Қалыпты физиология



Дата04.12.2023
өлшемі19,32 Mb.
#134292

Астана медицина университеті КеАҚ
“Қалыпты физиология” кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы:Тамақтанудың физиологиялық негіздері. Тамақтану теориялары
Орындаған: Бегалиева С.Ж
Қабылдаған: Сембекова К.Т
Астана 2023
ЖОСПАР
    • Кіріспе
    • Тамақтану жайлы жалпы түсінік
    • Негізгі бөлім
    • Тамақтану теориялары
    • Тамақтану мөлшерлері
    • Дұрыс тамақтанбаудың ағзаға әсері
    • Қорытынды
    • Пайдаланылған әдебиеттер

ТАМАҚТАНУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
    • ТАМАҚТАНУ-ОРГАНИЗМНІҢ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙДА ТІРШІЛІК ЕТУІНІҢ,ОНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН СОНЫМЕН ҚОСА ЕҢБЕК ЕТУ ҚАБІЛЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН МАҢЫЗДЫ ФАКТОРДЫҢ БІРІ.

Тамақтану жайлы ғылым-нутрициология
ҚЫЗМЕТТІК ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІ
Организмге қажетті энергия және құрылыс материалдар үзіліссіз,тағам арқылы ішке енуі керек!
Тамақтану жүйесі 2түрлі жолмен реттеледі
    • Жүйкелік
    • Гуморальды

    • Осы өте күрделі тамақтану үрдісімен қатар, ағзаның қоректі іздеп табу тәртібін бақылайтын жүйе-қызметтік тамақтану жүйесі болып саналады.

Тамақтану теориялары
2 ге бөлінеді
    • Теңестірілген
    • Адекватты

ТЕҢЕСТІРІЛГЕН ТЕОРИЯ(ТЕҢДІК КОНЦЕПЦИЯСЫ)
Осы концепцияға байланысты тамақ құрамындағы организм тіршілігі үшін қажетті мөлшерде,белгілі бір қатынаста энергия,ақуыз,көмірсу,май және минерлды заттар мен судың болу тиіс. Тамақ құрамындағы осы заттар организмде синтезделмейтіні белгілі. Сол себептен де тамақпен бірге ағзаға енуі керек.
Бұл теорияда басты көңіл аударатын фактор,ол тамақ құрамы болып саналады
Тамақтың мұндай қосылыстарына алмастыруға болмайтын амин қышқылдарына:валин,лейцин т.б май қышқылдарына:қаныққан және қанықпаған май қышқылдары мен витаминдер жатады.
Бұл қоспалар ағзадағы белок синтезі үшін және гормондар мен нейромедиаторлар синтезделетіін бастапқы қоспасы саналады.
Қажетті энергия мөлшерінің деңгейі организмдегі негізгі алмасу мен атқаратын жұмыс тәртібіне байланысты энергия шығыны арқылы анықталады. Атқарылатын жұмыс неғұрлым ауыр әрі тез орындалатын болса,соғұрлым тамақта қоректік заттар мөлшері де артық болу керек. Ал негізгі зат алмасу дегеніміз-стандартты жағдайда жұмсалатын энергия мөлшері.
АДЕКВАТТЫ ТЕОРИЯ
Тәліктік тамақтанудың оптималдық мөлшері жас ерекшелігі,жыныс,энергия жұмсалу мөлшеріне байланысты анықталған. Дені сау адам үшін оптималдық тамақтағы белок,көмірсу,майдың өзара қатынасы 1:1:4 жақын болады.Тамақтану режимін: тамақты қабылдау мезгілі,тамақ қабылдау арасында болатын үзіліс,калорияны бөлуді қамтиды.
ТАМАҚТАНУ МӨЛШЕРІ
    • Жұмысқа дейінгі таңертеңгі ас. Онда күндік тамақтану құрамының жалпы қуаттылығы 25-30%

ТӨРТ МЕЗГІЛ ТАМАҚТАНУ БЫЛАЙ АТАЛАДЫ
2.Жұмыс аралығындағы жеңіл,екінші таңғы ас.Күндік тамақтану құрамының жалпы қуаттылығының 10-15% пайызы бар.
3.Жұмыстан соңғы тойып ішер түскі ас. Онда 35-40%қуаттылықты қамтиды.
4.Салыстыра алғанда жеңіл кешкі ас.Онда күндік тамақтану құрамының жалпы қуаттылығы 15-20%
    • Тамақты мөлшерден артық тұтыну.
    • Үнемі майлы тағамды жақсы көру.Мысалы,80 грамм қабылдаудың орнына 132 грамм қабылдаймыз
    • Тағамды талғап,таңдап жемейміз.
    • Әртүрлі сұйық асты бір мезгілде көп тұтынамыз
    • Уақытылы тамақтанбаймыз. Тамақты тез,асығыс ішу
    • Тәтті тағамды көп тұтыну.
    • Тағамды дұрыс сақтап, пайдалы етіп дайындай алмаймыз
    • Телефон,телевизорды көріп тамақтану
    • Тағамдардың құрамы мен каллория мөлшеріне мән бермейміз
    • Жас ерекшелікке мән бермейміз

ТАМАҚТАНУДАҒЫ 10 ҚАТЕЛІК
ДҰРЫС ТАМАҚТАНБАУӘСЕРЛЕРІ
Тамақ құрамында витаминдердің жетіспеуінен организмнің әр түрлі жұқпалы аурулар мен сыртқы орта әсерлеріне қарсы тұруы төмендеп,арнайы аурулар пайда болады. Адам тағамнан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай қуат алуы тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тамақ жақсы сіңіп, пайдаланылуы үшін құрамы,дайындалуы,дәмі мен ас ішетін жер таза әрі әдемі болуы қажет.Әсіресе балаларды тамақтандыру кезінде осыны басшылыққа алған жөн. Сонымен, осы презентацияны жазудағы көздеген мақсатым-тамақтануды тиімді ұйымдастыру, ағзаға пайдалы тағамдарды дайындау мен дұрыс сақтау,дұрыс тамақтануды тыңдаушыға жеткізуболатын
Пайдаланылған әдебиеттер
    • Сәтбаев Х.Қ,Өтепбергенова А.А,Нілдібаева Ж.Б Адам физиологиясы-Алматы 2009 жыл
    • “Тәні саудың жаны сау” журналы
    • Н.А.Агаджанян, В.М.Смирнов Нормальная физиология
    • Linda S.Costanzo Physiology

THANK YOU
For listening

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет