Алматы қаласы Алатау ауданы «№182 жалпы білім беретін мектебі» кмм



бет1/10
Дата06.01.2022
өлшемі13,63 Mb.
#14015
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Алматы қаласы Алатау ауданы

«№ 182 жалпы білім беретін мектебі» КММ



2019-2020 оқу жылындағы тәлімгердің атқарған

жұмыстарының І-ші жарты жылдық

Есебі

Тәлімгер ұстаз: Дюсупова Анар Кадылбековна

Алматы қаласы

«№ 182 жалпы білім беретін мектебі» КММ

2019-2020 оқу жылының бірінші жартысындағы тәлімгер жұмысының есебі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жария­лауы – біз үшін қуантарлық жағдай. Мемлекет тарапынан жастарға ерекше назар аударылып, жағдай жасалғалы отырғандықтан, осы күнге дейін алған біліміміз бен тәжірибемізді 2019- 2020 оқу жылындағы жоспарланған барлық іс –шараларға белсене қатысуымыз, шығармашылық зерттеушілік тәжірибемізді елімізге арнауға дайынбыз. І жарты жылдықта алғашқы қоңырауды ҚР президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөзінен: "Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы оқушыларымыз бен студенттеріміз үшін жетістіктерге толы болсын. Цифрландыру заманындағы озық білім мен дағды – жастарымыздың жарқын келешегінің кепілі. Ұстаздардың игі қызметтеріне табыс тілеймін", - деп жазған салтанатты жиынында естіген құттықтауынан танып білдік. Дәстүрлі мерекенің ең басты қонақтары - 1 сыныпқа келген 159 оқушы мектеп табалдырғын аттады.

1-қыркүйек -Білім күніне арналған салтанатты жиынының жалғасы «Қазақстан - 2050 Стратегиясы : бір ел - бір халық - бір тағдыр» тақырыбында өткізілген сынып сағаттарымен ұласты. 9-11 сыныптарға тарих пәнінің мұғалімі Асанбекова Гүлмира Сағатқызы «Қазақстан -2050 стратегиясы бір – халық, бір –ел, бір-тағдыр» тақырыбында конференция өткізіп, «Қазақстан» телеарнасынан көрсетілді.

«Бақытың да,байлығың да денсаулық» атты іс-шара өтті. Спорттық іс-шараға 5 сыныптың оқушылары мен ата-аналары «Әкем , шешем және мен, күшіміз біздің кімнен кем!» атты тақырыппен отбасылық жарыстар өткізілді.

«Денсаулық күніне» өткен іс-шаралар жоспар бойынша өтіп, мектеп оқушылар мен ұстаздар түгел ат салысты.

Осы денсаулық апталық аясында төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылды«Өкпе ауруларының алдын-алу» диспансерінің дәрігері 9-11 сынып оқушыларына дәріс оқыды. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының дәрігер-валиологы Ысқақова Рақия Кеңесбекқызымен кездесу өткізілді. Кездесуде «Сыраның энергетикалық сусындардыңзияны» тақырыбында дәріс өткізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет