аясында  ӛмір  сүріп  жатқан  адамдардың 

тағдырын арқау еткен. Бұл повестің кейіпкерлері де санаулы. Олар: орыс шал 

Жәгӛр, оның немере қызы Дунька, қазақ жігіті Аян тӛңірегіндегі оқиғаларға 

негізделген. Бұқтырманың айналасындағы  самаладай қалың ағаш, аспаннан 

түскен  күн  сәулесі,  шапшыған  ақ  кӛбікті  ӛзен  суы  келісті  әрі  адам 

характерлерімен  орайластырыла  суреттелген  тұстары  нанымды  әрі  шебер 

деуге болады. 

Айдалада  орман  ішінде  тірлік  кешіп  жатқан  шал  мен  оның  немересі 

Дуньканың  ӛмірі  басқа  қарапайым  адамдардан  ӛзгеше  және  қазақ  ӛміріне 

беймәлім сырлары бар екенін, келіп-кетіп жүрген шопыр жігіт Аянның орыс 

қызына  ұнап  қалуын,  оған  шал  тарапынан  кӛрсетілген  қарсылықтар,  орыс 

шалының  ӛткен  ӛмірінің  суреттері  қызғылықты  баяндалады.  Ӛзінің 

фамилиясын  жаза  алмаймын  Дуньканың  аңқаулығы,  кісікиіктігі,  табиғи 

мінезі  нанымды    беріледі.  Орыс  қызының  бар  арманы  бала  кезінен  арғы 

жағаға  ӛту.  Ӛлмелі  шалдың  бакенге  байланып  қалған  несі  бар  деген  сұрақ 

қызды  да  мазалайды.  Сол  ӛңірдегі  ӛзгермейтін  осы  бакен  мен  ӛзінің  атасы 

екеніне  қыз  сенімді  болып  ӛседі.  Ені  жалпақ,  суы  мол  Бұқтырманың,  міз 

бақпайтын қалың орманы мен мұздай кӛкшағыр құздар ертеректе қыз кӛзіне 

биік  сияқты  кӛрінгенімен  кейінгі  кезде  қыздың  кӛңілі  бұзылады.  Әсіресе 

жазушы  оқымаған  орыс  қызының  психологиясын    терең  ашады:  «Оның  он 


алты жасына дейін ӛмірден бар тірнектеп түйгені, білгені – адамдардың үш-

ақ  сорты:  бір  сорты  –  атасы,  екінші  сорты  –  мылқаулар,  үшінші  сорты  – 

бәдіктер. Әрине оның ішінде атасы ақылдылар тобына жатады да, қалған екі 

сорты  –  һарам  дүниенің  «құдайдан  безген»  пенделері.  Ал,  бар  қиналатыны, 

Аянды осы екі топтың қайсысына сыйғызарын білмей дал...»[7,49-б]. Қыздың 

қазақ  жігітіне  ғашық  болуы,  оның  ауылына  Дуньканың  ӛзі  іздеп  баруы, 

екеуінің  повесть  соңында  қосылуы  оқушысының  кӛңіліне  қонымды  әсер 

етеді. 


Повестегі кӛтерілген үлкен проблема қарапайым адамдардың табиғатқа 

деген қарым-қатынасының күн санап ӛзгеріп келе жатқаны, оны қорғау мен 

аялау  адамдардың  ғана  қолынан  келеді  деген  идеяға  бағындырады.  Соңғы 

жылдары  орман  қоры  азайып,  адамдардың  жұмыс  нарқы арзандап,  елдің де 

ӛмірі  тұрақсызданып,  бірі  бұғы  савхоздарына,  бірі  алтын  рудасын  қазатын 

рудниктерге кӛшіп жатқанына жазушы кӛңілі алаңдап, ӛзі ӛмір сүріп отырған 

ортадағы ӛмір шындығына алаңдаушылықпен қарайтынын байқаймыз. 

Қорыта  айтқанда  Қ.Ысқақов  кӛркем  шығармаларындағы  кӛркемдік 

тәсілдер  диалог  арқылы  жүзеге  аса  отырып,  ӛмірлік  шындықты  жан-жақты 

терең  ашып  кӛрсетуге  септігін  тигізеді.  Кейіпкердің  ішкі  және  сыртқы 

сырының ашылуы, сӛз саптауын, ой-толғанысын, ӛресі мен мінез-құлқын да  

диалогтардан  кӛруге  болады.  Жазушы  табиғат  суретін  кейіпкер  басындағы 

қуанышты, шаттықты, шерлі күйлерге ыңғайлап орнымен суреттей отырып, 

шығарманың ішкі мазмұнын, идеялық сапасын байытады. Қ.Ысқақовтың тілі 

мен стиліне тән шығармашылық ерекшелігі бар қаламгер. Оған жазушының 

тілі,  сӛйлем  құрауы,  мәнері,  оқиға  дамыту  үрдістері,  тақырып  таңдаудағы 

ізденісі т.б. компоненттер кіреді және автордың оқиғалар мен құбылыстарға 

берген бағасы мен оны сезіп-түюінен келіп, ӛзіндік ерекшелік туады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. Белинский Г. Полное собрание сочинений. Т.4. М; АН СССР, 1954.  - 

354 С. 

2. Қабдолов З. Сӛз ӛнері. Екі томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы. 



Жазушы, 1982. 

3. Горький М. О литературе. – М: Советская литература, 1984. 

4.Әуезов М. Уақыт және әдебиет. – Алматы. Жазушы, 1962. 

5.

 



Қаратаев М. Таңдамалы шығармалар. – Алматы. Жазушы, 1974. 

6.

 



Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. – Алматы. Жазушы, 1966. 

7.

 



Ысқақов Қ. Қоңыр күз еді. – Алматы: Атамұра, 2003. 

 

 



 

 

 



 

Резюме 

 


В  этой  статье  рассматриваются  иссползованные  в  художественных  

произвенениях  К.Искакова  художественные    приемы:  диалог,  описании 

внешности  и  внутреннего  мира,  мировидение  и  особенности  характера 

героев.  Кроме  того,  выявлются  особенности  языка  и  стиля,    поиски  темы, 

словотворчества писателя.  

 

Abstract 

 

In  this  article  the  artistic  methods  such  as  the  dialogue,    the  description  of 



the appearance and internal world, the world vision and peculiarities of characters 

used  in  the  works  of  K.Iskakov  are  considered.  Besides  peculiarities  of  the 



language and style, searching of themes, the writer’s word creation reveal.  

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет