Аллаһ тағаламен байланыста болу. Аллаһпенен байланыста болудың мағынасы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата15.03.2017
өлшемі342,78 Kb.
#9992
  1   2   3

 

1

АЛЛАҺ  ТАҒАЛАМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛУ. 

 

Аллаһпенен байланыста  болудың мағынасы:  

 Аллаһ  Тағаламен  байланыста  болу  дегеніміз,  Оны  əр  бір  жағдайда , əр  жерде  ,          əр 

уақытта , байлық  пен  кедейлікте , қайғы  мен  қуанышта  ,таршылық  пен  кеңшілікте  де  естен 

шығармай зікір ету. 

Аллаһпен əрдайым байланыста болған пенделерді Хазреті Əлі  (Аллаһ одан разы болсын) 

былай -деп сипаттаған :  

-Олар фазилет иелері . Сөйлегендері туралық , киінгендері қарапайымдылық , жүрістері 

кішіпейілділік  болғандар . Олар  көздерін  Аллаһ  харам  еткен  нəрселерге  қараудан  тиып , ал 

құлақтарын  өздеріне  пайда  беретін  ғылымға  қойғандар . Өздерінің  жасаған  амалдарының 

аздығына  разы  болмайтындар , ал  арттырғандарын  көпсінбейтіндер . Олар  өздерін  кінəлəп , 

жəне Аллаһ алдында барша амалдарын шынайы қорқынышпен орындайтындар . Сен олардан 

мынандай белгілерді көресің ; олар дінде қуатты болады , мінез - құлықтары жұмсақ , тұрақты 

болады , имандары  кіршіксіз  айқын , білімге  құштар , сыпайылықта  артықша , байлықта  əрі 

жомарт , əрі  ысырапсыз , ғибадат - құлшылықтарында  ықыласты  болады . Олар 

кедейшіліктерін жасырады , қиындыққа сабыр етеді . Тек халал нəрселерді талап қылады. Тура 

жолға  шақыруда  белсенді  келеді . Салихалы  амалдарының  қабыл    болмай  қалуынан 

қорқынышта  жүреді . Олардың  кешкі  қамы  шүкір  ету , таңертеңгі  қамы  зікір  қылу . Олар 

білімдерін əдеппен , сөздерін амалмен толықтырғандар . Үміт еткендері жақын , қателіктері аз . 

Жүректерінде Раббысына - деген қорқыныш ұялаған , өздері дайым тақуалықта болған , ашу - 

ызасын  ұстай  білетін , шаһуаттарының  қалауын  өлтірген  жандар . Олардан  тек  жақсылық 

күтіліп , жамандық  олардан  бой  көрсетпейді . Өздеріне  зұлымдық  қылғандарға  кешірімді , 

таршылық  қылып  бермегенге  беретін , білімсіздікпен  байланысты  бұзғандарға  да  қарым - 

қатынасын үзбей жүретін , ұятсыздықтан алыс , сөздері жұмсақ  , ешкімге зияны жоқ , ізгілікке 

əркез əзір , жақсылықтары алдында , жамандықтары артында болғандар . Өмірдегі  кездесетін 

сілкіністерде  тұрақтылық  көрсететін , жан  қиналатын  жағдайларда  сабырлық  танытатын , 

кеңшіліктерге  шүкірлік  ете  білетін  көңілдері  тоқ  жандар . Ал  адамдар  олардан    тек  рахат 

көреді .  

Бұдан  көріп  тұрғанымыздай,  бұл  Аллаһпен  болған  байланыс  өмірдің  барлық  тұсын 

қамтиды . Жəне ол нəрсе Əнғам сүресінің  162 - аятыменен дəлелденген .  

            "Расында  менің  намазым  жəне  одан  өзге  барлық    ғибадат - 



құлшылықтарым , өмірім  мен  өлімім  бүкіл  əлемдердің  Раббысы  болған  Аллаһқа  ғана 

тəн - деп , айт ! ".  

Аллаһ    Тағаламен  болатын  байланыстың  күшті  немесе  əлсіз  болуы  жүректегі  иманның 

қадіріне қарай болады . Ол жайында Имам Ибн  Таймия (Аллаһ оны рахметіне алсын) былай 

деп айтқан : 

   

           Егер  əрбір  адамның  мойнына  міндет  болған  салихалы  амалдар  кеми 



бастаса , онда  ол  нəрсе  жүректегі  иманның  кеми  бастағанының  дəлелі . Сондықтан  көзге 

көрінер салихалы амалдар жоқ бола тұрып , жүректегі парыз болған иманның кəмілдігін сөз 

ету , ақылға сиымсыз . Бəлки , иманның кəмілдігі амалдың кəмілдігін лəзім етеді , имандағы 

кемістік амалдың кемістігін лəзім еткені сияқты . 

              

Жəне бір сөзінде ол  кісі : 

- Егер жүректе Аллаһқа - деген нақты сенім мен махаббат шынайы түрде орнықса , онда 

тілге  сол  сенім  мен  махаббатқа  тиісті  болған  жасырын – жария  сөздермен  əрекеттену  зəру 

болады . Жəне адам бойында көрініс тапқан сөздер мен істер сол жүректе орныққан нəрсенің 

əсерінен болады . Олардың əрқайсысы бір - біріне əсерде болады (яғни жүректегі иман сыртқы 

амалдарға , ол  сыртқы  амалдар  жүректегі  иманға  əсер  етеді) . Бірақ  жүрек – негізгі  тамыр 

іспетті , ал  дене  соның  қосымша  бұтақтарына  ұқсас . Бұтақтар  тамырға  сүйенеді , ал  тамыр 

солармен қуаттанады " - деген . 

Əрбір құл  өзінің Аллаһ  үшін қылған мінəжəтінан лəззат тауып , Раббысына жақындауы 

үшін  жоғарыдағы мəселелерге көңіл бөлуі қажет . Жəне ол нəрселерге пенде Аллаһтан болған 

таупиқ пен жəрдем арқасында  жетеді .  

 


 

2

Аллаһпен байланыста болудың ережелері 



 

Əһлі  сунна  уал  жамағаттың¹  жолынан  алыстап  кетпеу  үшін  бұл  ережелерден  бекем 

ұстану қажет .  

           Бірінші ереже : Ықылас 

           Қайсы бір амал ықылассыз орындалса ауадағы тозаңдай шашырап, иесіне ешбір 

пайда бермейді . 

Шейхул - ислам Ибн Таймия былай - деген :  

-  Ықыласқа  келер  болсақ – ол  исламның  ақиқаты . Өйткені  ислам - дегеніміз , өзгеге 

емес , бір ғана Аллаһқа бой ұсыну . Құранда осыған қатысты мына аят келеді : «Аллаһ өзара 

шығыса  алмаған  ортақтардың  меншігінде  болған  құл  мен  бір  ғана  кісінің  меншігінде 

болған құлды мысалға келтірді . Ол екі құлдың мысал-жағдайлары  тең бе ?» ² ( Зумар : 

29)  


Ендеше , кім  Аллаһқа  бойұсынбаса  тəкəппарлық  қылғаны , ал  кім  Аллаһқа  жəне 

сонымен  қатар  өзге  бір  нəрсеге  бойұсынса - Раббысына  серік  қосқаны . Серік  қосу  да , 

тəкəппарлықта ислам үшін теріс ұғымдар . 

 

Ықылас турасында айтылған сөздер : 



 

Ықылас -  тағат- ғибадаттардағы ниет арқылы Аллаһқа жақын болуды ғана мақсат ету . 

Ықылас - барша ынта - назарды Аллаһқа дауамды түрде бұруменен адамдардың   өзіне -

деген көзқарастарын ұмыту . 

Ықыластың  ақиқаты - жүректі , оның  тазалығын  кетіретін  қоспалардан  арылту , 

Расында қоспа заттар өзгенің тазалығын кетіруі мүмкін . Сондықтан əрбір зат қоспадан арылса 

ықыласты³ ( таза ) болған  болады . Осы  сөзге  байланысты  Құранда  мынандай  аят  бар : «Біз 

сендерге  малдардың  қарындарындағы  нажасат  пен  қанның  арасынан  шығатын , 

ішетіндерге сүйкімді тап - таза сүтті ішкіземіз » ( Нахл : 66  ) 

Фузаил Ибн Ғияз былай - деген :  "Адамдарға  бола  амалды  тəрк  ету – рия 

( мақтангершілік ) . Ал енді олар үшін амал жасау – ширк . Ал ықылас – осы екеуінен - де таза 

болу". 


      Ықылас – істеген амалына Аллаһтан өзге куəлəрді талап етпеу. 

Құран  Кəрімде де ықыласқа дəлел болатын аяттар көп , мысалы :  



«Олар  Аллаһқа шынайы ықылас жəне дінге толық берілген хəлде ғибадат жасауға , 

намаз оқуға , зекет беруге ғана əмір етілген »  ( Байина  : 5 ). 

 

 «. . . Бірақ тəубе еткендер , өздерін түзегендер , Аллаһқа шынайы беріліп , діндерін 



Аллаһ үшін ықыласпен қылғандар , міне солар иман келтіргендермен бірге » ( Ниса : 

145  ) .  



 

                            

1. Əһлі сунна уал - жамағат  – Аллаһтың елшісінің көрсеткен жолынан бекем ұстанушы 

қауым . 


2. Бұл аят бір Аллаһқа серік қоспай ғибадат етуші құл мен Оған өзге нəрсені серік етуші 

құлдардың жағдайын білдіру үшін түскен . Яғни , егер бір құл өзара ерегісіп шығыса алмай 

жүрген бірнеше адамдардың меншігінде болса , жəне олар келісімге келмей бірі құлға "мына 

істі атқар деп" - деп , бұйырса , ал екіншісі: " жоқ , оны емес бұны істе "-деп тұрып алса , 

үшіншісі мүлдем басқа нəрсені бұйырса , онда ол бейшара құлдың жағдайы не болады ? 

Қайсысының көңілінен шығып , басын бəлекеттен арашалай алады ? Ал бір ғана адамның 

меншігінде болған құлдың басы ондай нəрселермен ауырмайды . Ол өзінің атқаратын ісін 

нақты біліп ,егесінің көңілінен шығып жүреді . Ондай болса ол екеуінің мысалы тең емес . Бір 

Аллаһқа ғибадат етуші мен Оған серік қосушы құлдардың да мысалы осындай . Серік қосушы 

да Аллаһтың , не өзге сиынғанының да ризашылығына жетпей , үлкен зиянға ұшырайды .  

3. Араб тілінде "ықылас" сөзі таза - деген мағынаны да береді . 

 


 

3

«Кімде – кім Раббысына жолығуды үміт етсе , салихалы амалдар жасасын жəне 



Раббысы үшін болған ғибадатында Оған ешкімді ортақ  етпесін !» Яғни амалдарын 

жалғыз ғана Аллаһ үшін ықыласпен орындасын.  ( Каһф : 110  ) 

 

«Аллаһ - Тағала сендердің қайсыларың амал қылуда жақсырақ екенін сынау үшін 

өлім мен өмірді жаратты » ( Мүлк : 2 ) . 

 

 Жоғарыдағы  Мүлк сүресінің екінші аятындағы " амал қылуда жақсырақ " - деген сөзге 



Фузайл : " Амалдың жақсырағы – ең ықыласты жəне ең дұрыс болғаны "- деп , түсіндірме 

берген . Сонда қасында отырғандар одан : 

- Ей Əбу - Əли ! . Амалдың ең ықыластысы жəне ең дұрысы қандай болады ? -                         

деп сұрады . 

Сонда ол кісі :" Егер амал шынайы ықыласпен жасалынып бірақ  , дұрыс болмаса қабыл 

етілмейді . Керісінше дұрыс болып , бірақ ықылассыз жасалынса жəне қабыл емес . Амал 

ықыласты жəне дұрыс болғанда ғана қабыл етіледі . Амалдың дұрыс болуы - дегеніміз 

сүннетке сай келгені , ал ықыласты болғаны – Жалғыз ғана Аллаһтың разылығы үшін 

орындалғаны "- деп айтты да , сол сөзіне дəлел ретінде жоғарыда келген “ Каһф ” сүресінің 

110 – шы аятын оқыды . 

Сол үшін , ей мұсылман бауырым ! Жақсылап біліп ал! Адам баласы жасайтын əрбір 

амалы үшін , кішісі болсын , үлкені болсын екі сұраққа жауап беруі тиіс . Яғни , не үшін жасап 

жатырмын ? Қалай жасап жатырмын ? Бірінші сұрақ амалдың жасалу себебі мен онда 

көрсетілген мақсатты айшықтайды . Ол амал кездейсоқ жəй əрекет пе ? Жоқ , əлде құлшылық 

хақын орындауға , Аллаһтың сүйіспеншілігіне бөленіп, Оған жақын болуға жəне Оған апарар 

жолды талап етуге бағытталған амал ма ? . 

Ал , екінші сұрақ амалдың қалай жасалғанын көрсетеді . Яғни ол жасалынған амал 

пайғамбарымыз Мухаммедтің (Ол кісіге Аллаһтың сəлемі мен игілігі болсын) үмбетіне əмір 

қылған істерінен бе немесе Аллаһтың Өзінің елшісінің тілінде орнатқан шариғатының 

бұйрықтарынан ба ? Жоқ , əлде одан өзге нəрсе ме ?   

Бірінші сұрақтың тура жауабы , амалдағы ықыласты Аллаһтың разылығы үшін ғана 

арнау . Екінші сұрақтың тура жауабы , пайғамбарымыз Мухаммедтің( Ол кісіге Аллаһтың 

сəлемі мен игілігі болсын сүннетіне нақты ілесу .  

Нəпсі жасаған амалы үшін мақтауды , көрініп қалуды , сол іс үшін сыйлық алуды сүйетін 

болғандықтан ықылас оған өте ауыр келеді . Сондықтан Сəһл Əт - Тустари ( Аллаһ оны 

рахметіне бөлесін ):" Нəпсіге ең қатты тиетін нəрсе не ?" деген сұраққа, "нəпсіге ең қатты 

тиетін нəрсе – ықылас . Себебі ықыласпен жасалған амалда нəпсінің ешбір үлесі жоқ " - деген .  

Ықылас туралы əңгімені оның жүрекке тигізетін көптеген пайдаларынан бірісін ескере 

отырып бітіргіміз келеді . Шын мəнінде ықылас жүректі түзейтін нəрселердің бірі . Кімде - кім 

жүрегіне ықыласты орнықтырса , қианат , кесапат , арсыздық жəне көреалмастык - деген 

аурулардан оны айықтырады . Осы сөзге дəлел болатын Имам Ахмадтың өзінің “ Муснад ” 

атты кітəбінде Нуғман Ибн Баширден ( Аллаһ одан разы болсын ) риуаят еткен мынандай 

"сахих" хадисі бар . 

" Мұсылман адамның жүрегі үш нəрседе көреалмастық жасамайды . Амалды 

Аллаһ разылығы үшін ықыласпен орындауда , мұсылман басшыларына насихат 

жасауда , мұсылман жамағатын лəзім тұтуда . Расында дұға - тілек мұсылмандардың 

баршасын қамтып , баурап тұрады " . 

Екінші ереже : Амалдың сүннетке сəйкес келуі .  

Бұл ереже кез - келген амалдың қабыл болуы үшін лəзім тұтатын шарт . Осыған 

байланысты Муслимнен риуаят етілген сахих хадис бар . Ол хадисте :  



" Кімде – кім Біз (Аллаһпен оның елшісі) əмір етпеген бір амалды жасаса , ол амал  

одан қабыл болмайды "-делінген .  

Ибн Əл - Қайим өзінің “нуния ” өлеңінде : 

                                        Нақ бағынып , шын сүйіп ғибадат ет Құдайға, 

                                        Шайтан , Нəпсі жетектеп түсірмесін ылайға . 

                                        Ықылас пен жақсылық болсын сенің тамырың , 


 

4

                                        Адаспайсың ұстасаң Құран , сүннет əмірін . 



                                       Ғибадатты арнама Құдайыңнан өзгеге , 

                                       Жаратқанның хақ жолын бидағаттан¹ іздеме . 

                                       Ширк пенен бидағат қыл бұрау боп мойныңа , 

                                       Ертең сүйреп кетпесін жаһаннамның қойнына - деген . 

Осы өлең жолдарын шарыхтаушы кісі былай - деп , түсіндірме береді:  

“ Ғибадаттың негізгі Пайғамбарымыздан (Ол кісіге Аллаһтың сəлемі мен игілігі болсын) 

келген шариғат бұйрықтарына қайтады . Расында Аллаһ  Тағала үшін жасалатын ғибадат - 

құлшылық Оның Өзінің орнатқан шариғатымен ғана болады . Яғни Аллаһқа құлшылық 

адамның өз ойына келген , немесе нəпсісі мен Шайтан малғұн əдемі көрсетіп қойған 

амалдармен , бидағатшылар мен кейбір сопылық ағымында адасқандардың өздеріне жəне 

соңынан ерушілеріне жасап алған шариғаттан бөгде зікрлерімен , немесе ерекше киімдер мен 

арнайы тамақтар арқылы , тағы одан бөлек кез - келген Ол əмір етпеген істермен жасалмайды . 

   

 

Кейбір сəлəф² ғалымдары былай - дейді : 



" Бес нəрсе бар . Сол нəрселермен амал толық болады . Олар : Аллаһты тану , хақиқатты 

білу , амалында Аллаһқа ықыласты болу , сүннетке сəйкес амал жасау , тек халал нəрселерден 

ішіп - жеу . Егер осы нəрселердің біреуі жоғалса істеген амалдан сауап жоқ . Ол - дегеніміз , 

егер Аллаһты танып хақиқатты білмесе оған амалдан пайда жоқ . Жəне Аллаһты танып , 

хақиқатты біліп , бірақ амал ықылассыз орындалса – пайдасыз . Сол сияқты Аллаһты танып , 

хақты біліп амалда ықыласты болып , бірақ оны сүннетке сəйкес жасамаса жəне пайдасыз . 

Тіпті жоғарыда келгеннің бəрі орындалып , бірақ ішіп - жегені халал болмаса – амал пайдасыз . 

( "Жамиғул-ғулум",87).  

Осы айтылған сөздерін негізгі түйіні жоғарыда келген "Кімде -кім Біз (Аллаһпен Оның 

елшісі) əмір етпеген бір амалды жасаса , ол амал  одан қабыл болмайды " - деген хадис . 

Бұл хадис ислам қағидасының негізгі өзегі жəне бүкіл көзге көрінер сыртқы амалдардың 

таразысы .Ал"Расында барлық амалдар ниетке қарай (сауап –жазасын) алады" деген 

хадис ішкі амалдардың таразысы.Бірінші хадис амалдарды сүннетке сəйкес атқаруды , ал, 

екінші хадис оны ықыласпен атқаруды əмір етеді. 

Аз да болса сүннетке сəйкес орындалған амал, көп болып сүннеттен алыс болған 

амалдардан жақсы . Осы сөзді Имам Əл– Лəликайидің Убай ибн Кағбтан келтірген мына 

хабары қуаттай түседі . Ол кісі :"Аллаһтың көрсеткен жолы мен бекіткен шариғатында 

ортақандылықпен амал жасау Оның жолы мен шариғатынан ұстанбай жасалған ыждаһатты 

көп амалдан жақсырақ . Қараңдар ! Егер сендер амалдарыңды пайғамбарлардың ( Оларға 

Аллаһтың сəлемі болсын ) қалдырған жолы жəне бекіткен сүннетіне лайықты түрде , барша 

ыждаһатпен немесе ортақандылықпен орындайтын болсаңдар , онда сол амалдарың қандай 

дəрежеде болар еді ? " - деген . 

Жəне Абдуллаһ Ибн Масғуд ( Аллаһ одан разы болсын ) былай деген : 

   

 

" Сүннеттегі ортақандылық бидағаттағы ыждаһаттан жақсы" .  



Өзінің сөзінде Имам Аз-Зуһри былай - деген: " Сүннеттен бекем ұстану – құтылудың 

жолы " . 

Хасан Басри :" Сөз амалсыз дұрыс емес , сөз де , амал да ниетсіз дұрыс емес , ал осы 

үшеуі сүннетке негізделмесе жəне дұрыс емес " – деген . 

         Сағид ибн Жубейрден жеткен хабарда :"  Аллаһ амалсыз сөзді , сөзсіз амалды 

қабыл етпейді . Жəне сөзді , амалды , ниетті сүннетке сəйкес болмайынша қабыл етпейді" – 

делінген ( Имам Əл-Лəликəйидін, " Əһлі сунна уал -жамағат сенімі негіздерінің шархы"- атты 

кітəбінен ) . 

 

1. Бидағат – Құран мен сүннетте келмеген , адамдардың өз қалауларымен түзіп алған 



құлшылық түрлері .  

2. Сəлəф ғалымдары - деп , ілгері өткен ғалымдарды айтады . 

 

 

 



 

 

5

 



 

          Үшінші ереже : Амалдың үзілместен дауамды болуына көмектесетін 



ортақандылық .  

          Белгілі хадистанушы Имам Əл-Бухари өзінің мəшһур " Сахих хадистер " кітəбінде 

осы тақырыпқа " Амалдағы ортақандылық " - деген атаумен арнайы бөлім жазған . Сол кітапта 

Айша анамыздан ( Аллаһ одан разы болсын ) жеткен  хадисте мына хабар бар ; Айша анамыз 

( Аллаһ одан разы болсын ): " Пайғамбарға ( Ол кісіге  Аллаһтын игілігі мен сəлемі 

болсын ) ең сүйікті амал қайсы ? " - деп сұралғанда , ол кісі : " Дайым үзілмей 

орындалатыны " - деген . Жəне: " Намазға қашан тұратын  еді" - деген сұраққа ,  " 

Əтештің дауысын естіген уақытта " - деп айтқан .  

Əбу Хурайрадан келген хадисте пайғамбарымыз: " Ешбіріңді істеген амалдарың 



құтқармайды " - деген . Сонда қасындағылар: " Сізді де ме , ей , Аллаһтың елшісі !? " - 

дегенде : " Иə , мені де , егер Аллаһ мені өз рахметіне алмаса . Сондықтан амалдарыңды 

ақиқи дəрежесінде , шариғат талабына жақындатып орындаңдар , таңда , кешке , түнде 

ғибадат жасаңдар . Жəне амалдарыңда ортақанды болыңдар . Сонымен мақсаттарыңа 

жетесіңдер " - деп айтқан . 

Ибн Мажаһ , Абу Иағла , Ибн Хиббан - дардың келтірген бір хадисінде , ол хадисті Əл - 

Бусайра  "хасан" ( жақсы ) хадистердің қатарына қосқан , Жабир ( Аллаһ одан разы болсын ) 

былай - деп , айтқан ; 



" Пайғамбарымыз ( Ол кісіге  Аллаһтын игілігі мен сəлемі болсын ) бірде жартас 

үстінде намаз оқып жатқан бір кісінің қасынан өтеді . Кейін Мекке шетіне барып , онда 

біраз уақыт болып қайта оралса , əлгі кісінің əлі сол қалпында намаз оқып жатқанын 

көреді . Сонда Пайғамбар ( Ол кісіге  Аллаһтын игілігі мен сəлемі болсын ) адамдарды  

топтап , өз қолдарын біріктіріп ұстап тұрып , үш мəрте :  

" Ей , адамдар ! Сендерге амалдарыңда ортақанды болу лəзім " - деді . Одан кейін :" 

Аллаһ сендердің амалдарыңды қабылдауды тоқтатпайды , тек өздерің одан жалығу мен 

шаршауға түспесеңдер " - деп айтты .  

Жəне бір хадисте : " Расында бұл дін өте бекем , Сондықтан оған жұмсақтықпен 



бойлаңдар . Шамаларыңнан тысқары нəрсеге ұмтылып , ғибадатты өздеріңе жағымсыз 

етіп алмаңдар . Шынында жүрісті тездетем - деп , көлігін қинаған адам мақсат жеріне 

жетпейді , көлігінен де ажырайды " - делінген .  

Имам Аш - Шатиби өзінің " Иғтисам " атты кітəбінде , жоғарыдағы хадиске қатысты 

болған мына сөзін келтірген :  

- Адам да сол сияқты . Оның өмірі – жол , барар мəресі - өлім , мінген көлігі – 

нəпсісі .Сондықтан арқалаған жүгіменен бірге сол жолдан аман - есен өтіп , мақсатына жетуі 

үшін , адамға өз нəпсісін тек қамшылай бермей , оған жұмсақтық пен аяушылық көрсетуі де 

қажет .  

Негізінде келтірілген хадис шектен шығып , ғибадатты нəпсіге ауыр да , жағымсыз 

көрсетуден қайтарады . Ал шариғат тиым еткен нəрселер жақсы істердің қатарына 

қосылмайды . 

Имам  Ат - Табари Яхия ибн Сайидадан мына сөзді жеткізген . Ол кісі :  

"  Ілгеріде " жас  кезіңде  барынша  амал  жаса,  жəне  амалыңды  сүйген  хəліңде  тиісті 

уақыттарда  тоқтата  тұр  (яғни,  оны  өзіңе  қиындатып,  кейін  жақтырмай  тастап  қойма).  Аз  да 

болса  əрдайым  үзілместен  орындалатын  амал,  көп  болып  кейін  тоқтап  қалатын  амалдан 

жақсы"- деп айтылатын еді" - деген.  

 Хасан Басри:  

-  Бұл  дін  қияметке  дейін  жалғасатын  дін.  Расында  сабырлық  көрсетпеген  адам  ол  дінді 

тастап  қояды.  Шынында  ақиқат  ауыр,  ал  адам  əлсіз.  Сондықтан " əр  адам  шамасы  келетін 

амалдардан ұстасын, себебі ол ажалының қашан жететінін білмейді " - делінетін. Егер пенде өз 

нəпсісіне қатаң болып, оған шамасы келмейтін нəрселеді жүктесе, бір күні соның бəрін тастап 

қояды.  Тіпті  өзіне  парыз  болған амалдарды да  қалдырып  қоюы  мүмкін.  Ал егер  өз  нəпсісіне 

жеңілдік жасап оған шамасы келетін амалдарды ғана артса, онда бұл нəрсе оның көрегенділігі. 



 

6

Сонымен қатар өзінің нəпсісін оны тағат-ғибадаттардан махрұм ететін дұшпанынан құтқарған 



болады. " Жүрістің жаманы – шаршататыны "- деген сөз рас - ақ "-деген. 

Пайғамбарымыз ( ол  кісіге  Аллһтың  игілігі  мен  сəлемі  болсын ) : "  Өздеріңе 



шамаларына  қарай  сүйіп  орындайтын  амалдарды  жүктеңдер"–  деген.  Осы  хадис 

жайында белгілі  муфассир-ғалым Əт-Табари: "Өзіңді үзбей орындайтын амалға дайында жəне 

сол  амалдың  жалғасты  болуы  үшін  өзіңе  оны  сүйікті  ет.  Бұл  жердегі  хикмет,  амалды  дайым 

хəлде орындайтын адам əрдайым тағат-ғибадатын тоқтатпайды. Аллаһтан сол амалына сауап 

үміт  етіп,  оны  жиі  атқарып  тұрады.  Аз  да  болса  амалын  əрдайым  атқарушы  адам,  көп  амал 

жасап,  ақырында  жалығып  тастап  қойған  адаммен  тең  емес.  Мойнына  артықша  амалдарды 

жүктеп  алып,  кейін  оларды  тастап  қойған  адам,  сол  амалына  қарсы  шыққан  мен  тең. 

Шариғатта Құранды жаттап, кейін ұмытып тастап қойғандар азаппен ескертілген. Сол сияқты 

амалдарды тастап коюшы да жазғыруларға лайықты болады.  

  Төртінші ереже : Ғибадаттарда тепе-теңдікті ұстау

   Бұл  ережедегі  мақсат,  ғибадаттың  бір  түріне  басым  көңіл  бұрып,  оның  екінші  түріне 

немқұрайдылық  жасамау.  Немесе  ақырет  істеріне  көбірек  беріліп,  дүние  істерін  тəрк  етіп 

қоймау.  Кейбір  сопылық  жолын  ұстағандардың  ақырет - деп,  дүние  істерін  мүлдем  тастап 

қоятындары  немесе - кейбір  адамдардың  нəпіл  ғибадаттарды  парыз  ғибадаттардан  артықша 

қойып, түндерін ұйқысыз сол ғибадаттарға арнап, кейін шаршап парыз болған ғибадат -  таң 

намазына  ұйықтап  қалатыны  тəрізді.  Жəне  бар  уақытын  бала - шағасы  мен  дүние  істеріне 

жұмсап, парыз амалдардан бейғам болғандардың мысалы да осындай.  

  Ғибадаттарда тепе - теңдікті ұстауға негіз болатын аяттар : 

  «Қолынды мойныңа байлаулы қойма жəне оны мүлдем ашып та жіберме»,  ( яғни 

түк  бермес  сараң  да болма, сонымен  қатар қолындағының  бəрін беріп  қойып,  қарап  қалма ). 

(Əл-Исра:29) 

 « Аллаһтың бойұсынған құлдары егер напақа берсе ысырапшылық та, сарандық 

та жасамай, сол екеуінің арасын ұстана білген қауым ». (Əл-Фурқан:67).  

  Осы  тақырыпта  белгілі  хадис  танушы  Əл-Бухари  мен  Əт–Тирмизилердің  Əбу 

Жухайфадан ( Аллаһ  одан  разы  болсын ) риуаят  етілген  Пайғамбарымыздың ( Ол  кісіге 

Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын ) мына хадисын жеткізген: 

  "Пайғамбарымыз ( ол  кісіге  Аллһтың  игілігі  мен  сəлемі  болсын)  сахабалары  Салман 

мен  Абу  Дарданы  бір - біріне  бауыр  етеді.  Бірде  Салман  Абу  Дарданың  үйіне  зиаратқа 

келгенде оның əйелі Умму Дарданы жүдеу халінде көріп, " Саған не болған ? Жүдеп кеткен 

көрінесің  ғой " - деп,  сұрайды.  Сонда  ол  кісі  жауабында :"Сенің  бауырың  Абу  Дарда  бұл 

уақытша дүниеден ешнəрсені қажет етпейді " - деген. Кейін Абу Дарда келіп бауыры Салманға 

тамақ ұсынып :" Алып отыр мен ораза тұтқан едім " - дейді. Сонда Саламан : 

 - Сен жемегенше мен де бұл тамақты ауыз тимеймін, - дейді. Ол сөзден соң Абу Дарда 

бауырымен қосылып тамақ жейді. Түн орнаған сəтте Абу Дарда Раббысы үшін артықша нəпіл 

намаз оқу үшін орнынан тұрады. Салман оған :"Үйықта" дейді. Жатады. Кейін біраз уақыттан 

соң  қайта  тұрып  ғибадатына  кіріспекші  болғанда,  тағы  да  "Ұйықта " - дейді.  Жатады.  Тан 

намазының уақыты жақындай бастаған сəтте Салман оған :" Ал енді тұр "- дейді.Сөйтіп,екеуі 

де,таһажжуд намазына тұрады. Одан соң Салман оған : 

 - Расында  сенде  нəпсіңнің  хақысы  бар,  Раббыңның  хақысы  бар,  қонағыңның  хақысы 

бар, жəне шынында əйеліңнің хақысы бар. Əрқайсысына өзінің хақысын бер "- дейді. Ол екеуі 

Пайғамбардың ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын ) алдына келген уақыттарында 

осы  жайында  хабарлайды.  Сонда  Пайғамбар(  ол  кісіге  Аллаһтың  игілігі  мен  сəлемі 

болсын ):"Салман тура айтқан екен "- деді.  

  Абдуллаһ  Ибн  Масғуд ( Аллаһ  одан  разы  болсын ) "Сіз  неге  нəпіл  оразаларды  аз 

тұтасыз?" - деп  сұралған.  Ол  кісі :" Ол  нəрсе  (яғни,нəпіл  оразалар)  мені  Құран  оқуымнан 

əурелеп қояды. Ал Құран оқу менің сүйікті ісім "- деген.  

  Сол  сияқты  Имам  Мəлікке: " Түнді  түгелімен  ғибадатпен  өткізу  туралы  не  дейсіз?" - 

дегенде, ол кісі ондай істі жақтырмайтынын білдірген. Жəне сөзінде :" Ол адам таң намазына  

шаршап  тұрады.  Аллаһтың  елшісінде  көптеген  көркем  үлгілер  бар.  Ісінде  сол  кісіге  ұқсауға 

тырыссын " - деген, кейін: " Сол ғибадаты таң намазына зарарын тигізбесе оқасы жоқ " - деп 

айтты. 


 

7

   



 

 Сөзді түйіндей келгенде, Əһлі сунна уал жамағат жолын ұстанушылар əрбір істе тепе - 

теңдікті  ұстаған  орта  қауым.  Олар    Аллаһтың  сипаттарына  байланысты  ұстанымда  Əһлі-

Тағтил


1

  мен  Əһлі-Тамсил

2

  ағымдары  сияқты  оңға-солға  ауытқымағандар.  Аллаһтың  істеріне 



байланысты  нанымда  Жабария 

мен  Қадария 



4

  қауымдарындай  шектен  шығып  немесе  түсіп 

кетпей орта жолды ұстағандар. Шариғатта келген уəде мен ескертулер  үкімінде Уағидия 

5

 мен  



Муржия 

топтарына ұқсап асыра сілтемей, тепе - тендікте болғандар. Олар тек дін істерінде 



ғана емес, дүние істерінде де орта жолды ұстағандар.  

  Аллаһтың  діні – шектен  шыққандар  мен  ол  дінге  немқұрайдылқ  жасағандарда 

болмайды. Аллаһтың діні – орта жолды, ақиқаттан ауытқымаған, əр істе тепе - теңдікті ұстай 

білгендерде болады.  

  Имам  Аш-Шатиби : " Шариғат адамға жүктейтін міндеттеріне қарай екі тараптың ең 

асыл ортасын алып жатқан жол. Ол жол адамнан тепе - теңдік пен ортақандылықты талап ете 

отырып,  өз  ішіне  пендені  машақатқа  немесе  немқұрайдылық  пен  жалқаулыққа  түсірмейтін 

істерді қамтиды " – деген. ( "Ал- Муафақат" , 2\163 – 168).

  

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет